«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
40
Кенгесбаева Асемгүл
5В011900-Шетел тілі:екі шетел тілі
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Г.Аканқызы
ҚазМемҚызПУ
ҚЫТАЙ ИЕРОГЛИФТЕРІНІҢ ТАҢБАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлем халқының ¼ бөлігін құрап отырған Қытай мемлекеті тарихы мен тілінің қалыптасуы ең
көне елдердің қатарында.Қытай елі – көне өркениетті қалыптастырған,мәдениеті бай, таңғажайып
ел. Қытайда халықтың көптігіне қарамастан олар бір-бірінің қай өңірден екенін көп жағдайда
(сөйлеген сөзінен, өңінен) жазбай таниды. Себебі мұнда әр жердің өзіндік диалектілері сақталған.
Негізінде жалпы қытайлық тіл мандарин (қытайша 普通话, pu tong hua).Қытайдың қай бөлігіне бара
қалсаңыз осы диалектіде сөйлеп жергілікті халықпен байланыс орната аласыз.
Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан
бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы
өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені рас. Олар
осы бай құндылықтарды өз жазуларының көмегімен бүгінге жеткізіп отыр. Демек қытай жазуы
бүгінде қытай халқының ғана емес, әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр.
Қытай иероглифтары жазбаның ең танымал түрлерінің бірі болып табылады. Жапонияда қытай
каллиграфиясының туындыларын ерекше бағалайды.Қытай жазуы- иероглифтік жазудың бүгінгі
таңдағы ең дамыған түрі болып есептелінеді. . Білуімізше, «иероглиф» сөзі грек тілінен енген сөз.
Мағынасы – «тасқа қалдырылған киелі жазбалар».[1,3-4б]
Қытай иероглифтері - адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде,
дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатында пайда болып, бугінгі күнге жетіп
отыр. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы стильдегі
жазуларды сауыт-сүйек жазуы деп те атады. Қытай иероглифтерінің басты ерекшеліктері:
1. Қытай иероглифтерінде 4 үн бар, мағынасы үн (тон) арқылы анықталады,
(第一声),用
“ˉ”表示,如lā;
阳
平
第二声,用
“ˊ”表示,如lá;
上声
(
第三声
),用
“ˇ”表示,如lǎ;
去声
(第四声),用
“
ˋ”表示,如;là
2. Әр бір иероглиф бір буын болып есептеледі.如:好, 我,他
3. Жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ
морфологиялық түрлену болмайды.如:走,去,来, 复习, 写作
4. Сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізіне грамматикалық мағына
айқындалады. Бір иероглиф белгілі мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір
фонема болып есептеледі. 如:我是大学生 [2,10б]
Енді, қытай иероглифтерінің классификациясына тоқталсақ:
1. Бейнелік таңбалар. Бұл таңбалар қарапайым пиктограммалардан шыққан.
Уақыт өте келе бұл таңбалар жеңілдеп, түрін өзгертіп, өзінің бастапқы түрін жоғалтқан.
Дегенмен оның бейнесіне қарап қандай бейне не болмаса құбылыс туралы айтылып тұрғанын түсіну
қиынға соқпайды. Мысалы:
山
тау, 口 ауыз, 目 көз, 木 ағаш, 伞 қолшатыр
2. Нұсқаушы таңбалар. Бір нәрсеге немесе бейнеге нұсқап, сондай-ақ бір бейненің
орналасқан жерін көрсететін таңбалар.
Мысалы:上 үстіне, үстінде 下 астына, астында
3. Синтетикалық таңбалар. Бұл таңба бірнеше қарапайым бейнелік және нұсқаушы
синтездік таңбаларды білдіреді. Мысалы: 森林орман (қалың ағаш)
4. Фонетикалық
таңбалар.
Екі
бөліктен
тұрады: аталмыш
түсінікке
байланысты, яғни кілті бар және жуық шамамен иероглифтың дыбысын беретін фонетика. Яғни
«тамақ» кілті «тамақтану» тақырыбына байланысты көптеген иероглифтардың құрамына кіреді.
Мысалы:
饭 (fan) – тамақ, 饭馆(fanguan) – мейрамхана, 饺子(jiaozi) –тұшпара
5. Түрі өзгерілген таңбалар. Бұл топқа кейбір элементтері өзгерілген жоғарыда көрсетілген
4 категорияның иероглифтары кіреді.
6. Жаңа таңбалар. Бұл топқа жаңа терминдер мен түсініктерді белгілейтін иероглифтар
кіреді. Көбінесе бұл таңбалар транскрипциялық-фонетикалық принцип бойынша құрастырылған.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
41
沙发(shafa), 咖啡(kafei) , 可乐 (kele)
Қытай иероглифтарының құрамына кіретін негізгі таяқшалар айтарлықтай оңай, ал олардың
иероглифтағы бір-бірімен сәйкес келуі – қиын мәселе болып табылады. Бұл жерде жазылу реті
графикалық элементтерді арнайы ереже бойынша реттейді. Жазу барысындағы негізгі ережелерді
атап өтсек:
иероглиф жоғарыдан төмен қарай жазылады: 草, 英,奇,桌;
иероглиф солдан оңға қарай жазылады: 谁, 好,讲,说;
алдымен көлденең сызықтар, содан кейін тік сызықтар жазылады: 十, 土;
алдымен көлденең таяқша, содан кейін сол жаққа бағытталған таяқшалар жазылады:
大,太,;
алдымен сол жаққа бағытталған, содан кейін оң жаққа бағытталған таяқша жазылады: 入,
八;
бірінші сол жаққа
бағытталған таяқша, одан кейін көлденең сызық жазылады:牛,生;
алдымен иероглифтың сыртқы бөлігін құрайтын сызықтар , одан кейін оның ішінде
орналасқан сызықтар жазылады: 用,月; сөздің төменгі бөлігінде орналасқан таяқша соңғы болып
жазылады: 国,回;
ортасында орналасқан және иероглифтың соңына дейін баратын тік таяқша соңғы болып
жазылады: 申,中; егер де тік таяқша оның соңына дейін жетпейтін болса, ол бірінші жазылады, содан
кейін шеткі бөлігіндегі таяқшалар жазылады: 小, 水;
алдымен шетіндегі, содан кейін орта бөлгіндегі таяқшалар жазылады –火, 坐 [3,50б]
Жоғарыда иероглифты жазудың тек негізгі ережелері аталғандығын ескеру қажет. Жазу
ережелерін меңгеру- иероглифтарды қатесіз, дұрыс жазу үшін қажет. Иероглифтың таяқшалық
белгісі екі түрге бөлінеді: жай таяқша және күрделі таяқша. Әдетте жай таяқша оңай таяқшалардың
нақты құрылымынан тұрады. Мысалы: 了, 十, 口. Ал, күрделі таяқша одан бөлек әрбір бөлігі бір
мағынаға ие қиындатылған таяқшалардан құралады. Мысалы: 难,樾Иероглифтардың мұндай
маңызды бөліктері графемалар деп аталады. Графемалардың көп бөлігі жеке иероглифтар ретінде
(мысалы: 目, 月) және күрделі иероглифтың құраушы бөлігі ретінде де қолданылуы мүмкін.
Мысалы:眼,服. Иероглифтардың маңыздылығын айта отырып, иероглиф кілттерін ескермей кету
мүмкін емес.Қытай тілінде 300-ге жуық графема бар. 214 кілттен тұратын тізімге жалпы 300
графемадан барлығы кірген жоқ. Кілттер иероглифтардың тақырыптық жіктеушісі не
топтастырушысы ретінде көрінуі мүмкін және сөздіктен немесе анықтағыштан иероглифті іздеуде
қажет болады.
Қорыта айтқанда, қытай тілінің фонетикасын қытай пиньин әріпімен, қытай тілі лексикасы
ретінде қытай иероглифтері (汉字hanzi) құрайтын таяқшаларынан, одан соң басты бөліктері арқылы
қытай иероглифтеріне (汉字 hanzi) қол жеткізсек сөз қорын дамытсақ, ары қарай грамматикалық білім
тұрғысынан қытай сандық сөздерінің қытай тілін үйренуде өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар
екенін анықталды. Қытай тілін үйренущіге оқытушының көмегіне сүйене отырып, алдына мақсат
қойып, табандылық және жауапкершілік көрсетсе, аталмыш тілді белгілі деңгейге толық меңгеруге
болады деген ойдамыз. Тіл үйрену, соның ішінде қытай тілін үйрену көрші Қазақстан үшін өте
маңызды. Тіл үйрену үшін біріншіден-орта; екіншіден-тіл үйренуге қызығушылық, әуестік керек;
үшіншіден-тіл үйренудің әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет [2,1б].
Әдебиеттер:
1. Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы. Үрімші, “Шыңжаң оқу-ағарту баспасы” 1996ж.
Аударған: Әмина Ләтіпқызы, Ахмет Яхия
2. HANYU KOUYU, Пекин, “Пекин университеті баспасы” 2004ж. Құрастырғандар: Dai
Guifu, Liu Lixin, Li Haiyan
3. «Сөйлеуге жаттығу кітабы», көлемі 150 бет, Бейжің тіл университеті баспасы.