«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет52/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

98 



                                                                  Бектурғанова Балжан 

5В091000- Кітапхана ісі 

Ғылыми жетекшісі: магистр,  аға оқытушы М.Д.Рахимжанова 

ҚазМемҚызПУ 



 

                               ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ИНФАНТИЛИЗИМ  МӘСЕЛЕЛЕСІ 

 

Аннотация.  Образ  культуры  и  мышления  современной  казахстанской  молодёжи  станет  типичным 



для нашей социокультурной действительности уже через несколько лет. По природе своей молодежь значима 

для общества, это тот человеческий капитал, инновационный, стратегический ресурс общества. Молодежь в 

настоящее время воспринимается как субъект истории, в которой общество воспроизводит себя на каждом 

следующем  этапе  собственного  развития,  ей  не  отводится  второстепенная  роль,  напротив,  возросла  ее 

статусная позиция. 

Аnnotation. The image of culture and thinking of the modern Kazakhstani youth will become typical for our 

socio-cultural reality in a few years. By its nature, young people are significant for society, this is the human capital, 

innovative, strategic resource of society. At present, young people are perceived as a subject of history, in which society 

reproduces itself at each next stage of its own development, it does not play a secondary role, on the contrary, its status 

position has increased. 

 

 



2019 жыл біздер, жастар үшін білек сыбанып ел үшін, болашақ үшін, ертеңгі ұрпақ үшін жан 

аямай  жан-жақты  әрі  белсенді  түрде  еңбектену  жылы  деп  білемін.    Алайда  осы  жылды  жәй  ғана  

кезекті  қаржылай  көмек  болмаса  мүмкіндік  ретінде  қарайтын  жандарда  аз  емес.  Дәл  осындай 

көптеген  проблемалардың  бірі  жастардың  инфант  болуы.  Заманымыздың  жастарының  бойындағы 

инфантилизим  дегеніміз  –  барлығын  мемлекет  мойнына  мінгестіру  жауапкершіліктен  қашу.  

 Экономикалық  өсу  қоғамда  әлеуметтік  межелердің  ұлғаюымен  қоса  жүретінін,  мемлекетке  деген 

патерналистік  көңіл-күйдің  тарауына  және  инфантильді  азаматтардың  ұрпағын  қалыптастыруға 

ықпал  ететінін  әлемдік  практика  көрсетіп  отыр.  Мұндай  құбылыстар  Қазақстанда  да  байқалады. 

Социологиялық зерттеулер бүгінде Қазақстан жастарының 58 %-ы өз мәселелерін шешуде мемлекет 

тарапынан болатын көмекке толықтай сенім артатынын, бозбалалар мен бойжеткендердің 92,5 %-ы 

тікелей қолдауды және жұмысқа орналасуда әлдекімдердің қол ұшын беруін күтетінін растап отыр. 

Әр адам өзі үшін ғана емес айналасы, Отаны, елі, жері, мемлекеті үшін қызмет ету керек екенін ұмыт 

қалдырып  бара  жатқандай.  Осы  сәтте  есіме  тұңғыш  президентіміздің  Жастар  форумында  сөйлеген 

мынадай  сөздерін  есіме  аламын  «Дамыған  елдердегі  ең  басты  қағидат  мынандай  –  жұмыс  адамды 

емес, адам жұмысты іздейді»дәл осындай қанатты сөздер қазіргі таңдағы жастарға құлақ қағыс болса 

екен [1,12.б.]. 

Осы айтылып отырған мәселелерге ерекше тоқталу қажет. Өйткені проблема расымен бар, оны шешу 

–  мақсат  алға  қойған  міндет.  Осы  тұста  көз  алдыңызға  бір  үйдің  екі  баласын  келтіріңізші.  Үйдің 

үлкені Алібек – 25 жаста, Еламан жасы – 20-да. Екеуі де – жанып тұрған жас. Алібектің жоғары білімі 

бар, магистратураны да ел қатарлы оқып алған. Бүгінде орта жалақыға жұмыс істейді. Үйленбеген. 

Ата-анасының  қолына  жылы  су  құйғыза  алмай  жүргенін  мемлекет  беретін  ақының  аз  екенімен 

байланыстырады.  Шайлығынан  мол  артылатын  айлық  алмау  себебін  өзінен  іздемейді,  дамуға 

ұмтылмайды. Бірақ білімі бар, білігі де жоқ емес. Үкіметке иек артып, алманың пісуін, аузына түсуін 

күтетіндердің  қатарынан. Інісі Еламан 9-сыныптан соң колледжге түскен. Кәсіптік-техникалық білім 

алып,  бүгінде  өз  ісін  дөңгелетіп  отыр.  Оның  ойы  ағасынан  өзгеше  –  бәрі  еңбекпен  келеді. 

Байқасаңыз, мұндай мысалдар көп-ақ. Жетістікке жетпеуінің салдарын басқаға жаба салу оңай. Мұны 

жастар арасында дендеп кеткен дерт десек те болады.. Ең алдымен, дәстүрлі құндылықтар жүйесіне 

жаһанданудың жасайтын қысымы бар. Иә, бұл процесс экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени 

дамуы  түрлі  елдердің  арасындағы  алтын  көпір  іспеттес.  Ұлттық  шекаралар  ашылып,  жаңа 

өзгерістерге  бет  бұрылды.  Десек  те,  ақ-қарасы  ажыратылмаған  мәдениеттің  қысымымен  дәстүрлі 

құндылықтардың ара-жігі жойылып, жібі үзіліп жатқан сыңайлы. Мұндай дабылды соғып отырған біз 

емес,  мамандардың  өзі.  Бұдан  кейін  еңбек  құндылықтарының  доминант  емес  дәрежесі  қозғалады. 

Бүгінде  жастар  ішінде  прагматикалық  бағдар  күшейіп  келеді.  Яғни,  материалдық  игіліктерге 

ұмтылуды  анағұрлым  маңызды  деп  есептейтін  сана  бар.  Мұны  теріске  шығару  мүмкін  емес.  Тек 

ортасын  ұстанудың  маңызын  ұғыну жеткілікті.  Әлеуметтанушылар  мен  психологтардың  айтуынша, 

өмірде  қандай  да  бір  жетістікке  жету  жолында  тамыр-танысты  пайдалану  үрдісі  байқалады 

Жастардың  тек  қана  материалдық  байлыққа  ие  болуды  көздейтін  қасиеті  де  –  өзекті  мәселелердің 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

99 



бірі.  Сонымен  бірге,  өмірлік  тәжірибесі  мен  жеткілікті  білімінің  болмауы  кері  әсер  береді.  Яғни, 

саяси мақсатын іске асыруды көздейтін сыртқы және ішкі ыдыратушы күштердің жастарға ықпалын 

жүргізетіні бар. Экстремистік көзқарастар мен идеялардың жастар санасына ену арқылы қоғамдағы 

түрлі  топалаңдарға  себеп  болуы  мүмкін.  Тағы  бір  өзекті  мәселе  –  маргинал  жастар.  Әлеуметтік 

аутсайдерлердің  көбеюі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  бейімделудің  қиындығына 

байланысты.  Осындай  мәселе  туындауға  себептің  бірі  қолжетімділік,  ата-ананың  балаға  берген 

еркіндігі,  жауапкершіліктің  азюы,патриоттық  сезімнің  өшуі  секілді  құндылықтардың  бойымызда 

белең алып бара жатқандығы [2, 5.б.]. 

 Қоғамдағы  осындай  келеңсіз  проблеманың  әлеуметтік  даму  жолындағы  жастардың  әл-ауқатын 

арттыру үшін тек психологиялық, моральдық жағынан , жанына рух сыйлап, өмірдегі жетістіктерге 

ашық  есіктен  тек  ғана  кіре  салумен  емес  сол  есікке  лайық  кілт  іздеумен  және  адал  еңбекпен  таза 

табыс табу арқылы ғана адамның жетістікке жетуін көрсете білу қажет. Біздер жастар бүгінгі дархан 

даланың  иесі,  техниканың  маманы,  елдің  өсу  жолында  жол  бастаушылары,  келер  ұрпақтың  қамы 

үшін, бүгінгі ортаның өсуі өркендеуі үшін жан аямай еңбек ететін жанып,лаулайтын, өшпейтін шоқ 

боламыз.  Біздің  ерік-жігердің  үстіне  батпандай  қылышпен  шауып,  мұздай  суық  су  құйып  салсады 

сөнбейміз,  себебі  біз  Отанды  сүйеміз,өзіміз  өмір  сүріп  отырған  қоғамның  дамуын  қалаймыз.  

М.Жұмабаев    атамыздың  өлеңі  маған  инфант  болуға  еш  себеп  жоғын  және  маған  сенетін  жандар 

барын есімнен бір сәт шығарған емес. 

Арыстандай айбатты [3.18.б.].  

Жолбарыстай қайратты – 

Қырандай күштi қанатты. 

Мен жастарға сенемiн! 

Көздерiнде от ойнар, 

Сөздерiнде жалын бар, 

Жаннан қымбат оларға ар, 

Мен жастарға сенемiн! 

Жас қырандар – балапан, 

Жайып қанат ұмтылған. 

Көздегенi көк аспан. 

Мен жастарға сенемiн! 

Жұмсақ мiнез жiбектер. 

Сүттей таза жүректер. 

Қасиеттi тiлектер – 

Мен жастарға сенемiн! 

Тау суындай гүрiлдер, 

Айбынды алаш елiм дер, 

Алтын Арқа жерiм дер, 

Мен жастарға сенемiн! 

Қажу бар ма тұлпарға, 

Талу бар ма сұңқарға, 

Иман күштi оларда, 

Мен жастарға сенемiн!... 

Алаш айбынды ұраны, 

Қасиеттi құраны, 

Алаштың олар құрбаны, 

Мен жастарға сенемiн! 

Мен сенемiн жастарға. 

Алаш атын аспанға 

Шығарар олар бiр таңда, 

Мен жастарға сенемiн! 

-дәл осы өлеңде айтылғандай қаншама жанарларда бізге артылған үміт бар, бізге деген сенім жатыр. 

Дәл  осы  үмітті  селқостықпен  аяқ  асты  етпесек  екен.  Қазіргі  таңда  мемлекет  тарапынан  жастарды 

қолдау  үшін  жасалып  отырған  «Жасыл  ел»,  «Жастар  кадрлық  резервi»,  «Дипломмен  ауылға», 

«Серпін-2050»,  «Қолжетімді  баспана  –  2020»  және  тағы  да  басқа  бағдарламалар  жетіп  артылуда. 

Жастар  табанды  еңбек  етіп,  елімізде  болып  жатқан  оңды  үрдістерге  белсене  қатысуы  арқылы  ғана 

жетістікке  қол  жеткізіп,  биіктерге  көтерілуге  болатынын  түсінуі  маңызды.  Тоқсан  ауыз  сөздің 

тобықтай  түйінін    қорытып  айтар  болсақ,  қазіргі  заманғы  жастар  қай  қоғамда  да  құны  кемімейтін 

мейірімділік,  әділдік,  шыдамдылық  секілді  адами  құндылықтарды  басты  орынға  қойса,  нұр  үстіне 

нұр  болар  еді.  Ұлттың  бүгіні  мен  келешегі  –  белсенді  біздер  жастардың  қолында  дейтін  болсақ, 

ұлттың  рухани  құндылықтарын  бойына  сіңірген  ұрпақ  ғана  ел  болашағын  қалыптастыра  алады. 

Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін 

қосса,  қоғамға  пайдасын  тигізіп,  сапалы,  терең  білім  алуды  басты  міндетіне  айналдырса,  онда 

келешегіміз кемел болары сөзсіз. Өз күш-жігерлерімізбен алған білімдерімізді еліміздің өркендеуіне 

жұмсайтын жастары бар зайырлы қоғам мақсатты межеге жетері анық. 



                                                

Әдебиеттер: 

1. «Айқын» газеті https://aikyn.kz/2018/09/12/66995.html  

2.  «Қазақстан  2020:  болашаққа  бастар  жол»  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жастар 

саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы  

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/

 

3.Жұмабаев М. Өлеңдер жинағы 



http://bilim-all.kz/olen/980

 

                                                          


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау