«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
76
Сабырбайқызы Нұрила
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
3-курс/бакалавр
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ғ.Қ.Иманалиева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭНАНТИОСЕМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ
Аннотация. В статье исследовано явление энантиосемии на казахском языке, а его использование на
казахском языке было тщательно изучено и подтверждено примерами.
Abstract. The article investigated the phenomenon of enantiosemia in the Kazakh language, and its use in the
Kazakh language was carefully studied and confirmed by examples.
Энантиосемия – қазақ тіл білімінде әлі күнге дейін ерекше тілдік құбылыс ретінде
қарастырылмаған тақырып. Бұл құбылыс жайында әр түрлі тұжырымдар мен ойлар бар.
Энантиосемия құбылысын кей еңбектерде антонимия, полисемия, омонимия сияқты категориялармен
байланыстырады. Атап айтсақ, Р.А.Будагов энантиосемияны «полисемияның өзгеше түрі» деп айтса,
Ю.Г.Скиба «антонимдік омономия», ал, А.А.Реформатский, Л.А.Новиков, Ф.П.Филин, Я.И.Гельблу
секілді ғалымдар энантиосемияны «антономияның бір түрі» деп айтады. Энантиосемияны
омономияға жатқызуға болмайды, себебі омоноимдер дыбысталуы, жазылуы, сыртқы көрінісі
жағынан бір болғанымен, мағынасы жағынан ортақ компоненттері, ұқсастықтары жоқ, мысалы қазақ
тіліндегі ет сөзі тамақ, ас деген мағынаны білдірсе, екінші тұрғыдан әрекет ет деген мағынада
қолданылады. Энантиосемия мен омономияның байланысы мен айырмашылығы туралы, Д.Әлсин
«Омоним мен энантионимнің арасында әрқайсысының көп мағыналылығынан басқа ешбір ұқсастығы
жоқ. Және басқа жағынан қарағанда өзге тілдік құбылыстардай, омоним мен энантоним арасында да
ұқсастық жоқ. Ол екеуінің пайда болу себептері де екі бөлек. Сондай-ақ, омонимде жоқ тек
энантонимдерге тән ерекшеліктер де бар. Олардан: энантионим сөзінің бір мағынасы айтылғанда
екінші мағынасын табиғи еске түсіреді. Омонимде жоқ ерекшеліктердің тағы бірі сөйлеушінің
оптимисттік, мысқылдау, мазақтау да сөздің мағынасын ауыстырып, екінші қайшы мағынада айтуы
да омонимде жоқ ерекшелік, және кез келген тілдік сөздіктерді ашып қараған адам барлық сөздерді
омоним деп санауға мүмкіндігі бар, өйткені лексикалық-семантикалық дамуға ұшырап мағынасы
азды-көпті өзгеріске ұшырамаған сөздер сирек кездеседі. Ал энантионимдер де ондай қасиет жоқ,
барлық энантионим сөздердің көлемі 400-дей сөз» - дейді [1, 66 б.].
Ал, антонимия – жазылуы, дыбысталуы жағынан әртүрлі, мағынасы жағынан қарама-қарсы
қойылған екі сөз болғандықтан, А.А.Реформатский, Л.А.Новиков, Ф.П.Филин, Я.И.Гельблу секілді
ғалымдар айтқандай энантиосемияны антонимияның бір түрі ретінде қарастыруға келмейді деп
есептеймін. Антонимияға мысал келтіретін болсам, Кез келген қарама-қарсылықтың екі шегі өзара
қалай қарама-қарсы болса, солай бір-бірінен ажырамас бірлікте болады. Қарама-қарсы
құбылыстардың бір мүшесі екінші мүшесі болғандықтан ғана қарама-қарсылық мәнге ие болады. Бұл
философияда қарама-қарсылықтың бірлігі деп аталады. Егер қарама-қарсы жақтардың бірлігі
жойылса, онда қарама-қарсылықтың өзі де мән-мағынасын жояды. Мысалы, біздің диссертациямызға
қатысты ақ – қара қарама-қарсы мағыналы лексикалық бірліктерін алайық. Ақ пен қара – қарама-
қарсы түстерді, әлеуметтік қарым-қатынастарды, жақсылық мен жамандықты, адам мінез-құлқының
қарама-қарсы жақтарын анықтайтын лексикалық бірліктер. Қарама-қарсылықтың бірлігі заңына
сүйенсек, ақ болмаса қараны немесе қара болмаса ақты түсіну мүмкін болмас еді.
Полисемия – сөздің бір немесе бірнеше мағынаға ие болуы болғандықтан, бұл категориямен
де байланыстыруға келмейді деп есептеймін. Мысалы, басы деген сөз, адамның басы, бұлақтың басы,
істің басы секілді көп мағынаға ие, ал бұл сөздердің энантиосемияға байланысын көре алмаймыз.
М.Г.Нұрбердиев өзінің «Энантиосемия лексиканың жүйелі байланысы ретінде» мақаласында:
«Энантиосемия – бір сөздің өзінде біріне-бірі тікелей қарама-қайшы екі мағынасы болатын құбылыс»
- дейді [2, 67 б.]. Осы ойдың дұрыс екендігіне зерттеулерді қарастыру барысында көз жеткіздім.
Қырғыз ғалымы Д. Осмоналиева шартты түрде энантиосемияның екі түрін көрсетуге болады
деп есептейді:
1) байырғы энантиосемиялар,
2) кейінгі энантиосемиялар.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
77
Байырғы энатиосемиялардың пайда болуы ертедегі тіліміздегі тілдік бірліктерге барып
тіреледі. Әрине, ертедегі адамдар тілі өздерінің ойлау дәрежесіне сай болған. Мысалы, бір заттың не
құбылыстың бір-біріне қарама-қарсы құбылысын бір сөзбен атау үрдісі болған. Бірақ олардың
ойлауының диффузды болғаны тілдің де симпрактикалық болуын шарттаған. Осылай бір заттың екі
түрлі қырын атағаны адамдардың ұғымдық ойлау жүйесінен хабар береді. Кейінгі энантиосемиялар
да тілімізде басқа жолдармен пайда болмаған. Олардың пайда болу жүйесі де бірінші байырғы
энантиосемиялар секілді жолдардан, пайда болу этаптарынан өткен. Кейінгі энантиосемиялардың
сөздіктер жүйесінде өзінің арнайы мағынасы беріліп, одан кейін, энантиосемиялы мағыналарға
ауысады.
Д.Османалиева деректеріндегі бөлінуге байланысты мысалдар келтірсем. Мысалы, кей түркі
тілдерінде баба сөзі ата мағынасында қолданылса, енді бір тілдерде әйел, ене деген мәндерде
жұмсалады. Осыған қарап, байырғы энантиосемиялардың жаралу себептерін анықтауда оларды
диахрондық сипатта теріп, қарастырған жөн.
Баба. 1. Арғы ата, ұлы ата. 2. Қарт адамды қадір тұтып, құрметтеу мағынасында айтылатын ишарат сөз.
Қазақ ұғымында, тіпті жалпы түркі ұғымында баба сөзі қастерлі, құрметті. Ал енді мына бабай сөзінде ол
қалайша керісінше мағынаға көшкеніне таң қаламыз. Бірақ мұндай мағынаның бар екені тілдік дерек. Мына
мағыналарына наза аударып көрейік.
Бабай эмоц. 1. Баба сөзінің құрметтеу, сыйлау мағынасында қолданылған құрметтеу түрі. 2. Жас балаларды
қорқытқанда айтылатын сөз. [ҚТТС, 95 бет] .
Бірінші мағынасындағы «баба сөзінің құрметтеу, сыйлау мағынасында қолданылған құрметтеу түрі»
тіліміздегі ата+й, аға+й секілді –й тұлғасының мағынасынан туындаса керек. Сондай-ақ бұл сөз неге жас балаларды
қорқытқанда айтылады. Себебі қазақтардың ер аданан аяқ тартуымен, сонымен қатар шоқша сақал қоған түсі
суықтықтан да болуы мүмкін деген тұжырым жасаймыз.
Энантиосемияны тарихи, диахрондық құбылыс ретінде қарастыру жөн, дегенмен, тектес
тілдер, диалектілер, говорларда көбірек ұшырасады. Шындығында, тіліміздегі энантиосемиялардың
көпшілігін кейінгі энантиосемиялар толықтырады. Бұл жердегі кейінгі энантиосемиялар деп
отырғанымыз соңғы жылдары пайда болған энантиосемиялар түзеді. Мәселен, қазіргі жастар тілінде
қолданылып келе жатқан жынды, қиын секілді сөздер қатарын жатқызамыз.
Қазіргі жастар тілінде жынды көйлек сатып алдым деп айтатындары кездеседі. Осы жердегі
жынды сөзі өзінің дәлме-дәл мағынасында тұр ма? Тұрған жоқ. Енді жастар осы сөзді не үшін
жағымды мәнде қолданып жүр деген сауалға жауап іздеп көрейікші. Жынды сөздің мағынасы қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай мәні бар:
Жынды 1. Ақылдан адасқан, есуас, жарымес. 2. Ауысп. Тентек, әумесер, есерсоқ. 3. Ауысп.
Жынды көбелек. – жарық қуып, шыр айналып ұшатын түн көбелегі. Жынды қойдың миын жеген –
жынданған, есі ауысқан деген мағынаны білдіреді [ҚТТС, 332 бет].
Әдебиеттер:
1. Шойбекова Ғ.Б., Оданова С.А., Құрманғали Р. Тіл біліміндегі энантиосемия құбылысы,
2018 ж (мақала)
2. М.Г.Нұрбердиев. Энантиосемия лексиканың жүйелі байланысы ретінде, 2008 ж (мақала)
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 томдық. – Алматы: Ғылым, 1983. – 7-т. – 671 б.