Тарихты зерттеу мен оқытудың мәселелері



жүктеу 68,18 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі68,18 Kb.
#15229


Тарихты зерттеу мен оқытудың мәселелері 

 

 

Тарихты  оқыту  -  өзара  байланыста  және  үнемі  қозғалыста  болатын 

құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – 

оның  мазмұны  –  білім  беру  және  оны  игеруге  басшылық  жасау  – 

оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту 

процесіндегі  қозғалыс  оның  ішкі  қайшылықтарын  жою  барысында  іске 

асады.  Ол  қайшылықтар  жоспарластырылған  және  қолданылған  оқыту 

құралдары 

мен 


әдістерінің 

арасында 

пайда 

болады. 


     Тарихты  оқыту  процесінің  диалектикалығы  сияқты  әдістемені  оқып-

үйрену  де  үнемі  даму  үстінде  болады.  Тарихты  оқыту  әдістемесі  қоғам 

алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға 

қызмет 


жасайды. 

      Тарихты  оқыту  әдістемесі  тарих  ғылымдарымен  бірге  философия, 

әлеуметтану,  мәдениеттану,  педагогика,  психология,  дидактика  талаптары 

логика  сияқты  ғылым  салаларымен  тығыз  байланыста  дамиды.  Бұл 

салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені 

әдістеме  пәні  оларды  тарихты  оқыту  процесін  жетілдіру  мақсатында 

қорытып, жаңартып пайдаланады. 

Зерде  категориясы  мен  шежіре  айту  дәстүрі  ұлттық  тарихи  білімнің 

қалыптасуы  мен  дамуындағы  ең  басты  буын  болғанмен,  біз  жалпы  ұлттық 

тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстықғылымға дейінгі 

және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге 

дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз: 



1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады: 

а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі

б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі. 

Бұлардың  әрқайсысы  жеке-жеке  дәуірге  бөлінеді.  Осы  арада  тарихта 

айтылатын  тас  дәуірі  мен  алғашқы  қауымдық  құрылыс  аралығында 

қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. 

Осы  дәуірдегі  тарихи  білім  нышандары  табиғат  құпияларын  білуге  ұмтылу 

сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы 

сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2-

ші  дәуір  үлесіне  кіргіземіз.  Бұл  дәуірдегі  тарихи  білім  нышандары 

философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы-пайымдау арқылы мүмкін 

болады. 


2-ші  бағыт  (ғылымға  дейінгі  тарихи  білім)  үлкен  бір  кезең  (есеп 

бойынша  3-ші  кезең)  барысында  қалыптасқанмен,  бұл  кезең  3  дәуірге 

бөлінеді  (III-IV-V  дәуір).  3-ші  дәуір  қазақ  жеріне  арабтардың  келуінен  Ақ 

Орданың дүниеге  келуі  аралығын  қамтыса, ол  философиялық ұғымдағы дін 

арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші 

бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге 

еріксіз  бодан  болған  тұстағы  ұлттық  тарихи  білімнің  пайда  болуын 

философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші 

бағыт  ішіндегі 5-ші  дәуірдегі ұлттық  тарихи  білім, ұлт-азаттық  қозғалыстар 



арқылы  бой  көтеріп,  «зар-заман»  ақындары  арқылы  қазақ-демократ-

ағартушыларының  көзқарастарына  ұласса,  бұл  үрдіс  философиялық 

түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты. 

3-ші  бағыт(ғылыми-теориялық  тарихи  білім)  2  кезең  және,  2  дәуірге 

бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең (есеп бойынша 4-ші кезең), 6-шы кеңес дәуірі 

кезінде  саясат  арқылы  жүйелі  жолға  түсіп,  1935  жылдан  бастап 

идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5-

ші  соңғы  кезендегі  ұлттық  тарихи  білім  7-ші  тәуелсіздік  дәуірімен  бірге 

келіп, қайта жаңғырып отыр. 

Еліміз  тәуелсідік  алғаннан  кейін  1995  жылы  дүниеге  келген  «Қазақстан 

Республикасында  тарихи  сананы  қалыптастырудың  тұжырымдамасында» 

Қазақстандағы  тарихи  білімнің  іргелі  принцптері  айқындалып,  негізгі 

басымдықтары  анықталды.  Ақыры  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

Жарлығымен 1998 жылдың «Отандық тарих жылы» деп жариялануының өзі 

еліміздің  динамикалық  дамуына,  ұлтттық  мәдениеті  мен  руханиятының 

өсуіне, қазақ халқының сана сезімінің жандануына арқау болып, жалпы орта 

білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарды  шығаруға  жол 

ашып берді. 

Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет  және  денсаулық  сақтау 

министрлігінің  1998  жылғы  21  тамыздағы  №  465  бұйрығымен  бекітілген 

қоғамдық  гуманитарлық  пәндер  циклына  арналған  Қазақстан  Республикасы 

орта  білім  мемлекеттік  стандартының  бірінші  кітабында  тарихи  білімнің 

сипаты  былай  түсіндірілген:  «Қоғам  мүшелерін  қажетті  дәрежеде  тарихи 

білімммен  қаруландырмай,  оларда  тарихи  сананы  қалыптастырмай,  ешбір 

мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды». Бұл стандартта 

тарихи білім мазмұнын іріктеуде ұлттық деректердің басыңқы болуына көңіл 

бөлініп,  ғылымда  ұзақ  уақыт  бойы  үстемдік  еткен  Европацентрлік  ұстаным 

мен  коммунистік  идеологияның  солақай  саясаты  сыналды.  Бұның  өзі 

Тәуелсіздік  жағдайындағы  тарихи  білімнің  құрсаудан  шығуына  көмектесіп, 

оның ұлттық белгідегі өрісін кеңейте түсті. 

Ал 2002 жылы Қазақстан мектептеріне арналған жаңа стандарт бойынша 

мектепте  «Тарих»  пәнін  оқытудың  жалпылы  мақсаттары  ықшамдалып, 

отандық  тарихты  оқыту  арқылы  оқушыларға  бүкіл  адамзат  жасаған 

құндылықтар  мен  мәдени-тарихи  тәжірибенің  нәтижелерін  табыстап, 

меңгертудің  барысында  олардың  санасында  жүйелі  білім  негіздерін 

қалыптастырудың  жолдары  қарастырылған.  Стандартта  діннің  тарихтағы 

қызметін  дұрыс  түсіне  білуге  тәрбиелеу  міндеттері  көрсетіліп,  «Тарих»  оқу 

пәнінің  оқытатын  нысандары  нақтыланумен  бірге,  оның  таяудағы  даму 

болашағы айқындалған. Жаңа тарихи сана қалыптастыру ісіне Елбасы көңіл 

бөліп, бағыт-бағдардың кең болуын еске салды: «Бүгінгі таңда біз, әлеуметтік 

даму динамикасын ескермесек, өзгелердің даму қарқынына қарап отырмасақ, 

тарих шеруінің соңында шаң қағып қалуымыз әбден мүмкін».  

Н.Ә.  Назарбаевтің  бұл  сөзі  қазіргі  әлемдік  мәдениет  дамуының 

«Мәдениет – Білім – Тарих» болсын деген ұсынысымен де үндеседі. 



      Қазіргі  кезде  тарихты  оқытудың  мақсаттарын  айқындау  одан  әрі 

жалғасуда. 

Соған 

сәйкес 


мынадай 

міндеттерді 

атауға 

болады:  



-  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  құрметтейтін,  табиғаттың 

мәдениеттің  және  қоршаған  ортаның  байланыстарын  қорғау  қажеттілігін 

сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу

-  оқушыларды  қоғам  мен  адамзаттың  ежелгісімен,  бүгінімен  таныстырып, 

оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға 

бейімдеу; 

- қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру; 

-  тұлғаны  ұлттық  және  әлемдік  мәдениетке  кіріктіруге  бейімдеу; 

-  әр  түрлі  көзқарастар  жүйесін  есепке  ала  отырып,  оқушылардың  пікірлер 

мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік 

және демократиялық құндылықтарға бағыттау

-  тарихи  білімдер  мен  әдістерді  қолданып,  қоғамдық  ойдағы  жаңа 

мағлұматтарды  өз  позициясы  тұрғысынан  сын  көзімен  бағалап,  талдай  алу 

дағдысын қалыптастыру. 

Тарихты  оқытудың  негізгі  факторлары  оқу  процесінде  кешенді  түрде 

жүйемен  іске  асады.  Жүйе  дегенміз  -  өзара  әрекеттесіп,  тығыз  байланыста 

болып,  белгілі  біртұтастық,  бірлік  құрайтын  бөліктердің  жиынтығы.  Оқу 

факторларының  ішкі  тұтастық қасиеті оқыту  процесіне дұрыс  ықпал  жасап, 

оның  сапасының  жақсаруына  жол  ашады.  Мектепте  тарихты  оқытудың 

мазмұны  тарих  ғылымының  дамуы  барысында  өзгеріп  отырады.  Әдістеме 

отандық  және  жалпы  тарихтың  негізгі  оқиғалары,  фактілері  мен 

құбылыстарын 

таңдауға; 

теориялық 

жинақтау 

мен 


анықтамалар 

қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың 

мазмұны  мемлекеттік  стандарт,  бағдарлама,  оқулық  түрінде  көрініс  табады. 

Оқушылар  ол  мазмұнды  сыныптық,  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  оқу 

түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы 

меңгереді. 

3.  Әдістер  (әрекет  тәсілдері)  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  сөздік,  баспа-

қолжазбалық  (мәтінмен  жұмыс).  Көрнекі,  практикалық  деген  сияқты. 

Олардың  мәні  қалай  оқыту  керек  деген  сұраққа  жауап  беріп,  мұғалім  мен 

оқушының  бойында  екі  жақтық  әрекетін  айқындайды.  Жақсы  жолға 

қойылған  оқытудың  әдістемесі  оқушылардың  бойында  тарихи  білім  мен 

танымдық  дағдыларды,  ғылыми  көзқарас  пен  сенімді  қалыптастырып, 

дамытуда тиімді нәтиже береді. 

Әдіс,  тәсілдар  мен  оқытудың  түрлері  (жалпысыныптық,  топтық, 

дербес),  сабақ  типтері  (қайталау-жинақтау,  семинар,  зертханалық,  саяхат-

сабақ),  сабақ  үстінде  мұғалім  әрекеті  мен  оқушының  оқу  құралдары  тығыз 

байланысты.  Оқу  жұмысының  құралдарына  оқу  процесін  қамтамасыз  етуге 

керекті  оқулық,  жұмыс  дәптері,  тарихи  карта,  оқу  картиналары,  диафильм 

т.б. сияқты заттарды жатқызамыз. Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту 

әдістемесінің  ұйымдастырылуы  және  оқушылардың  тарымдық  қызметі 

формаларының  біртұтастығы  негізінде  оқушылар  оқыту  мақсатына  қол 

жеткізеді. 




4.  Оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктері  оқушының  жасына  және  соған 

сәйкес  тарихи  білім  мен  дағдыны  игеру  деңгейіне  тікелей  байланысты. 

Тарихи  танымға  ұмтылуға  күш  жұмсау  тұлғаның  ойлауын,  қиялын,  ерік-

жігерін  және  сезімдік  қасиеттерін  дамытуға  айтарлықтай  ықпал  жасайды. 

Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті 

дамиды. 


5.  Оқыту  нәтежиелері  алға  қойған  мақсаттарды  іске  асырумен  тікелей 

байланысты.  Ол  оқушылардың  қол  жеткізген  білім  мен  дағдысының, 

олардың  интеллектуалдық,  эмоциялық  және  ерік-жігерінің  деңгейін 

танытады.  Білімін  дәләлдеу  және  негіздеу,  ең  бастыны  бөліп  алу,  себеп-

салдарлы  байланыстарды  анықтап,  қалыптасқан  мәселені  шешуде  қажетті 

білімді қолдана алудан көрінеді. 

 Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді:  

1)  5-11  сыныптардағы  бір  сабақта, бір тақырыптағы  бірнеше  сабақта  немесе 

бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім;  

2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы;  

3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу;  

4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту.  

       Осылайша  оқыту  нәтежиелері  алға  қойған  мақсаттың  орындалғанын 

немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады. 

Соңғы  жылдары  білім  сапасы  тест  көмегімен  бағалануда.  Оның  есесіне 

оқушылардың  алған  білімдерінің  практикалық  қызметте  қолдану  қабілетін 

бағалайтын  тапсырмалар  аз  қолдануда.  Тарих  сабақтарында  мұндай 

тапсырмалар  қарапайым  дерек  көздері  және  құжаттарды  зерттейтін 

зертханалық  сабақтар  жүргізумен  тікелей  байланысты.  Оқушылар  сабақтан 

бос  уақытында  мұражай  мен  мұрағаттағы  жұмыстары  негізінде  баяндама, 

реферат,  ғылыми  мақала  дайындауы  да  тарихи  білімін  бағалаудың  өлшемі 

болуы тиіс. 

Әлемдік  талғамдарға  сай  қимылдау  үшіін  тарих  емес  мамандықтарда 

Отан  тарихын  оқытуға  қойылатын  талаптар  мен  оқытудың  ерекшеліктері 

қазірдің  өзінде  байқалып  отырған  жас  ұрпақ  сана-сезіміндегі  түрлі 

қауіптермен  байланысты.  Кеңес  дәуірінде  жоғарғы  мектепте  өзінің  ұлттық 

тарихын  білуге  орын  жоқ  болды.  Осыған  орай  ақылды  балалардың  көбі 

өзінің  рухына  жетімсіздігінен  бүгінгі  тәуелсіздік  заманның  салмағын 

көтеруге  дәрменсіз  болып  шықты.  Себебі  ауыл  жастарына  нарық  әкелген 

объективтік  себептер  туындатқан  бүгінгі  көңіл-күй  олардың  арасынан 

қылмыскерлер  мен  бұзақыларды  көптеп  шығаруда.  Ең  өкініштісі,  өз 

халқының  тілін  білмейтін,  тіпті  оны  ерсі  көріп,  жат  санайтын,  сөйтіп  басқа 

тілдің  жетегіне  еріп,  санасында  басқа  түсінік  қалыптастырып,  ұлттық 

намысын  жоғалтатын  тәрбие  жолына  түсе  бастаған  жаңа  буынның  әкімшіл 

тобы  бәрінен  де  қауіпті.  Демек,  бұл,  мемлекеттік  дәрежеде  ойланып, 

жастарды,  әсіресе  ауыл  жастарын,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  арнайы  заң 

жобаларын әзірлеп, халық талдауына беруді қажет ететін күрделі мәселе. 

Мектеп  жасындағы  Қазақстан  жастарын  Отанға  берілген  нағыз  патриот 

етіп тәрбиелеудің бір жолы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ұлттық 



тарихи  білімді  жан-жақты  меңгеруі  арқылы  шешіледі.  Ал  бастауыш 

сыныптағы  тарихтан  бастапқы  түсінік  беретін  «Ана  тілі»,  «Дүниетану» 

пәндердің  мазмұнына  ұлттық  тарихқа  қатысты  материалдарды  молынан 

ендіру  мен  оларды  оқыту  әдістемесінің  жасалуы  тарихшы  ғалымдардың 

қамқорлығына  алынса,  баланы  тарихпен  тәрбиелеудің  тағы  бір  жолы 

ашылған болар еді.  

Отан  –  адамның  туып  өскен  жері,  елі,  мекені.  Адамның  азамат  болып 

қалыптасуы,  өмірі Отанына  қызмет  етумен  байланысты.  Біздің  Отанымыз  – 

Қазақстан  Республикасы.  Ондағы  әрбір  адам  осында  мекендейтін  халықтар 

мен  ұлтын  сүйе  білсе,  бұл  Отаншылдық  болып  табылады.  Отан  сөзі  «отар» 

ұғымының қырларын әшкерелеген сайын қасиеттеле түседі. Отан жөнінде ой 

тапшылығында  Отандық  тарихи  білімді  объективті  қалыптастыру  ерекше 

маңызға ие болуда.  

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақтың  ұлт  зиялылары  оқытудың  жаңа  әдіс-

тәсілдеріне,  жастардың  жаңа  бағдарламалар  арқылы  білім  алуына,  ғылыми 

дидактикалық  қағидаларға  бай  оқулықтар  жазуға  ерекше назар  аударды.  М. 

Дулатов  «балалардың  оқыған  нәрселерін  бір-біріне  байланыстырып 

ойлануына, оқып шыққанын кейін жадында жүйелі һәм толық мағынасымен 

қалдыруға әрекет ету керек»десе, М. Жұмабаев оқу әдістемелік мәселелерге 

ерекше  назар  аудара  келе  «оқу  құралдарының  мінезі  –  мектеп  мінезінің 

айнасы» – деп ұлттық оқулықтар теориясына көңіл аударды. Ұлт зиялылары 

қандай  пәндерге  арналған  оқулық  болмасын,  ол  тек  ғылыми  мағлұмат  қана 

беріп  қоймай,  шәкірт  бойында  елге,  жерге,  ұлттық  салт-дәстүрмен  отандық 

ғылыми жетістіктерге дейін сүйіспеншілік сенімін қалыптастыруға негізделу 

қажет деп көрсетті. 

Ұлтты  сүю  –  ұлтшылдық  емес  (Бауыржан  Момышұлы).  Сондықтан 

ұлтжанды адам – өз ұлтының тегі мен тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, 

ділін, тілі мен дінін ардақтап, өмірінің соңына дейін қастерлей білетін адам. 

Бұның  бәрі,  негізінен,  адамға  ұлттық  тарихи  білім  арқылы  қалыптасатын 

құндылық болып табылады. 

XXI ғасырдағыәлемдегі жоғары білімнің жаңа, ізгілікті міндеттерінің бірі 

– үздіксіз зерттеу арқылы тарихи білімді жетілдіру болса, оған ұлттық және 

аймақтық мәдениетті дамыту жолдарымен жетеміз. Бүгінде БҰҰ, ТҮРКСОЙ, 

ЮНЕСКО  сияқты  халықаралық  ұйымдардың  ұсынып  отырған  тиімді  тәсілі 

де  осы.  Қазақстан  Республикасы  оның  маңыздылығына  ерекше  мән  беріп, 

«Қазақстан – 2030» даму стратегиясында атап көрсеткендей, мәдениетті жете 

бағаламау  –  өркениетті  былай  қойғанда,  азаматтық  қақтығыстарға  қарай 

жетелейді  –  деп  көрсетіп,  өз  Конституциясында  азаматтарды  мәдени 

мұраларды  сақтауға  қамқорлық  жасауға  міндеттеді.  Егер  тарихи  білімді 

мәдениеттің  бір  бөлшегі  деп  қарасақ,  мұндай  шаралар  Қазақстан 

Республикасы тарапынан тарихи білімнің әлемдік рөлімен санасудың белгісі 

болып табылады. 

Білім  –  философиялық  ұғым.  Ал  тарихи  білім  –  тарихтың  тарихилығы, 

тарихи  ойлау,  тарихтану  деп  бөлінетін  тарих  ғылымының  бір  тармағы.  Бұл 




мәселе  -  әлі  күнге  тақырып  жағынан  да,  проблема  жағынан  да  теориялық 

тұрғыдан Қазақстан тарихнамасында арнайы зерттелмеген жаңа құбылыс.  

Қорыта  келгенде  тарихи  білімді  шынайы  дамыту  арқылы  ғана  бүкіл  ел 

экономикасын  тұрақты  жылжытуға  қуатты  қарқын  қосамыз.  Мұның  өзі 

бәсекеге  қабілетті  дамыған  елу  елдің  қатарына  таяу  жылдарда-ақ  қосылуға 

жол ашады. Сонымен бірге, төл тарихты білудің арқауында қазақ халқының 

тағдыры,  оның  өсіп-өркендеуі,  ұлт  ретінде  жойылып  кетпей,  ел  ретінде 

қалып, тәуелсіздікті сақтап қалудағы асыл мұраттары жатыр. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан 

Республикасында 

тарихи 


сана 

қалыптастырудың 

тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 1995. – 30 маусым. 

2.  Алдамжаров  З.А.  Тарих:  пайымдау  мен  тағылым.  –  Алматы:  Арыс, 

2002. – 288 б.  

3.  Берлібаев.Е.Т.  Қазақ  тарихы  және  кеңестік  саясат  //  Қазақ  тарихы.  – 

2003. – № 3. – 36-40-бб. 

4.  Берлібаев.Е.Т.  Төл  тарихын  оқытуда  ұлттық  және  аймақтық 

мәдениетті  дамыту  жолдарын  іздестіру  //  Современность:  мир  мнений 

философский альманах. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002. – № 2(8). – 

86-90-бб. 

 

Әбікенов Жарқынбек-Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, аға оқытушы



 

 

жүктеу 68,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау