Ата-аналармен жұмыс келесі кезеңдерді ұстана отырып, құрылуы тиіс:
-ата-аналармен жұмыстың мазмұнын және түрлерін ойластыру, олардың қажеттіліктерін зерделеу мақсатында жедел-сауалнама жүргізу, алынған мәліметтерді әрі қарай жұмыста қолдану;
-тәрбиешілер мен ата-аналар арасында келешекте іскерлік ынтымақтастықты қалыптастыруда мейірімділік қарым-қатынасты орнату, ата-аналарды олармен өткізілетін жұмысқа қызықтыру, оларда балалардың жағымды бейнесін қалыптастыру;
-ата-аналарда өз баласының неғұрлым толық бейнесін қалыптастыру және олар үшін күтпеген және қызықты болып табылатын, отбасында алуға мүмкін емес білімдерді, ақпараттарды хабарлама арқылы дұрыс қабылдау. Бұл баланың құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, оның еңбекке қатынасы, өнімді іс-әрекет түрлеріндегі жетістіктері туралы ақпарат болуы мүмкін;
-бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен танысу кезеңінде тәрбиешілер ата-аналармен белсенді диалог жүргізеді, мұнда баланың жағымсыз мінез-құлықтары, қорқынышы, қиындықтары туралы айтылады;
-ересектермен бірлескен зерттеу және баланың тұлғасын қалыптастыру кезеңінде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және ынтымақтастықтың түрлері таңдалады.
Қазіргі уақытта барлық жас топтарында ата-аналарды педагогикалық ағартудың әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады:
- көрнекі насихаттау;
- on-lainбақылаулар;
- отбасына бару;
- консультациялық пункттер;
- ата-аналар жиналысы;
- әңгімелесулер мен кеңестер;
- ата-аналар конференциясы;
- ауызша журналдар;
- сауалнама;
- ашық есік күндері;
- дөңгелек үстелдер;
- бірлескен сауық-кештер;
- іскерлік ойындарды ұйымдастыру және т.б.
Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс тәсілдері әралуан: бейнелі сөз, тәрбиелік жұмысты көрсету. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жеке және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен жұмыстың ұжымдық түрлері- ата-аналар жиналысы, шағын-жиналыстар, педагогикалық консилиумдер, ата-аналар конференциясы, тренингтер, сұрақ - жауап кеші сайыстары, «Ата-аналар университеті».
Отбасы мен балабақшаның өзара әрекеттестігінің маңызды формасының бірі әр ата-анамен жеке жұмыс болып табылады- бұл тәрбиешінің ата-аналармен әңгімелесуі, отбасына бару, кеңестер, жеке блокноттар. Мұндай жұмыстың тиімділігі отбасының ерекшелігін зерделеу, ата-аналармен әңгімелесу, ата-аналардың балаларымен топтағы және үйдегі қарым-қатынасын бақылау, тәрбиешілердің баламен бірлескен өзара әрекетінің нақты жолдарын көрсетуі болып табылады..
Тәрбиешінің ата-аналармен өзара әрекетінің маңызды рөлін көрнекі насихаттау алады- бұл ата-аналарға арналған бұрыштар, көрмелер, ақпараттық парақшалар, on-lainбақылаулар, ата-аналарға арналған жаднамалар, ақпараттық жылжымалы-папкалар.
Көрнекі құралдарды мақсатты және жүйелі қолдану ата-аналарды балабақшадағы тәрбие әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен таныстыруда, баланы тәрбиелеу мен оқытуда отбасына практикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |