«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
74
Серік Ж.О.
5B011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.м., оқытушы А.Б.Кашкеева
Алматы Университеті
АУДАРМАНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Аннотация: Статья анализирует различные проблемы перевода с лексико-лингвистической точки
зрения, перевод как вид исскуство находчивости новых слов.
Abstract: This article analysed different problems of translation through lexical and linguistic approaches,
translation considered as an art of finding new words, searched from linguistic point.
Аударма саласы — мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Аударма – өте
күрделі көп деңгейлі семантикалық өрістердің, семантикалық құрылымдардың, мәдени
өзгешеліктердің, оқырмандар мен тыңдаушылардың әрекеттерінің психологиялық және әлеуметтік
аспекттеріне тез талдауын талап ететін үрдіс. [1,б.59].
Швейцар А.Д. : «Аударма – адамдар әртүрлі тілдерде өз ойларын білдіруінде қарым –
қатынастың тілдік қызметін атқаратын көмекші құрал. Сондықтан, аударманы тіларалық
коммуникация әрекеті деп атау өте дұрыс» деп аудармаға орынды анықтама берген. Аударманың бір
түрі – көркем аударма. Көркем аударма деп көркем шығармаларды аударуды атайды. Көркем
шығарманы аудару күрделі де, көп уақыт талап ететін шығармашылық және танымдық жұмыс.
Стандартты түрде тәуелсіз бірліктер ерекше аударма технологиясын талап етеді, бірліктердің
құрылымы мен атқаратын қызметтері екі тілде өзгеше болады және әлеуметтік – мәдени дәстүрлерге
бастапқы мәтін авторының, аударма мәтінін қабылдаушы мен аудармашының жеке тәжірибелеріне
де байланысты өзгеше болады. Осындай бірліктерді аударуда арнайы өзгеріс тәсілдерін қолдану
қажет, осыған орай тілдік, мәдени және психологиялық факторлардың үндесуін қадағалап отыру
керек. /9,б.33/. Лексикалық тәсілдер бастапқы мәтінде сөз деңгейінде стандартқа сәйкес емес тілдік
бірлік болған жағдайда қолданылады. Мәселен: бастапқы тілдің мәдениетіне сай келсе де, аударма
тілінде жоқ жалқы есімдер; белгілі бір кәсіби саладағы термин; түпкі мәдениетке сәйкес, бірақ
аударма мәдениетінде құрылымдық – функционалдық бірізділік бойынша өзгеше және аударма
тілінде мүлдем жоқ заттар, құбылыстар мен түсініктерді білдіретін сөздер. Мұндай сөздер аударма
үрдісінде басты орын алады, өйткені салыстырмалы түрде контекстке тәуелсіз бұл сөздер
аудармашының таңдауына сай аударма мәтініне әртүрлі бағыттылықты береді.[2,б.109]. Мысалы,
қазақ тіліндегі Айсәуле немесе Гүлім есімдері ағылшын тіліне транслитерация тәсілі арқылы Aisaule,
Gulim деп аударылып, мәтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мәтіннен тыс ассоциацияны
жояды: Айсәуле – айдың сәулесі және Гүлім – гүл. Ағылшын тіліндегі Bloody Mary бастапқы
мәдениетке сай бір уақытта коктейль және ағылшын ханшайымының тарихи титулына сәйкес
аллюзия бола отырып, екі мағынаға да бір атау кейпіне ие болады. Қазақ тілінде бұл атаудың екі
түрлі формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) және Қанды Мария (ханшайым). Көптеген
контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ бастапқы мәтін авторы оны күрделірек
мәтіндік дүние – стандартты түрде тәуелсіз бірліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса,
аудармашы қиын жағдайда қалып, өзінің стилистикалық тәсілін таңдауына апарып соқтырады. Бұл
дегеніміз – баламаларды лексикалық дәрежеден стилистикалық дәрежеге өткізу арқылы таңдау
мәселесімен байланысты аударма бірлігінің деңгейін өзгерту.
Бастапқы мәтіннің стандартқа сәйкес емес лексикалық элементтерін аударудың кең тараған
тәсілдеріне транслитерация, транскрипция, калькалау, семантикалық модификация, суреттеу,
түсіндірме, аралас аударма жатады [3,б.19].
Грамматикалық тәсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге дейін, бастапқы
мәтіннің стандартты түрде тәуелсіз кез-келген грамматикалық құрылымы аударма мәтінінің объектісі
болған жағдайында қолданылады. Аудармашы үшін лексикалық мәселелермен салыстырғанда бұл
мәселелер онша көп қиындық тудырмайды. Бірақ, өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мәселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын есімшені қазақ тіліне
аударуда сөйлемнің грамматикалық құрылымының қайта құрылуын талап етеді:
The work having been done, everybody felt a relief.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
75
Жұмыс
біткен кезде, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.
Жұмысты бітіріп, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді. Барлық
грамматикалық шақтар, тіпті өзге контекстерде тура сәйкестіктері болса да қайта құрылады.
Ағылшын тілінен қазақ тіліне мәтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын
алады. Мысалы, ағылшындардың тағам әзірлеу мәзірін жазу салтында императив формасы
қолданылса, қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі:
Bake the buns till light golden.
Бөлке нан қызғыш түс пайда болғанша пісіріледі.
Бұл қайта құру түрі аударма тілінде бастапқыдай грамматикалық формасы жоқ болған не өзге
қызмет атқарған жағдайда қолданылатын грамматикалық ауыстыруға жатады.
Осы мысалда till light golden қазақ тілінде лексикалық бірліктердің қосылуын талап ететін
синтаксистік орам болып табылады. Мұндай
тәсіл тарату, қосу,
біріктіру,
кеңейту сияқты тәсілдерінің
қатарына жатады. Функционалдық ауыстыру және қосу сияқты кең тараған тәсілдердің қатарына
грамматикалық трансформация, антонимдік аударма, нөлдік аударма және тағы басқалары
жатады.Стилистикалық аударма тәсілдері аударма нысанасы бастапқы мәтіннің белгіленген
стилистикалық бірліктері болғанда қолданылады. Білуімізше, кейбір стилистикалық бірліктер мүлде
аударылмаса, кейбірі күрделі қайта құруға жатады. Тек бастапқы мәтіннің белгіленген стилистикалық
бірліктерінің мардымсыз бөлігі ғана аударма барысында стандартты түрдегі сәйкестікке ие болады.
[3,б.19]. Кең тараған стилистикалық формалар аудармасы қатарына бастапқы және аударма
тілдерінің мәдени - тілдік дәстүрінің қаншалықты ұқсас не өзгеше екендігіне байланысты
метафоралар жатады. Ағылшын мәтінінде метафора өзгергіш қалыпта болып, бейнемен бірге
мағынаның ирониялық кейпіне де ие болады. Және мәтіннің бір ғана бірлігін талдауда бірнеше
стилистикалық тәсілдердің қолдануын қамтуы мүмкін.
There was not an organ in his body that had not been drugged and derogated, dusted and dredged,
fingered and photographed, removed, plundered and replaced.
Бұл сөйлемде метафора градация (бірізділік), аллитерация (әдеби көркемдеу), гиперболамен
(көркем бейнені әсерелеу) бірігіп келіп медициналық тексерістің күлкілі – орынсыз бейнесін
тудырады. Бастапқы мәтіннің сөздік құрамын сақтау стилистикалық ықпалмен келіспей
қалатындықтан, бұл мәтін аудармада эмоционалдық, бағалау және мағыналық ассоциацияның
сақталуы үшін қайта құруды талап етеді. Бастапқы бейне негізін құрайтын мұндай ассоциациялардың
белгілі бір бөлігін сақтап қалудағы жалғыз жол – стилистикалық тәсілдердің негізгі үйлесімділігін
қайта құру.
Әдебиеттер:
1. Верба В.В. Грамматика современного английского языка. М, 2001
2. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2009.
3. Резвецова М.Д., Афанасьева О.В., Самохина Т.С. Практикум по сравнительной типологии
английского и русского языков. – М. : Просвещение,2007. – 197 с.