«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 208 Kb.
бет1/2
Дата09.11.2018
өлшемі208 Kb.
#18728
түріРегламент
  1   2


Алматы қаласы әкімдігінің
2018 жылғы « 18 » сәуірдегі

2/154 қаулысына 10 қосымша


Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына 14 қосымша

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:



  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

  2. көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің талонын береді, өтінішті тіркейді және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындайды, тиісті бұрыштаманы қояды және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды 1 (бір) күн ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге береді;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады, тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды және өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдайды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлары журналына тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;

7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қарауға береді;

8) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;

9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның қарауына үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін құжаттар топтамасын жолдайды;

10) азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және 1 (бір) жұмыс

күні ішінде үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, содан кейін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссия үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;

12) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хабарламаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;

13) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) құжаттарды тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3) әлеуметтік қызметкерге құжаттарды беру;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды;

5) құжаттарды, қорытындыны көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;

6) тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына беру;

7) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына жіберу;

8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жіберу;

9) азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның қарауынаүйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін құжаттарды жолдау;

10) шешім қабылдау;

11) хабарламаны дайындау;

12) хабарламаға қол қою;



үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

6) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

8) көрсетілетін қызметті берушінің азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссиясы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің талонын береді, өтінішті тіркейді және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындайды, тиісті бұрыштамасын қояды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына орындауға береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды 1 (бір) күн ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге береді;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне

барып, тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасайды және өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдайды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлары журналына тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;

7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына береді;

8) көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;

9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін құжаттар топтамасын жолдайды;

10) азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссия үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;

12) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хабарламаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне береді;

13) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті берушіден құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі)

жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға үйде күтім көрсету

жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті беруші мамандарының өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

  1. көрсетілетін қызметті алушы өтінішті және Стандарттың 9тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға өткізеді, Мемлекеттік корпорацияның маманы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөліміне жолдайды;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына жібереді;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттарымен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманына береді;

  4. көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерге құжаттарды береді;

  5. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер 5 (бес) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілік туралы қорытынды шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманына береді;

  6. көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге

қажеттілік туралы қорытындыны жолдау хатпен бірге үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы жолдау хат пен құжаттар келіп түскен күні кіріс хат-хабарлары журналына тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға береді;

  2. көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік көрсету

мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысына қабылданған құжаттарды береді;

  1. көрсетілетін қызметті берушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімінің басшысы құжаттарды алған күні қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияға құжаттар топтамасын жолдайды;

  3. азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссия келіп түскен құжаттар топтамасын қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттар топтамасын жолдайды;

  4. көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссия үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу жөніндегі комиссияның шешімі туралы хабарламаны дайындап, көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюға береді;

  5. көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне азаматтарды үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдау бойынша комиссияның шешімі туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары хабарламаға қол қойған күні құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне жолдайтын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хабарламаны береді;

  6. көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты маманы көрсетілетін қызметті алушының қол қойылған құжаттарын тіркейді және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді;

  7. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің

сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызметті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсету қарастырылмаған.
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

AutoShape 1312


Скругленный прямоугольник 1315Скругленный прямоугольник 1313
жүктеу 208 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау