31
қалыптастыруға бағытталған жастармен атқарылатын жұмыстар қамтылған.
Бұл модель бойынша жетістіктердің бірі ретінде Дания халқының 20%
астамының
жергілікті
немесе
ұлттық
еріктілер
ұйымдарының
басқармаларына енетіндігін айтуға болады.
Жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істеу (community work)
Шотландияда кеңінен таралған. Бұл қоршағандарға қатысты жауапкершілікті
сезінуге баулиды және азаматтардың демократиялық институттардың
жергілікті деңгейде дамуына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай
қатысуға жергілікті саясаткерлердің қоғамда өмір сүру сапасын жақсартуға
бағытталған бағдарламаларды әзірлеу барысында диалог құруын жатқызуға
болады, жергілікті газет және т. б. шығарылады. Жастармен жұмыс олардың
қоғам өміріне араласуын жандандыруға және ынталандыруға бағытталған.
Анимация бейресми білім берудің ерекше нысаны ретінде Франция мен
Италияда жақсы дамыған. Анимациялық форматтардың орталық әдісі театр
болып табылады, оның негізінде - азаматтар сомдайтын және жергілікті
қоғамның жайлылығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты өмірлік
жағдайлар.
Германияда бейресми білім көбіне демократиялық бағдардағы саяси
білім беру моделіне (politische Bildung) негізделеді, осылайша, демократиялық
қоғамның белсенді және сыни тұрғыда ойлайтын азаматының қалыптасуына
үлес қосылады. Бейресми сектордың назары демократиялық білімде болуы
Германиядағы қоғамдық-саяси және елдің Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі трансформациясымен ұштасқан тарихи оқиғаларға байланысты. Ол
кезде қоғамға фашистік режим салдарларынан арылу үшін және тарихта жаңа
мемлекет қалыптастыру үшін демократиялық құндылықтардың қажет
екендігі айқын болды.
Бейресми білімнің қандай нысанда екендігі маңызды емес, анимация
болсын, жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істеу немесе саяси білім болсын
- мақсаттары ортақ. Азамат өзін қоршаған ортаға қатысты дүниетанымын
қалыптастыру, өзіне жауапкершілік алу мүмкіндігіне ие болады.
Анимация да, саяси білім беру де жауапкершілік, ынтымақтастық,
уәжділік, бастамашылдық, эмансипация және міндеттерді сенімді тапсыра
білу, креативтілік, сыйластық, толеранттылық, мәдениетаралық құзыреттілік,
сыни ойлау, зияткерлік тәуелсіздік сияқты қасиеттердің дамуына ықпал етіп,
азаматтық белсенділіктің артуын қамтамасыз етеді. Осылайша, бейресми
білім берудің негізгі мазмұндық бағыты деп өзге тұлғалардың құқықтары мен
мүдделеріне нұқсан келтірместен өзінің дербес құқықтары мен мүдделерін
іске асыруға қабілетті, мемлекет пен өз істеріне жауапты, сыни тұрғыда ойлай
алатын, қоршаған ортаның өзгеруіне ұмтылатын азаматтармен және олардың
бірлестіктерімен диалог құра алатын тұлғаның қалыптасуын ынталандыруды
айтуға болады.
Бейресми білім берудің неғұрлым кең тараған әдісі - жобалау қызметі,
пікірталастар, дебаттар, тренингтер. Олардың қатарына мыналар жатады:
"мұзжарғыштар" (қысқа белсенді тапсырмалар), командалық ойындар, рөлдік
ойындар, ынталандырғыштар, жағдайды талдау, көрсету, модельдеу, ой
талқы және т. б.
Осылайша, бейресми білім беру жастармен жұмыс жасаудың негізгі және
тиімді тәсілдерінің бірі деп танылады.
32
4-қосымша
Жастарды ақпараттандыру және кеңес
беру
8
Жас ұрпақ сапалы ақпаратты анықтауды және пайдалануды үйренуі
керек. Алайда, жастар тиісті ақпараттарды дайындалған, тәжірибелі және
ынталы қызметкерлерден алуға да құқылы. Олар - жастармен жұмыс
жөніндегі мамандар.
Ақпараттандыру және кеңес беру саласы бойынша жастармен жұмыс
жөніндегі мамандардың қолданысына тән сиқырлы сөз - "CRAP"
аббревиатурасы. Сөзге ирониялық тұрғыда қарамастан (ағылшынша "crap"
сөзі "далбаса" деген мағынаны білдіреді) бұл төрт әріп сапалы ақпараттың
мынадай болуы керектігін білдіреді:
1) C – Clear – айқын: сапалық ақпарат – бұл айқын ақпарат. Оның
мақсаттық сипатта болуы керек, анық баяндалуы және алынған көздерінің
айқын белгіленуі тиіс.
2) R – Relevant – маңызды: алынған ақпараттың сапасының
пайдаланушының қажеттіліктеріне сай болуы керек. Егер ақпарат айқын,
бірақ белгілі тұлға үшін маңызсыз болса, мұндай ақпараттың түкке жарамауы
мүмкін, тіпті зиянды болуы да ықтимал.
3) A – Accurate – дәл: айқын, анық баяндалған және белгілі адамның
қажеттіліктеріне жауап беретін ақпараттың дәл, өзекті және объективті
болуы шарт.
4) P – Pitched – қажетті: мәселе тиісті ақпараттың белгілі жас азаматтың
сол кездегі жағдайында қаншалықты қажет екендігінде, оның
қажеттіліктеріне сәйкес келетіндігі мен мүмкіндіктерін қанағаттандыра
алатындығында.
Ең бастысы – бұл ақпарат беретін адамды әрқашан есте сақтаңыз және
ол туралы ойлаңыз. Бірақ, жастармен жұмыс жөніндегі маманнан ақпарат
пайдаланушыға жеткенше оның сапасын бағалау қажет. Ал бағалау үшін
бірнеше маңызды сұраққа жауап берген жөн.
1. Ақпаратты кім ұсынады?
Ақпараттың әзірлеушісі/көзі қандай? Мемлекеттік мекеме, мүддені
қолдайтын субъект немесе коммерциялық ұйым ба? Ақпарат және
консультация бере отырып, Ғаламторда контент жариялай отырып, немесе
өздерінің байланыс деректерін хабарлай отырып қандай мақсатты көздеулері
мүмкін? Мүмкін олардың қандай да бір өнім сатуы керек шығар? Мүмкін бұл
жалған шығар? Ақпарат көзі қаншалықты объективті? Сапалы ақпарат іздей
келе жастармен жұмыс жөніндегі маман ақпарат мазмұнының авторы мен
веб-сайт болсын, жарияланым, парақша немесе плакат болсын, ақпарат
көзінің қайдан қаржыландырылатындығын да тексеруге міндетті.
8
Жастарды ақпараттандыру және консультация беру арқылы жас адамдардың құқықтарға қол
жетімділігі. Еуропа кеңесі, наурыз 2015 ж.