Құжаттама тәртібі Қт-смж-003. 3-2022



жүктеу 40,36 Kb.
Дата18.04.2023
өлшемі40,36 Kb.
#42199
түріСабақ
Темперамент




ВЫСШИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
"ИНТЕРДЕНТ"

Құжаттама тәртібі
ҚТ-СМЖ-003.3-2022
Әдістемелік жоспар

Страница из




«Бекітемін»
әдіскер _______Уали А.Ғ.
«___» _________________2022ж.
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАР
Пәні: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
Тақырыбы: «Мінез, темперамент акцентуацияларын анықтаудың диагностикалық әдістері»
Мамандығы: «Мейірбике ісі»
Курс: 2
Семестр: 3
Топ:209, 211

Құрастырған: оқытушы Қалкен А.Ж.

«Қаралды және ұсынылды»


«ЦӘК» отырысында
хаттама № _____
«___» ___________ 2022ж.

ЦӘК меңгерушісі ______

Алматы, 2022 ж



Пән

Психология негіздері және коммуникативті дағдылар

Оқытушы

Қалкен Айғаным Жұмақадырқызы

Топ

209, 211

Сабақ түрі

Тәжірибелік сабақ

Тақырып

« «Мінез, темперамент акцентуацияларын анықтаудың диагностикалық әдістері»



Мақсаты

Білім алушыларды науқас адамдармен жұмыс істеу барысында темперамент типіне байланысты диагностика жасай алуға үйрету.

Құзыреттілікті қалыптастыру міндеті

Ақпараттық



Коммуникативтік



Мәселені шешу



Білім беруде оқыту, оқыту процесі, оқыту қызметтерін біледі.



Ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамытуда бар мүмкіндігін пайдалануға үйрету.



Топтық,жұптық жұмыс барысында берілген тапсырмаларды ынтымақтастыққа орындау .



Сабақта қолданылатын жұмыстың түрі

Аралас

Сабақта қолданылатын жұмыстың әдіс-тәсілдері

Сыни тұрғысынан ойлау, проблемалық оқыту, ынтымақтастық оқыту, сұрақ.

АКТ құралдарын қолдану өзектілігі

Студенттердің мәліметті тереңірек түсінуіне, ойын тиянақты жеткізуіне, уақытты тиімді пайдалануға және қосымша ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

АКТ құралдарын қолданудың түрлері(жан жақты, СД, интернет ресурстары)

  1. Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999

  2. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. 1-том. Мәдени-тарихи тұжырымдама. Алматы, 2005Ж.Әбиев, С.Бабаев,

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Ростов-на-Дону, 2002.Колесников В.Н.




Қажетті ақпараттық және бағдарламалық құралдар(жергілікті желі,интернетке шығу,мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)

Бағдарламалық құралдар, оқулық.



Ұйымдастыру кезеңі


Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты бекіту


Деңгейлік тапсырмалар


Қорытынды
Үй тапсырмасы
Бағалау


Рефлексия

  • Сәлемдесу

  • Студенттерді түгендеу

  • Психологиялық дайындық

  • Өтілген материалдарды еске түсіру

  • Сабақтың жоспары және кезеңдерімен таныстыру


  • Студенттер берілген тапсырманы топтық қорғайды.

  • Негізгі ұғымдарға түсінік беру.

Темперамент акцентуацияларын анықтау
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Ол темпераменттердің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсеМәселен, нерв жүйесі күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің өкілдері. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Нерв қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығы. Нерв қызметінің типі адаммен бірге туады және оның түгелдей өзгеріске ұшырауы неғайбыл. Дегенмен И. П. Павлов нерв қызметі типтерінің жекеленген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мәселен, козу процесі тежелуінен басым, күшті ұстамсыз тип машықтанып, жаттығу арқылы езінің тежелу процесі күшін біршама арттырып, оны қозу процесімен теңестіргені байқалған. Осыдан И.П. Павлов күшті қозғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу процесінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады,- деген қорытындыға келеді. Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалып, өз сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Көтеріңкі көңілді, көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді. Бір сөзбен айтқанда ұстамсыз, құйындай адам. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Іска зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді. тап болғанда суынып қалады. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір береумен ерегесіп қалса, біраздан кейін ашуы тез тарап кетеді. Көңіл күйі тез 3 өзгергіш, ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады. Меланхолик темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады. Қозу және тежелу процестерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер - меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады, Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, сондықтан да ол ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында
меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Егер сангвиниктің шнрақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады. Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңіл-күйінің ұйытқымалылығы, ұстамсыз-тұраксыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты болуы жағымды болса, қимыл-қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхолик адамның көңілінің тұракты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен-өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынаусы жақсы, мынаусы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Бірде темпераменттері әр түрлі төрт дос театрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған?Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі өз орнына барып отыруға әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, деп салғыласып, билет тексерушіні итермелей бастайды. Сангвиник партерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқа көтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді. Флегматик залға жібермейтінін көріп: "Алғашқы көрініс онша қызық болмады, буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді. Меланхолик "Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрға келген едім, ол да сәтсіз болды"-, дейді де үйіне кетіп қалады. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеу қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі), мінез- құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.


  1. Темперамент түрлеріне түсінік беріп,түрлерін атаңыздар.

А-тапсырма. Темперамент түрлері және оның науқас адамдармен жұмыс жасау кезіндегі ескеретін ерекшеліктеріне талда жасаңыз.

1.Экстраверт

2.Интроверт







В- тапсырма.
Науқас қандай тип темпераментіне жататынын қалай диагностика жасайсыз?
Бекіту барысында студенттердің түсінігінің қалыптасу деңгейіне орай толықтырып, түйін шығару.

1.Лекцияның конспектісімен танысып,оны әртүрлі авторлардың екі-үш оқулықтарынан алынған материалдармен толықтырыңыз.


2.Тақырып бойынша ақпарат жинап, топтық қорғау.
Студенттер білімін бағалау.

Өз іс-әрекеттерін бағалау.



жүктеу 40,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау