«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
145
медициналық қызметкерлер мен медициналық мекемелердің 1832 жылғы пайда болды; -Тұңғыш рет
санулы медицина қызметкерлері Қазақстан аумағында кең таралған эпидемиялық аурулармен күресті
бастады (эпидемиологиялық ахуалды нақтылау, «Нұсқаулықтарды» жариялау және т.б.); 1863 жылы
шешек ауруымен күресу және қазақ фельдшер дайындаумен біліктілігін арттыру бойынша алғашқы
іс-шаралар ұйымдастырылды; -Қазақ халқына медициналық көмек көрсету өте баяу және нашар
дамыған [1, 19 б.].
1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Реформа
бойынша медициналық қызмет көрсетумен байланысты уездік қалаларда мектептер мен
медициналық бекеттер ашылуы тиіс болды. Денсаулық сақтау саласы бойынша кездескен
қиыншылықтар аз болмады. Атап айтқанда: дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражаттың жетіспеуі,
денсаулық сақтау қызметкерлеріне тұрмыстық жағдайдың жасалмауы мен қазақ тілін білмеуі
салдарынан белгіленген медициналық қызметтердің жұмыс орындары жиі бос қалып отырды. 1870
жылы шешек ауруына қарсы егу жұмысын үйрететін курс ашылып 13 адам даярланды. Жетісуда
уездік дәрігерлер мен фельдшер жұмыс істейтін 5 төсек орындық қабылдау бөлімдер және судебно-
медициналық тексеруден өткізетін анатомиялық бөлім болды. 1871 Семей медициналық
департаментінің Ішкі істер басқармасында «скопчествоны» судебно-медициналық тексеруден
өткізетін ұйым ашылды. 1872 жылы Верный қаласында алғашқы дәріхана, 1873 жылы мал дәрігерлік
дәріханасы, 1879 жылы балалар үйі, 1897 жылы тіс емдеу кабинеті жұмысына кіріседі.
1892 жылдың өзінде Сыр-Дария облысында тырысқақ (холера) ауруымен 12455 адам
науқасқа шалдығып, 8785 адам көз жұмған, 70,5% өлімді құраған. 1897 жылы 29 мамырда
Мемлекеттік Кеңесте «Ақмола, Семей және Жетісу аудандарында медициналық бөлімдер өзгерісі
туралы» құжатқа сәйкес, жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсету учаскелік бөлімшелер
жұмыс атқарды
Әртүрлі әлеуметтік мәселелер алғашқы қазақ дәрігерлерінің қалыптасуына әсер еткені
заңдылық еді. А.Әлжанов, Э.Шокин, Э. Досханов «Алғашқы қазақ дәрігерлері» атты
монографиясында 22 қазақ дәрігерлері туралы деректер келтірілген, олар: М.Қарабаев, Ә.Айтбакин,
Ә.Көтібаров, Д.Кусябгалиев, Н.Ипмағамбетов, М.Чултуров, С.Асфендияров, Е.Қосболатов,
Б.Джусупгалиев, М.Ниязов, Б. Бейсенов, И.Қашқынбаев, М. Ниязова, К. Исенгулов, И. Жаксалыков,
М. Чумбалов, С. Чалымбеков, А. Алдияров, Г. Асфендиярова, Х.Досмуханбетов [2]. 1895 және 1907
жылдары Казан университетінің медецина факультетінің екі қазақ түлектері бітіргендіктері туралы
деректер кездеседі, олар Беремжанов Ахмед Курамбекович пен Арунгазыев Галиахмед.
ХІХ ғасыр 90 жылдардың басында Қазақстанда көптеген эпидемиялық аурулар тарала
бастады. Қазақстанның солтүстік аудандарында әсіресе тырысқақ (холера) ауруы, мысалы Петрапавл
қаласында бұл эпидемия 20 шілдеден 21 қазанға дейін өршіп тұрды. 1891-1893 жж. аштық, сүзек
ауруларымен күресудің Ы. Сарджанов, Қ.Кікібаев, Н. Боранбаевтың қызметі бағаланған. 1913
жылдың мәліметі бойынша қаланың медициналық қызметі төмен деңгейде болатын [3]. 1904 жылы
Жетісулық басқармада, Лепсілік, Қапалдық, 1905 жылы Жәркенттік Ресейдің Қызыл Крест қоғамы
құрылады.
ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде түрлі эпидемиялық аурулардың кеңінен таралуына
байланысты қазақ халқы ұлтжанды кәсіби дәрігерлерге мұқтаж болғаны анық. Сол кеңестік заманда
қазаққа «қараңғы халық» деп қаралаған, теріс пиғылдағы ой насихатталған болатын. Алғашқы
дәрігерлер Қазақстанды Ресейге қосқаннан кейін патшалық үкіметтің құрылған шекаралық
комиссияларының дәрігерлерінің болуымен қатар, қазақ жеріндегі дәрігерлер үшін кездесіп отырған
түрлі күрделі мәселелер медециналық білім саласына ден қоя бастады. Қазақ жастары Петербор,
Москва, Қазан, Омск, Томск қалаларында медециналық жоғары білім алып, алғашқы қазақ
дәрігерлері қалыптаса бастады. Қазақстандағы ғылыми жолға қойылған денсаулық сақтау саласының
пайда болуы тарихы – өскелең ұрпақ үшін қызықты да, өзекті мәселелер қатарын құрайтыны сөзсіз.
Әдебиеттер:
1. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. -Алма-Ата, -1958, -С. 19
2. Әлжанов А., Шокин Э., Досханов Э. «Алғашқы қазақ дәрігерлері». -Алматы, -1984
3. Afanasyeva A. Explaining and managing epidemics in imperial contexts: Russian responses to
plague in the Kazakh steppe in the late 19
th
and early 20
th
centuries. -M., -2017, -Pp.1-15
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
146
Шакарманова Ұлмекен Мұхтарқызы
5В011400-Т арих, 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Қ.Қ.Жылқышыбаева
ЖАСТАР САЯСАТЫ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ
Аннотация. В статье рассматривается проблемы молодежной политики и дается сравнительный
анализ советского времени и Независимого Казахстана.
Abstract. In the article, the problems of young people 's politics are considered and the comparative analysis
of the Soviet time and the Independent Kazakhstan.
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып
табылады. Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
кіруге ниет білдіреді. Сол мақсатта Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға
ықпалдасуымен, жастардың алдағы күнге көзқарасымен болашақтың негізін бүгін қалау алдыңғы
қатарлы міндет. Ұлы дала елінің тарихына зер салсақ, Тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі жастардың жағдайы,
олардың қоғамға деген көзқарасы, әлеуметтік дамуы мен білім саласындағы жағдайлары, жастар
ұйымдарының бағыттары, мақсаттары мен міндеттерін қазіргі Тәуелсіз елдегі жастардың саясаты мен
ұйымдардың мақсат, мүдделерімен салыстыру қарастырыла отырып, екі кезеңнің өзгерістерін
саралап,болашақ жастардың алдына қойылатын мақсаттар мен оларға берілетін жауапкершілік басты
назарда. Кеңестік кезеңде өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгеріс, Қазақстанға Одақтас республика
дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар тоталитарлық
жүйенің қатаң қыспағында өтті. Алайда,осының бәрі Қазақстанның КСРО құрамында болашақ даму
жолын айқындап берді. РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI сьезінде жұмысшы
жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Бұл жөнінде жұмыстар Қазақстан аумағында
азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында қолға алынған. 1918жылдың 29 қазанында
Жұмысшы және шаруа жастарының І Бүкілресейлік сьезі ашьлды. Ұйымның негізгі мақсаты: Одақ Ресей
коммунистік партиясымен тығыз байланыста болу; Өз ықпалын күшейту үшін жақтастар қатарын
көбейту; Әрбір әкімшілік аудандағы жастарға комсомолдың әсерін тарату бағытталды. Жастармен жұмыс
жасаудың басты түрі-сол кезеңдегі жағдай, майдандағы оқиғалар, халықаралық оқиғалар туралы саяси
әңгіме өткізу болды.
1937жылы құрамында 136 мыңнан астам ұл мен қыздары бар Қазақстан өлкелік комсомол ұйымы
Қазақстан лениншіл коммунистік жастар одағы құрылды. Ұйым міндеттеріне: ауыл-село жастарын
комсомол қатарына қосу,құрылыстарға жастарды көбірек жіберу,республикалық,одақтық деңгейдегі
жарыстарға жер-жердегі жастарды көбірек тарту, комсомолдық жастар бригадаларын ұйымдастыру
болды.1970-80жылдары комсомол өзінің жастарға ықпалын жоғалта бастады[1]. Соның нәтижесінде
заңсыз жастар ұйымдары құрылып, студент жастардың жұмысшы және ауыл жастарынан бөлектенуінің
күшеюіне әкелді. Сол кезеңдегі тарихи оқиғалар жалпы қоғамға әсер етіп қана қоймай, саяси сананың
өсуіне ықпал жасады. Омбы, Ташкент, Семей т.б. қалалардағы ЖОО-да қазақ жастары алғашқы кезде
мәдени-ағарту істерімен айналысатын 20 шақты жастар үйірмелері мен ұйымдар құрды. Бұл ұйымдарда
белгілі бір бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілмеді, әлеуметтік құрамы біркелкі болмады.
Алайда,жастардың саяси көқарастағы басты мақсаттары патша өкіметінің отарлық езгісінен халықты азат
ету болды. Жастар өз халқының білім алуын талап етті, жұмысшылардың санасындағы ұлттық бірлік,
бостандық,тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды.Өз мүдделерін қорғау мақсатында көптеген баспасөздер
арқылы халыққа үндеу жалдап отырды [2]. Билік басына деген жастарда нақты түсінік қалыптасып, өз
елінің әлеуметтік-саяси жағдайына көмектерін тигізу мақсаттарында әрекеттер жасай бастады. Елінің
бостандығы мен келешегін ойлаған қазақ жастары студенттік кездерінен бастап қоғамдық-саяси
белсенділік танытып, ұйымдар құруға ұмтылыс жасаған.Қазақ жастарының саяси көзқарастарының
қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясының үлкен дәрежеде
ықпалы зор болды, тарихи кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғаларға араласып, халық арасында үгіттеу әрекетін
жүргізгендігі және алғаш рет қоғамдық топтардың қалыптаса бастағандығы ақиқат. Ал. Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР Тұңғыш Президенті тәуелсіз ел жастарының дамуы мақсатында көптеген
жобаларды іске асыруға жоспарлар жасаған болатын. Тәуелсіздіктен кейінгі жастар саясаты туралы
жұмыстардың қолға алынғандығының нәтижесін еліміздегі іске асырылып жатқан бағдарламалар
барысында айқын көре аламыз. Қазақстан тәуелсіздігін алысымен жастар мәселесі мен қатар, саяси
істерге де жаңа көзқараспен қарап зерттеу кең өріс алып, дамыды.