«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет20/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

36 



Жанжигитов Сырым 

6М020500-Филология 

1-курс магистранты 

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент А.Т.Досова  

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ 

 

 



НҰРЖАМАЛ  ОРАЛБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ  ТІЛІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ 

 

Аннотация. В статье анализируются фундаментально-научные взгляды профессора Н.Оралбаевой об 

историческом развитии казахского языка. Также, рассматриваются вопросы систематизации и  унификации 

некоторых терминов морфологии. Обсуждаются произведения, являющиеся источниками казахского языка, их 

значение  в  сфере  казахского  языкознания.  Работы  Н.Оралбаевой,  занимающейся  изучением  казахского 

языкознания,  дифференцированы  с  современной  точки  зрения.  В  это  время  раскрываются  политические 

открытия проблемы изучения казахского языка, определяется цель. 

Annotation.  This  article  shows  fundamental-scientific  views  off  professoress  N.Oralbaeva  about  historical 

development of word-formation units in the Kazakh linguistics have been thoroughly analyzed. Main works which were 

sources for  Kazakh linguistics, their importance for the branches of Kazakh linguistics  are shown in this article. The 

works of N.Oralbaeva scientists are analyzed, who dealt with the branches of Kazakh linguistics. Political features of 

investigation of Kazakh language are opened, the main aim is defined. 

                                                                  

Нұржамал  Оралбайқызы    –    бар  өмірін  қазақ  тіл  білімі  деген  терең  де  шексіз  дарияның 

грамматика, сөзжасам, қазақ жазуының тарихы, орфография, қазақ тілін оқыту әдістемесі салаларын 

зерттеуге арнаған қазақтың біртуар қызы.  

Ол қазақ тіл білімінің морфология саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Ғалым қазақ тіл 

білімінің морфология саласындағы сөздің аналитикалық формасы теориясының және нөлдік морфема 

мен нөлдік форма теориясының негізін қалады, орыс тілінің ықпалымен тілге қинап кіргізіліп жүрген 

Вид категориясы туралы жалған теориядан қазақ тілін арылтып,  қимылдың өту сипаты категориясын 

кіргізді.  

Грамматика  теориясында  Н.Оралбайқызы  қосқан  тағы  бір  жаңалық  –нөлдік  морфема  мен 

нөлдік  форма  теориясы.  Бұл  теорияны  ғалым  алғаш  1976  жылғы  Бүкілодақтық  түркологиялық 

конференцияда баяндады, кейін осы теория бойынша бірнеше мақала жариялап, 1986 жылғы «Қазақ 

тілінің морфемалар жүйесі» деген монографияда мәселенің теориялық негізін қалады [1, 27 б.]. 

Н.  Оралбайдың  морфология  туралы  ғылыми  концепциялары  қазақ  тілі  грамматикасы 

зерттеулеріне  ғылыми  негіз  болғанын  және  Нұржамал  Оралбайдың  ғылыми  ой-пікірлерінің  тіл 

білімінің  дамуына  тигізген  ықпалын  жүйелі  көрсету  аталған  тақырыптың  зерттеу  қажеттілігі  мен 

өзектілігін танытады. 

Өзінің  бар  саналы  ғұмырын  қазақ  ғылымына  арнаған  Нұржамал  Оралбайқызының  ғылыми 

зерттеу жұмыстарының ауқымы кең. 200-ге тарта ғылыми еңбек жариялаған. Онда грамматика мен 

сөзжасам, графика, орфография, қазақ жазуының тарихы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің сан алуан 

мәселелері зерттелген. 

Ғалымның  қай  еңбегін  алсаң  да  қазақ  тіл  біліміне  қомақты  үлес  болып  қосылған  дүниелер. 

Нұржамал  Оралбайқызының  ең  алғашқы  зерттеу  жұмысы  (1956  ж.)  «Қазан  төңкерісінен  кейінгі 

кезеңдегі  қазақ  жазуының  тарихы»  деген  тақырыптағы  кандидаттық  диссертациясы.  Қазан 

төңкерісіне  дейінгі  Ахмет  Байтұрсынұлының  төтенше  жазуы,  латын,  қазіргі  кирилл  жазулары 

тарихы,  оның  қазақ  тілі  дыбыстарына  сәйкестігі,  тиімділігі,  тілдің  дыбыстық  заңдылықтарының 

сақталуы –күні бүгінге дейін маңыздылығын жоймаған мәселелер қатарында. 

Ғалымның  ірі  ғылыми  жетістігі  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктердің  аналитикалық 

форманттары» атты докторлық диссертациясы қазақ тіл білімі грамматикасына үлкен жаңалық болып 

қосылды. 

Қазақ  тілінің  аналитикалық құрылысы  туралы  ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  айтылған  пікір 

құндылығын  жоймай,  қазақ  тіл  білімінің  кейінге  дамуына  игі  әсер  етті.  Ол  Нұржамал 

Оралбайқызының  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық  форманттары»  атты  еңбегінен 

теориялық  негізін  алып,  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылысында  грамматикалық  категория 

көрсеткіштерінің  бір  түрі  ретінде  дәлелденді.  Етістіктің  шақ,  рай,  болымсыздық,  қимылдың  өту 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

37 



сипаты категорияларының жасалуындағы көмекші етістіктердің аналитикалық формант құрамындағы 

қызметінің теориялық шешімін табуы – бүгін дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома [2, 114 б.]. 

Нұржамал Оралбайқызы 1971 жылы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде осы уақытқа 

дейін дұрыс шешімін таппай келген тілдік құбылысты қимылдың өту сипаты категориясы деп, оның 

қимылдың  жасалу  тәсілі  мен  қимылдың  даму  сатысынан  тұратынын  докторлық  диссертациясында 

дәлелдеген болатын. Олардың берілу жолдары мен көрсеткіштерін толық сипаттаған еді.  

Ғалым  идеялары  1974  жылы  шыққан  А.Ысқақовтың  «Қазіргі  қазақ  тілі.  Морфология»  атты 

оқулығына енді. 1964 жылғы басылымында ол жоқ болатын. Оқулықтың 1991 жылғы басылымында 

да ол сақталған. 

Нұржамал  Оралбайқызының  аналитикалық  форма  идеясы,  теориясы  қазақ  тілі 

морфологиясында қалыптасқан, орнықты деуге толық дәлел ретінде 2002 жылы жарық көрген «Қазақ 

грамматикасында» да берілуін айтуға болады. 

Н.Оралбайқызының  қазақ  тіл  білімінің  дамуына  қосқан  келесі  жаңалығы  –қазақ  тілі 

сөзжасамының дербес сала ретінде дәлелденуімен байланысты. 

1989  жылы  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  грамматика  бөлімі 

қызметкерлері  М.Балақаев,  А.Қалыбаева,  Қ.Есенов,  Е.Жанпейісов,  С.Нұрқатов,  Н.Оралбайқызының 

қатысуымен  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі»  атты  монография  жарыққа  шықты.  Аталған 

еңбекте  алғаш  рет  қазақ  тілі  сөзжасамының  теориялық  негізі  қаланды.  Оған  дейін  сөзжасам 

мәселелері  морфологияда  сөз  таптарының  құрамында  туынды  зат  есім,  туынды  сын  есім,  оларды 

жасаушы жұрнақтар аясында ғана сипаттама түрде айтылып келген болатын. 

Монографияда  сөзжасамның  тіл  білімінің  басқа  салаларымен  байланысы  көрсетіле  отырып, 

оның  өзіндік  зерттеу  нысаны  бар  екендігі,  өзіндік  даму  жолы,  заңдылықтары  мен  ерекшеліктері 

дәлелденді.  Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі,  сөзжасамдық  талдау,  сөзжасамдық  тәсілдер,  сөзжасам 

бірліктері,  сөзжасамдық  мағына,  сөзжасамдық  мағына  негізділігі,  сөзжасамдық  ұя,  сөзжасамдық 

тізбек, сөзжасамдық саты, тип, үлгі, т.б. қазақ тілінде бұрын зерттелмеген мәселелер айтылды. 

Оның  алдында  1988  жылы  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сан  есімнің  сөзжасам  жүйесі»  атты 

Нұржамал Оралбайқызының монографиясы шыққан болатын. 

Қазақ тілінің сөзжасамы – бүгінде қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде ғылыми-теориялық 

негізі қаланған, ұстанымдары мен қағидалары айқындалған тіл білімінің саласы [3, 69 б.]. 

Ғылымда  пайда  болған  жаңа  идеяның  одан  ары  жетілуіне,  дамуына  үлес  қосатын  –әрине, 

ғалымның  ізбасарлары,  шәкірттері.  Ғылыми  идеяның  ақиқаттығы  да  сонда  жатыр.  Нұржамал 

Оралбайқызы – қазақ тіл білімінің өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосқан ірі Тұлға. Тіл теориясы мен 

оны  оқыту  әдістемесі  бойынша  бүгінде  жиырмаға  жуық  ғылым  докторын,  алпыстан  аса  ғылым 

кандидатын дайындаған, өзінің мектебін қалыптастырған ұлағатты  Ғалым-Ұстаз. 

 

Әдебиеттер: 

1   Оралбай Н. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Павлодар. 2011, 419б. 

2  Оралбаева  Н.  Қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық  форманттарының  құрылысы  мен 

мағынасы. Алматы, 1979, 196 б. 

3   Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1989, 191 б. 

 

 



 

 

 

 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау