«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Бөлімше
«Жасушалық биология. Молекулалық биология.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні __________________________________________БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады. ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларында критерий мен дескриптор көрсетіледі. Критерий — баланың берілген материалды қандай шарттарға негіздеп орындағанын, меңгеруі керек екенін белгілейтін көрсеткіш. Ал дескриптор — тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Мысалы, тапсырма бойынша бала гүлдің суретін салуы керек. Оған мынадай критерий қойылуы мүмкін: тамырын, сабағынының суретін салу, гүл күлтелері домалақ формада болуы керек, кейін гүлді бояу қажет. Бала сол критерийге сүйене отырып, тапсырманы орындайды. Ал мұғалім әр шарттың орындалуына қарай бағалап отырады. Мысалы, гүл тамырын салғаны үшін 2 балл, күлтесін бейнелегені үшін 2 балл деген сияқты. Осы әдіс арқылы оқушы мен ата-ана қай тапсырма үшін қанша балл алғанын нақты біліп отырады. Меніңше, бұл — тиімді тәсіл. Мұғалім баланың әр тақырыпты қаншалық меңгергенін қадағалай алады. Ал оқушы тапсырманы терең зерттеп, өз бетімен іздене бастайды, логикасы дамиды. Теория тапсырмаларын түрлі жағдаймен байланыстыруды үйренеді, — дейді Майра Ауесбаева. Педагогтың айтуынша, алғашқыда Білім және ғылым министрлігінен БЖБ және ТЖБ бойынша дайын сұрақтар берілген. Дегенмен ол тапсырмалар ашық дереккөзге жарияланып, оқушылар интернеттен жауабын көшіруді әдетке айналдырған. Сол себепті қазір әр мұғалім дәріс беретін пәні бойынша БЖБ және ТЖБ сұрақтарын өзі құрастырады. Оқушылардың тапсырма жауабын интернеттен көшіретінін байқаған министрлік мұғалімдерге өз бетінше тапсырма дайындау туралы ұсыныс білдірді. Меніңше, бұл дұрыс шешім болды. Себебі әр баланың деңгейін оның мұғалімінен жақсы ешкім білмейді. Әр пән оқытушысы әр класс оқушыларының сыни ойлау қабілетіне, біліміне, дағдысына қарай сұрақтар дайындайды, — дейді мұғалім. Дегенмен Майра Ауесбаева жаңа мазмұндағы бағалау жүйесінің артықышылығымен қоса бірнеше кем тұсы бар екенін де атап өтті. Оның айтуынша, кей баланың білімі әділ бағаланбайды. Ал электрон форматқа көшкен мұғалімдер жұмысы қайта қағазбастылыққа ауыса ма деп алаңдайды. Кей оқушы сабаққа қатыспайды, тапсырманы орындамайды. Бірақ БЖБ мен ТЖБ кезінде жоғары балл алады. Ал тоқсан бойы белсенді қатысқан бала екі бақылау жұмысынан төмен баға алып қалып жатады. Мұндай кезде оқушыға әділ баға қою қиын. Сол себепті біз БЖБ мен ТЖБ-ға дейін оқушыны дұрыс бағалауға тырысамыз. Екінші мәселе — қағазбастылық. Офлайн сабақ кезінде БЖБ мен ТЖБ тапсырмасын А4 параққа шығару керек. Бір класта 20 бала бар десек, 40 парақ тапсырма дайындаймыз. Сонымен бірге мұғалім бір класқа ғана сабақ бермейтінін ескеріңіз. Осы кезде мұғалімдер қайтадан қағаз астына көміле ме деп уайымдайсың, — дейді мұғалім. жүктеу 125,39 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |