- Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу, тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық. Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды. Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді: 1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады. 2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін – сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |