23
Халықаралық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, жастармен жұмыс
сапасын арттыруды мемлекеттік деңгейге көтеріп, жүйелі түрде әдістемелік
сүйемелдеу мен тұрақты түрде біліктілікті арттыру арқылы қолдау керек.
Мысалы, Ұлыбританияда осы қызметпен арнайы құрылған Жастар істері
жөніндегі ұлттық агенттік, Эстонияда – Эстониялық жастармен жұмыс
орталығы, Түркияда – Жастар мен спорт істері жөніндегі министрліктің
Жастар қызметі басқармасы айналысады. Еуропалық деңгейде Еуропалық
Кеңестің Жастар мен спорт істері директораты жанында жастармен жұмыс
жүргізу аспектілеріне арнайы зерттеулер жүргізумен және жастар
қызметкерлері мен көшбасшыларының құзыреттіліктерін арттырумен
айналысатын Еуропалық жастар орталықтары Страсбургте және Будапештте
жұмыс жасап жатыр.
Осыған байланысты, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі–
«Жастар» ҒЗО) жастар саясаты саласының уәкілетті органымен бірлесе
отырып,
ЖРО-ның
қызметін
қоса
алғанда,
жастармен
жұмысты
ұйымдастыруға зерттеушілік, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда қолдау
жүргізеді.
Тұрақты негізде жастармен жұмыс жүргізуге республикалық деңгейде
әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету мақсатында «Жастар»
ҒЗО-ның құрылымында Үйлестіру және аймақтық даму басқармасы (бұдан әрі
– ҮАДБ) жұмыс жасайды. ҮАДБ-ның негізгі мақсаты – мемлекеттік жастар
саясаты аясында жастармен жұмыс саласын дамыту.
ҮАДБ-ның негізгі функциялары:
1) жастармен жұмыс жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету және
жетілдіру;
2) жастармен жұмыс бойынша халықаралық және шетелдік
тәжірибелерді зерттеу;
3) жастармен жұмыс бойынша отандық жағымды тәжірибені жинақтау
және тарату;
4) ЖРО, жастар ұйымдары және жастардың өзін-өзі басқару органдары
жастармен жұмыс жөніндегі мамандарының сертификатталған оқудан өтуін
және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру;
5) мүдделі тараптарға жастармен жұмыс қағидалары мен тәсілдері
бойынша консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету;
6) жастармен жасалатын жұмысқа мониторинг жасау және бағалау;
7) жастармен жұмысты ұйымдастыру саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты дамытуға қатысу.
ҮАДБ қызметінің мақсатты аудиториясы:
1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандар;
2) ЖРО, жастар ұйымдары және жастардың өзін-өзі басқару органдары;
3) жастар;
4) кең жұртшылық (басқа да мүдделі сала өкілдерін, саясаткерлерді,
жұмыс берушілерді, ата-аналарды және т. б. қоса алғанда).
Барлық деңгейдегі ЖРО қызметтерін республикалық деңгейде
үйлестіру мақсатында «Жастар» ҒЗО жанында ЖРО-н дамыту жөніндегі
Үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды. Кеңестің құрамына өңірлік жастар
ресурстық орталықтарының (облыстық, Астана, Алматы ққ.) және жастармен
24
жұмыс саласының сарапшылары кіреді. Кеңестің ережесі мен құрамын
«Жастар» ҒЗО-ның директоры бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың «9» желтоқсанындағы
№983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға
дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа бағдар» Тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс шаралар жоспарының (екінші кезең) 70-тармағына сай «Жастар»
ҒЗО жастар саясаты субъектілерінің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында
Жастар саясаты мектебінің жұмысын жүргізеді. Жастар саясаты мектебі
аясында ЖРО-ның, жастар ұйымдарының және жастардың өзін-өзі басқару
органдарының жетекшілері мен мамандарына сертификатталған семинарлар,
тренингтер, біліктілікті арттыру курстары мен вебинарлар өткізіледі.
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың сертификатталған оқудан
өтуі мен біліктіліктерін арттырудың жүйелі түрде іске асырылуын
қамтамасыз ету мақсатында Жастармен жұмыс жөніндегі тренерлердің
ұлттық пулы (әрі қарай мәтін бойынша – ҰТП) жұмыс жасайды. ҰТП –
«Жастар» ҒЗО жанында қызмет ететін және жастар саясаты шеңберінде білім
беру үдерісін ұйымдастырумен айналысатын жастармен жұмыс жөніндегі
сертификатталған тренерлер қауымдастығы. ҰТП-ның құрамына жастармен
жұмыс жөніндегі сертификатталған, тренинг өткізу тәжірибелері, жастарға
арналған
оқыту
бағдарламаларын
дайындау
дағдылары
бар,
коммуникативтік дағдыларды меңгерген және жастар саясаты саласында
тәжірибесі бар тренерлер кіреді. ҰТП-ның құрамы жыл сайын жаңартылуы
мүмкін.
25
1-қосымша
Құралда қолданылатын ұғымдар
Жастар - 14 пен 29 жас аралығындағы тұлғалар.
Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және
жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.
Жастар бағдарламасы (жоба) – жастардың әлеуметтік және тұлғалық
дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер
көрсетілген жастар ұйымдары, ЖРО және жастардың өзін-өзі басқару
органдары атқаратын шаралардың жүйелі кешені. Жастар бағдарламасының
ұзақтығы бір жылдан артық, ал жастар жобасының ұзақтығы бір жылдан кем.
Жастардың қатысуы – жастардың қоғамдық үдерістерге белсенді
немесе белсенді емес түрде араласуы және олардың қоғамда қабылданатын
шешімдерге ықпалдары. Белсенді қатысу – жастар шешімдерді өздері
қабылдайды және ұсынады, белсенді емес қатысу – жастар қоғам ұсынатын
шараларға қатысады.
Тұлғалық даму – ішкі үрдістер мен сыртқы ықпалдар салдарынан
тұлғаның жағымды өзгеруі.
Әлеуметтендіру (латын тілінен алғанда socialis – қоғамдық) – жас
адамның білім алуы, қоғамдағы толыққанды өмірі үшін қажетті дағдыларды
меңгеруі және құндылықтарды игеруі.
Әлеуметтік интеграция (латын тілінен алғанда integratio – қалпына
келтіру, толықтыру, integer – тұтас, бүтін) – жастарды қоғамдық қарым-
қатынастарға араластыру арқылы қоғам өміріне енгізу.
Қоғам – бұл адамдардың белгілі аумақта тарихи қалыптасқан қарым-
қатынастары мен өмір сүру түрлерінің жүйесі.
Жергілікті қауымдастық (бірлескен қоғам) – бұл географиялық,
әкімшілік және әлеуметтік шекаралар мен жеткілікті дамыған экономикалық
сабақтастық арқылы біріккен адамдар тобы.
Бейресми білім – жастардың білімдері мен дағдыларын дамытуға
бағытталған, ресми білім беру жүйесінен (мектептер, колледждер мен
университеттер) тыс іске асырылатын ұйымдастырылған және жүйелі
шаралар.
Тиімділік көрсеткіштері – ұйым қызметінің стратегиялық және
операциялық мақсаттарына жетуіне ықпалдасатын көрсеткіштер. Тиімділік
көрсеткіштерін пайдалану ұйымдарға өздерінің жағдайларын бағалауға және
қабылданған шараларға баға беруге көмектеседі.
Сертификатталған
оқыту
–
жастармен
жұмыс
жөніндегі
мамандандардың қосымша білім алудағы, дағдыларды игерудегі және
құндылықтарды қалыптастырудағы білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған
оқыту
шарасы,
ұзақтығы
кемінде
5
жұмыс
күні.
Сертификатталған оқытуды «Жастар» ҒЗО немесе жастармен жұмыс жөніндегі
мамандардың кәсіби қауымдастықтары жүргізе алады.