«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет53/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

100 



Бақытжанова А.А. 

Ғылыми жетекшісі: әлеуметтану ғ.м.,аға оқытушы Р.С.Сауырбаева 

 

 

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМАЛАРДЫҢ РОЛІ 



 

 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  қоғамдық  проблемаларды  шешуде  әлеуметтік  жарнамалардың 



маңызы  мен  ролі  жайлы  айтылады.  Қазақстан  мен  Дүниежүзі  мемлекеттерінің  тәжірибесіндегі 

әлеуметтік  жарнамалардың  адамдар  мен  қоғамдағы  белгілі  бір  мәселелерге  қатысты  әсерлеріне 

талдау жасалынған. Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттің белсенділігі мен 

әлеуметтік  жарнамалардың  Қазақстандықтарға  қалай  әсер  ететіндіктеріне  тәжірибе 

жүргізілген.  

Abstract. This article discusses the importance and role of social advertising in solving social issues. 

The influence of social advertising in the experience of Kazakhstan and the world in the analysis of people 

and certain issues has been analyzed. Experience of the state's activity on social problems in Kazakhstan and 

the impact of social advertisement on Kazakhstani people has been studied. 

 

Әлеуметтік  жарнамалар  деп  қоғамдық  актуалды  әлеуметтік  немесе  басқада  мәселелерді 



шешуде  қолданылатын  немесе  сол  проблемаларға  басқалардың  назарын  аударуға  негізделген 

мағынадағы жарнамалар болып табылады. Әлеуметтік жарнамалар сонымен қоса әлеуметтік немесе 

қоғамдық  мүдделерді  қорғауға  негізделініп  жасалынады,  бұндай  жарнамадан  қаржылай  пайда 

болмайды. Бірақта қоғамның ауруы болып отырған әлеуметтік проблемаларды шешуге болады. 

Қазіргі  кезде  осы  тақырыптың  актуалдығын  жаңартуымыз  керек.  Себебі  Қазақстандағы 

әлеуметтік  жарнамалар  атты  тақырыптағы  әлеуметтік  сауалнама  2011  жылы  www.otvet.mail.ru 

сайтында  жасалынған  болатын.  Ол  жердегі  сұрақтардың  бірі,  мынандай  болған  «Не  себепті 

Қазақстанда әлеуметтік жарнамалар дамымаған?» осы сайттың анықтағаны бойынша 38 респондент 

яғни 46,15% әлеуметтік жарнамаларды Қазақстанда жасауға мемлекеттен қолдау жоқ екенін айтқан. 

Ал 46,15% респонденттер бұндай сипаттағы өнердің қызық еместігін айтса, тек 7.69% респонденттер 

Қазақстанда әлеуметтік жарнамалардың бар екенін айтқан [1].  

АҚШ-да әлеуметтік сипаттағы жарнамаларды жасау 1906 жылдан басталса, Ресейде тек 1960 

жылдардан  басталған.  2017  жылы  nur.kz  сайтында  ең  үздік  деп  танылған  37  әлеуметтік  жарнама 

көрсетілген, басты назарда сол жарнамалардың барлығыда Қазақстанда жасалынбаған [2]. 

Мақаланы жазуға негізгі теория немесе ой ол Ресей Федералдық қызметінің   финас-бюджет 

бөлімінің  маманы  С.Павленконың  қазіргі  кездегі  әлеуметтік  жарнаманы  жасап-шығаруды  «қара 

тесікке» (черная дыра)-ға теңеуі. Оның себебі, жыл сайын әлеуметтік жарнамаларды жасап шығаруға 

мемлекеттен көп қаржы кетседе, сол жарнамалардың қоғамға әсерін ешкімнің тексеріп жатпағандығы 

еді.  

Қазақстанда  2012  жылы  әлеуметтік  мағынадағы  жарнамаларды  жасауға  мемлекеттен  691 



млн.теңге  жұмсалған  (барлық  бюджеттің  29,8%  құрайды).  Ендігі  мақаланы  жазудағы  менің 

мақсатым,  сол  Қазақстанда  немесе  Шет  елде  жасалынған  әлеуметтік  жарнамалардың  Қазақстандық 

қоғамға қалай әсер етіп жатқандығын анықтау.  

Бұл тақырыпты зерттеуді 4 бөлімге бөліп қарастырғанмын. Тақырып нақтыланған әлеуметтік 

зерттеу бағдарламаларынан құралған.  

Әлеуметтік мәселелерді шешуде әлеуметтік жарнамалардың рөлі атты зерттеу тақырыбының 

объектісі:  Қазақ  Ұлттық  Қыздар  Педагогикалық  Университетінің  20  жасқа  дейінгі  жастарының 

әлеуметтік жарнамалар жайлы ойлары. 

Проблемдік  ахуалы:  Қазақстанда  шығарылып  жатқан  әлеуметтік  жарнамалардың  санының 

аздығы. Жарнамалардың қоғамдық жерлерде көп болуы адамдар арасында ыңғайсыздық туындатады. 

Қоғамдық  проблемаларды  зерттеуде  көп  жұмыстар  атқарылғанымен  біз  қазіргі  кезде  сол 

проблемалардан  кейінгі  салдармен  күресіп  жүрміз.  Әлеуметтік  жарнамаларды  жасау  кезінде  сол 

алынған  тақырыптың  әлеуметтік  актуалдығын  ғана  қарастырмай  сонымен  қоса  психологиялық 

тұрғыдан  сол  жарнаманың  әсер  етуші  аудиторияға  қандай  әсер  қалдыратындығын  психологиялық 

тұрғыдан да қарастырып зерттелмеуі. 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

101 



Тақырыпты  зерттеуде  менің  қойған  болжамдарым:  Қазақстанда  әлеуметтік  жарнамаларды 

креативті,  мағыналы  жасайтын  жастарды  қолдау  жетіспейді.  Көптеген  әлеуметтік  контекстіде 

жасалынған жарнамалар бір-бірінен қайталанып жасалынған.  

Зерттеуде  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттер:  Қазақстан  мен  Шет  елде  жасалынып  жатқан 

жарнамалардың  қазақстандық  қоғамға  қалай  әсер  ететіндігін  бақылау  әдісі  негізінде  анықтау. 

Әлеуметтік  желілерде  ең  танымал  болған  әлеуметтік  жарнама  немесе  «мем»-ді  анықтау,  оны 

респонденттерге көрсету арқылы қоғамдық проблемаларды шешудегі әсерін анықтаймыз.  

Бұл  тақырып  аясында  жасалынған  зерттеу  2019  жылдың  наурыз  айының  10-15  күндері 

аралығында  жүргізілген.  Зерттеуде  жабық  сұрақтан  құралған  сауалнама  қолданылды.  Анкетаға 

қатысуға  барлығы  250  адам  шақырылған  оның-  50-і  анкетаға  қатысудан  бас  тартты  және  анкетаны 

дұрыс  толтырылмауынан  зерттеуден  алынып  тасталды,  барлығы  анкетаға  200  респондент  қана 

қатысты.  Анкета  20  сұрақтан  тұрады.  Сауалнамада  қойылған  бірінші  сұрақ:  Әлеуметтік  жарнама 

деген  не  екенін  білесізбе?  Деген  сұраққа  200  респонденттің  140  иә,  білеміз  деп  жауап  берген. 

Сауалнамадағы  алғашқы  5  сұрақ  тақырыпқа  қатысты  жасалынған  сұрақтар  болатын,  қалған  15 

сұрақтың жауабын іздеуде мен nur.kz сайтының ең үздік деп шешкен алғашқы 8 әлеуметтік жарнама 

суретін  қолдандым.  Бұл суреттерді  пайдалануымдағы басты  мақсат  осы  әлеуметтік  жарнамалардың 

респонденттердің  қалай  түсінгендігін  анықтау  мен  қандай  эмоциямен  қабылдағанын  көру  еді.  Осы 

арқылы әлеуметтік жарнамалардың әсері мен мағынасын анықтай аламыз.   

Сауалнамада «Не себепті Қазақстанда әлеуметтік жарнамалар дамымаған?» деген сұрақ қайта 

қойылып респонденттердің 124-і әлеуметтік жарнамаларды Қазақстанда жасауға мемлекеттен қолдау 

жоқ екенін айтқан, 56 респондент бұндай сипаттағы өнердің қызық еместігін айтса, тек 20 респондент 

Қазақстанда әлеуметтік жарнамалардың бар екенін айтты. 

Бұл  зерттеуде  контент  анализ  және  бақылау,  фокус  группа  сынды  әдістер  қолданылған. 

Контент анализ бойынша ғаламтордан «Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік жарнама» деп іздеген 

болатынмын, тек 4 сайттан сұрағыма жауап таба алдым. 

Қорытындылай келе менің айтқым келетіні әлеуметтік жарнамалар Қазақстанда бар, бірақ сол 

жарнамаларды  халық  алдына  көрсетпес  бұрын  оның  адамдарға  әсері  мен  мағынасын  қалай 

түсінетіндігін  анықтап  алуымыз  керек.  Қоғамдық  орындарда  тек  қана  әлеуметтік  мағынадағы 

жарнамалар  ілінуі  керек,  себебі  тауар  өндіру  жарнамасы  адамның  керегін  жамаса,  әлеуметтік 

жарнама адамдардың ішіндегі проблемаларды жамайды емеспа. Ең бастысы қоғамда ол адамдар. Ал 

қазіргі кезде біз қарап отырған проблемалардың барлығы адамдар арасындағы әлеуметтік дерт болып 

отыр,  менің  ойымша  сол  жарнамалар  арқылы  біз  қоғамда  сондай  дертке  шалдыққан  адамға  қолдау 

көрсете аламыз. «Мұңайма, біз сенімен біргеміз» деген немесе «Ата-анаңа қоңырау шал» жарнамалар 

күнделікті күйбелеңнен шығып, жаныңдағы жақындарыңа көңіл бөлу керектігін көрсетеді.  

«Әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  әлеуметтік  жарнамалардың  рөлі»  тақырыбындағы  зерттеу 

жұмысынан кейін менің ұсынарым: 

1.  Әлеуметтік  жарнама  жасаушы  компанияларға  салықты  төлеуге  көмектерді,  жеңілдіктерді 

ұйымдастыру. 

2.  Барлық  Қазақстандықтарды  қоғамдық  жұмыстармен  айналасуға  шақыру,  белсенділікті 

арттыру. 

3. Тек қана коммерциялық рекламаларды көшеге жарнамаламай, әлеуметтік жарнамаларды да 

жарыққа шығаруға билік тарапынан көмектер керек. 

4.  Әлеуметтік  немесе  басқада  жарнамалар  жасау  алдында  "Сказка"  және  "Уолт  Диснейдің" 

әдісін қолдануымыз керек. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Алим Э. «Социальная реклама Казахстан Реклама», Вестник КазНУ,2012ж.  

2. 

https://www.nur.kz/1746910-37-primerov-otlicnoj-socialnoj-reklamy.html



   

 

 



 

 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау