«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет76/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

145 



медициналық қызметкерлер мен медициналық мекемелердің 1832 жылғы пайда болды; -Тұңғыш рет 

санулы медицина қызметкерлері Қазақстан аумағында кең таралған эпидемиялық аурулармен күресті 

бастады (эпидемиологиялық ахуалды нақтылау, «Нұсқаулықтарды» жариялау және т.б.); 1863 жылы  

шешек ауруымен күресу және қазақ фельдшер дайындаумен біліктілігін арттыру бойынша алғашқы 

іс-шаралар  ұйымдастырылды;  -Қазақ  халқына  медициналық  көмек  көрсету  өте  баяу  және  нашар 

дамыған [1, 19 б.].  

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Реформа 

бойынша  медициналық  қызмет  көрсетумен  байланысты  уездік  қалаларда    мектептер  мен 

медициналық  бекеттер  ашылуы  тиіс  болды.  Денсаулық  сақтау  саласы  бойынша  кездескен 

қиыншылықтар  аз  болмады.  Атап  айтқанда:  дәрі-дәрмектерді  сатып  алуға  қаражаттың  жетіспеуі, 

денсаулық  сақтау  қызметкерлеріне  тұрмыстық  жағдайдың  жасалмауы  мен    қазақ  тілін  білмеуі 

салдарынан  белгіленген медициналық қызметтердің жұмыс орындары  жиі бос қалып отырды. 1870 

жылы  шешек  ауруына  қарсы  егу  жұмысын  үйрететін  курс  ашылып  13  адам  даярланды.  Жетісуда 

уездік дәрігерлер мен фельдшер жұмыс істейтін 5 төсек орындық қабылдау бөлімдер және судебно-

медициналық  тексеруден  өткізетін  анатомиялық  бөлім    болды.  1871  Семей  медициналық 

департаментінің  Ішкі  істер  басқармасында  «скопчествоны»  судебно-медициналық  тексеруден 

өткізетін ұйым ашылды. 1872 жылы Верный қаласында алғашқы дәріхана,  1873 жылы мал дәрігерлік 

дәріханасы, 1879 жылы балалар үйі, 1897 жылы тіс емдеу кабинеті  жұмысына кіріседі.   

 

1892  жылдың  өзінде  Сыр-Дария  облысында  тырысқақ    (холера)  ауруымен  12455  адам 



науқасқа  шалдығып,  8785  адам  көз  жұмған,    70,5%  өлімді  құраған.  1897  жылы  29  мамырда 

Мемлекеттік  Кеңесте  «Ақмола,  Семей  және  Жетісу  аудандарында  медициналық  бөлімдер  өзгерісі  

туралы» құжатқа сәйкес, жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсету учаскелік бөлімшелер 

жұмыс атқарды 

Әртүрлі  әлеуметтік  мәселелер  алғашқы  қазақ  дәрігерлерінің  қалыптасуына  әсер  еткені 

заңдылық  еді.  А.Әлжанов,  Э.Шокин,  Э.  Досханов  «Алғашқы  қазақ  дәрігерлері»  атты 

монографиясында 22 қазақ дәрігерлері туралы деректер келтірілген, олар: М.Қарабаев, Ә.Айтбакин, 

Ә.Көтібаров,  Д.Кусябгалиев,  Н.Ипмағамбетов,  М.Чултуров,   С.Асфендияров,  Е.Қосболатов, 

Б.Джусупгалиев, М.Ниязов, Б. Бейсенов, И.Қашқынбаев, М. Ниязова, К. Исенгулов, И. Жаксалыков, 

М. Чумбалов, С. Чалымбеков, А. Алдияров, Г. Асфендиярова, Х.Досмуханбетов [2].  1895 және 1907 

жылдары  Казан  университетінің  медецина  факультетінің  екі  қазақ  түлектері  бітіргендіктері  туралы 

деректер кездеседі, олар Беремжанов Ахмед Курамбекович пен Арунгазыев Галиахмед. 

ХІХ  ғасыр  90    жылдардың  басында  Қазақстанда  көптеген  эпидемиялық  аурулар  тарала 

бастады. Қазақстанның  солтүстік аудандарында әсіресе тырысқақ (холера) ауруы, мысалы Петрапавл 

қаласында  бұл  эпидемия  20  шілдеден    21  қазанға  дейін  өршіп  тұрды.  1891-1893  жж.  аштық,  сүзек 

ауруларымен  күресудің  Ы.  Сарджанов,  Қ.Кікібаев,  Н.  Боранбаевтың  қызметі  бағаланған.  1913 

жылдың мәліметі бойынша қаланың медициналық қызметі төмен деңгейде  болатын [3]. 1904 жылы 

Жетісулық басқармада, Лепсілік, Қапалдық,   1905 жылы Жәркенттік Ресейдің Қызыл Крест қоғамы 

құрылады.   

ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  жерінде  түрлі  эпидемиялық  аурулардың  кеңінен  таралуына 

байланысты  қазақ халқы ұлтжанды кәсіби дәрігерлерге мұқтаж болғаны анық. Сол кеңестік заманда 

қазаққа  «қараңғы  халық»  деп  қаралаған,  теріс  пиғылдағы  ой  насихатталған  болатын.    Алғашқы 

дәрігерлер  Қазақстанды  Ресейге  қосқаннан  кейін  патшалық  үкіметтің  құрылған  шекаралық 

комиссияларының дәрігерлерінің болуымен қатар, қазақ жеріндегі дәрігерлер үшін кездесіп отырған 

түрлі  күрделі  мәселелер  медециналық  білім  саласына  ден  қоя  бастады.  Қазақ  жастары    Петербор, 

Москва,  Қазан,  Омск,  Томск  қалаларында    медециналық  жоғары  білім  алып,  алғашқы    қазақ 

дәрігерлері қалыптаса бастады. Қазақстандағы ғылыми жолға қойылған денсаулық сақтау саласының 

пайда болуы тарихы – өскелең ұрпақ үшін қызықты да, өзекті мәселелер қатарын құрайтыны сөзсіз. 



 

Әдебиеттер: 

1.  Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. -Алма-Ата, -1958, -С. 19 

2.  Әлжанов А., Шокин Э., Досханов Э. «Алғашқы қазақ дәрігерлері». -Алматы, -1984 

3.     Afanasyeva A. Explaining and managing epidemics in imperial contexts: Russian responses to 

plague in the Kazakh steppe in the late 19

th

 and early 20



th

 centuries. -M., -2017, -Pp.1-15 



 

 

 


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

146 



Шакарманова Ұлмекен Мұхтарқызы  

5В011400-Т арих,  3-курс  студенті 

                                                           Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Қ.Қ.Жылқышыбаева  

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ 

 

Аннотация.  В  статье  рассматривается  проблемы  молодежной  политики  и  дается  сравнительный 



анализ  советского времени  и Независимого Казахстана. 

Abstract. In the article, the problems of young people 's politics are considered and the comparative analysis 

of the Soviet time and the Independent Kazakhstan.

 

 

Жастар  саясатының  басымдықтары    Қазақстан    Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы 



Н.Ә.Назарбаев  бастама  жасаған  «Қазақстан-2050»  стратегиясының  түйінді  мақсаттарының  бірі  болып 

табылады.  Қазақстан    XXI  ғасырдың    үшінші    он  жылдығында    әлемнің    дамыған    30  елінің  қатарына  

кіруге  ниет  білдіреді.  Сол  мақсатта  Қазақстан  жастарының  даму  деңгейімен,  олардың    қоғамға 

ықпалдасуымен,  жастардың  алдағы  күнге    көзқарасымен  болашақтың    негізін  бүгін  қалау  алдыңғы 

қатарлы міндет. Ұлы дала елінің тарихына зер салсақ, Тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі жастардың жағдайы, 

олардың  қоғамға  деген  көзқарасы,  әлеуметтік  дамуы  мен  білім  саласындағы  жағдайлары,  жастар 

ұйымдарының  бағыттары,  мақсаттары  мен  міндеттерін  қазіргі  Тәуелсіз  елдегі  жастардың  саясаты  мен 

ұйымдардың  мақсат,  мүдделерімен  салыстыру  қарастырыла  отырып,  екі  кезеңнің  өзгерістерін 

саралап,болашақ  жастардың  алдына  қойылатын  мақсаттар  мен  оларға  берілетін  жауапкершілік  басты 

назарда.  Кеңестік  кезеңде  өлкедегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгеріс,  Қазақстанға  Одақтас  республика 

дәрежесін  беру,  мәдени  құрылыстағы,  халық  ағарту  ісіндегі  және  ғылымдағы  табыстар  тоталитарлық 

жүйенің  қатаң  қыспағында  өтті.  Алайда,осының  бәрі  Қазақстанның  КСРО  құрамында  болашақ  даму 

жолын айқындап берді. РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI сьезінде жұмысшы 

жастардың  коммунистік  ұйымын  құру  мәселесі  қаралды.  Бұл  жөнінде  жұмыстар  Қазақстан  аумағында 

азамат  соғысы  мен  шетел  интервенциясы  жылдарында  қолға  алынған.  1918жылдың  29  қазанында 

Жұмысшы және шаруа жастарының І Бүкілресейлік сьезі ашьлды. Ұйымның негізгі мақсаты: Одақ Ресей 

коммунистік  партиясымен  тығыз  байланыста  болу;  Өз  ықпалын    күшейту  үшін  жақтастар  қатарын 

көбейту; Әрбір әкімшілік аудандағы жастарға комсомолдың әсерін тарату бағытталды. Жастармен жұмыс 

жасаудың  басты  түрі-сол  кезеңдегі  жағдай,  майдандағы  оқиғалар,  халықаралық  оқиғалар  туралы  саяси 

әңгіме өткізу болды. 

1937жылы құрамында 136 мыңнан астам ұл мен қыздары бар Қазақстан өлкелік  комсомол ұйымы  

Қазақстан  лениншіл  коммунистік  жастар  одағы  құрылды.  Ұйым  міндеттеріне:  ауыл-село  жастарын 

комсомол  қатарына  қосу,құрылыстарға  жастарды  көбірек  жіберу,республикалық,одақтық  деңгейдегі 

жарыстарға    жер-жердегі  жастарды  көбірек  тарту,  комсомолдық  жастар  бригадаларын    ұйымдастыру 

болды.1970-80жылдары  комсомол  өзінің  жастарға  ықпалын  жоғалта  бастады[1].  Соның  нәтижесінде 

заңсыз  жастар  ұйымдары  құрылып,  студент  жастардың  жұмысшы  және  ауыл  жастарынан  бөлектенуінің 

күшеюіне  әкелді.  Сол  кезеңдегі  тарихи  оқиғалар  жалпы  қоғамға  әсер  етіп  қана  қоймай,  саяси  сананың 

өсуіне  ықпал  жасады.    Омбы,  Ташкент,  Семей  т.б.  қалалардағы  ЖОО-да  қазақ  жастары  алғашқы  кезде 

мәдени-ағарту  істерімен  айналысатын 20  шақты  жастар  үйірмелері  мен  ұйымдар  құрды. Бұл  ұйымдарда 

белгілі  бір  бағдарлама  бойынша  жұмыстар  жүргізілмеді,  әлеуметтік  құрамы  біркелкі  болмады. 

Алайда,жастардың саяси көқарастағы басты мақсаттары патша өкіметінің отарлық езгісінен  халықты азат 

ету  болды.  Жастар  өз  халқының  білім  алуын  талап  етті,  жұмысшылардың  санасындағы  ұлттық  бірлік, 

бостандық,тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.Өз мүдделерін қорғау мақсатында көптеген баспасөздер 

арқылы  халыққа  үндеу  жалдап  отырды  [2].  Билік  басына  деген  жастарда  нақты  түсінік  қалыптасып,  өз 

елінің  әлеуметтік-саяси  жағдайына  көмектерін  тигізу  мақсаттарында  әрекеттер  жасай  бастады.  Елінің 

бостандығы  мен  келешегін  ойлаған  қазақ  жастары  студенттік  кездерінен  бастап  қоғамдық-саяси 

белсенділік  танытып,  ұйымдар  құруға  ұмтылыс  жасаған.Қазақ  жастарының  саяси  көзқарастарының 

қалыптасып,  қоғамдық-саяси  қызметке  араласуына  бірінші  орыс  революциясының  үлкен  дәрежеде 

ықпалы зор болды, тарихи кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғаларға  араласып, халық арасында үгіттеу әрекетін 

жүргізгендігі  және  алғаш  рет  қоғамдық  топтардың  қалыптаса  бастағандығы  ақиқат.    Ал.  Қазақстан 

тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ҚР  Тұңғыш  Президенті  тәуелсіз  ел  жастарының  дамуы  мақсатында  көптеген 

жобаларды  іске  асыруға  жоспарлар  жасаған  болатын.  Тәуелсіздіктен  кейінгі  жастар  саясаты  туралы 

жұмыстардың  қолға  алынғандығының  нәтижесін  еліміздегі  іске  асырылып  жатқан  бағдарламалар 

барысында    айқын  көре  аламыз.  Қазақстан  тәуелсіздігін  алысымен  жастар  мәселесі  мен  қатар,  саяси 

істерге де жаңа көзқараспен қарап зерттеу кең өріс алып, дамыды. 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау