«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
32
Жеңісбекқызы Айшолпан
5B011900-Шетел тілі:екі шетел тілі
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к. Р.К. Садықова
ҚазМемҚызПУ
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. В этой статье говорится о самом древнем празднике, который празднуется тюрко и
ирано язычными нациями – Наурыз. Так же в статье имеется данные об истории великого праздника и о
самом значении слова «Наурыз».
Abstract. This article refers to the ancient festival, which is celebrated Iranian and Turkic lingual nations -
Nowruz. Also the article, has the information about the history of a great holiday and the meaning of the word
"Nowruz".
Наурыз мерекесінің талай ғасырлық тарихы бар. Әртүрлі мереке-мейрамдар уақыттың
өтуімен тарих парақтарынан сызылып, халық санасынан өшіп қалып жатыр. Ал Наурыз мерекесі
жағрафиялық шеңберін кеңейтіп, жыл өткен сайын өркендеп, қанат жаюда. Наурыздың жалпы
халықтық сипаты және Наурыз бен оның әдет-ғұрыптарының қасиетті ислам діні негіздеріне
қайшылықта болмауы және керісінше исламдық философия мен дәстүрмен үйлесімді болуы Наурыз
мерекесі өміршеңдігінің негізгі себептері болып табылады.
Наурыз мейрамының шығу антологиясы туралы нақты мәліметтер аз. Кейбір көне
мәтіндерде, соның ішінде Фирдоусидің «Шаһнаме» мен Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің «Тәбәри
тарихы» шығармаларында Наурыздың негізін қалаған Иранның әпсаналық патшасы Джамшид деп
көрсетілген. Оның шығу төркіні туралы әртүрлі аңыз-әңгімелер бар. Аңызға жүгінсек, Джамшид
өзіне алтынмен апталып, күміспен күптелген керемет тақ соқтырған екен. Сөйтіп, бір күні Дамаванд
тауының ар жағынан ұшып келіп, Бабыл қаласына тақты түсіреді. Басына гауһар мен жақұтпен
безендірілген тәж бен күн сәулесі шағылысып, маңайды жап-жарық етіп, нұрландырып жібереді. Бұл
көрініске таң қалып, шаттанған халық бұл күнді «жаңа күн» деп атапты. Осы күннен бастап
Наурызды тойлау үрдіске айналыпты-мыс.
Осы тұрғысында шығыстың Әбу Райхан Бируни былай деп жазады: «Джамшид дүниеден
өткеннен кейін патшалар бұл мерекені бір ай бойы тойлайды. Мейрамды алты бөлікке бөлді. Ең
бірінші бес күнді патшалардың еншісіне берді. Келесі бес күнді ақсүйектерге, үшінші бес күнді
кеңесшілер мен уәзірлерге, төртінші бес күнді нөкерлеріне, бесінші бес күнді бұқара халыққа,
алтыншы бес күнді диқандардың тойлайтын күні деп белгіледі». Ал ХІ ғасырдың ұлы ақыны, ғалым,
математик Омар Хайям Нишапури аңыз-апсаналардан бойын аулақ салып, «Наурыз наме» атты
еңбегінде Наурыз мерекесін астрономиялық көзқарас тұрғысынан зерттейді де, Джамшидтің күн мен
түннің теңелген уақытын дөп басып анықтағаны туралы тұжырым жасайды.Наурыздың пайда болған
мекені – ежелгі Иран. «Ноуруз» парсы тілінде «жаңа күн» деген мағынаға ие. Содан болар бұл мереке
Иран халқының мәдениеті мен тарихы, әдет-ғұрыптарымен тығыз.
Наурыз сөзі – зороастризм сенімінің ортасы болған парсы жұртының тілімен сәйкес келетінін
атап өттік. Бұл сенімде жақсылық жарықтан, жамандық атаулы мереке наурыз айдың 22-жұлдызында
тойлануының себебі, осы күні жамандықтың қайнар көзі — түнгі түнектің жіңішкеріп, күндізгі
жарықтың ұзаратындығы, зороастризмдегі жарықты ізгіліктің бастауы ретінде бағалайтын сенімімен
үйлесім тапқан. Ал зороастризм сенімінде отқа ерекше құрмет көрсетілуінің себебі, от жарықтың
бастау көзі саналады [1, 287 б].
Қазақстандық зерттеуші ғалым Сафар Аддулла «Магия Навруза» атты жинағында Иран
халқының ұлы данышпандары доктор Али Шариати, Али Акбар Деххудо және тағы басқа
ғалымдардың парсы тілінде жазылған мақалаларының аудармасын береді, сондай-ақ бұл құнды
еңбекте Наурыз мерекесінің тарихы, ерекшеліктері, қазіргі кезде Наурыз мерекесінің Иранда, Орта
Азия, Закавказье және шығыс елдерінде қалай тойланатыны жайында толыққанды мәліметтер береді
[2,495 б]. Чоһар шанбэ йе сури ескі жылдың соңғы сәрсенбісінде тойланатын мейрам. Бұл мейрамды
тойлау барысында ирандықтар үй ауласында, көше бойында қуарған ағаштан үйме жасап, оны
жағып, оттың айналасында билеп, оттың үстінен секіреді. Иран халқы (көбінесе жастар) оттың
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
33
үстінен секіргенде мынандай өлең жолдарын айтады: «зәрдие мән бэ то, сорһие то бэ мән» (маған
сенің қызыл алауың, саған менің бозғылттығым, бойымдағы сары түс) [3,320 б]. Бұл өлең жолдарын
айтып оттан секіру – менің бойымдағы ауру кетіп, сенің бойыңдағы жалындаған от маған берілсін
деген ниетте жасалынады. Мұндағы қызыл түс – денсаулық белгісі болса, ал сары түс ауру, дерттің
белгісі. Осылайша ирандықтар отпен бойларындағы ауруды аластатқан. От өшкеннен кейін күлін
міндетті түрде ағынды сумен ағызып жібереді. Яғни пәле-жала осымен кетсін деген ниетте. Қазіргі
иран халқы дүниенің қай жерінде болмасын, жаңа жылды қарсы алған кезде «һафт син» деп аталатын
дастархан жаяды. «һафт син» дастарханын жаю – Наурыздың әдемі де ізгі негіздерінің бірі және ол
қуаныш пен шаттықтың символы.
Сонымен қатар бұл дәстүр жаңа жыл енетін сәтте отбасы мүшелерінің жиналып, бірге бас
қосулары үшін жақсы себеп болып табылады. Дастархан үстіне «с» әрпінен басталатын жеті түрлі
өсімдік пен тағам қойылады : «сабзе» (бидай, жасымық не басқа дәнді дақылдардың көк өскіндері)
және «саману» (бидай өскінінен әзірленген тағам) – дүниенің жандануы мен өмірдің жаңадан
басталуының символы; «сиб» (алма» деннің саулығы мен сұлулықтың символы; «сомақ» пен «сир»-
(у сарымсақ) – денсаулық эликсирі мен өмірдің шаттығын оятатын символ; «санджед» - мейірімділік
символы; «серке» - (сірке суы» сабырлықтың символы.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ирандықтар мерекеден бір ай бұрын үлкен
қарбаласқа түседі. Ирандықтар мерекелік дастарханға қажетті «хошкбар» – пісте-жаңғақтың түр-түрі
және өрік-мейіз сатып алу мен бір-біріне тарту ететін мерекелік сыйлық дайындауды ерте бастайды.
Мерекеге екі-үш апта қалғанда әр отбасы «Хоне текуни» яғни «үй сілку» деп аталатын үйді қағып-
тазалау науқанын бастайды. Бұл отбасы мүшелерінің бірлесіп, ұжымдасқан түрде жүзеге асыратын,
өте пайдалы шара болып саналады. «Хоне текуни» - көктемнің келуі мен тазалық пен нәзіктіктің
нышаны. Отбасы мүшелері үйдің іші мен ауланы тазартып, кілем мен төсеніштерді қағып-сілкіп,
перделерді жуып, қабырғаларды қайта сылап қуанышқа толы әбігерге түседі. Иран фольклорында
бірнеше жаңа жылдық кейіпкер бар. Олардың қатарына «Хаджи Фируз», «Мире Ноуруз» бен «атеш
Афруз» жатады. Бүгінде осы үшеудің ең танымалы - «Хаджи Фируз».
Ислам атаулы мерекені өзінің ішкі әкімшілік, мәдени әдет-ғұрпына қабылдауымен қатар,
оның өркендеп, өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Әрқилы тарихи оқиғалар мен кезеңдерге,
тіпті көптеген мәдени негіздердің өзгергеніне қарамастан, әз Наурыз өзінің өміршең қалпына танбай
қарыштап алға басуда.
2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша
«Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының
түсініктемесінде Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз
аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын
хабарлады. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың
материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Ұлы мерекеміздің ұлттық мәртебесін көтеріп, шығу
тарихын білу ешкімге артықтық етпесі анық!
Әдебиеттер:
1.Бачинин В.А. Религиоведение. Энциклопедический словарь. СПб: Изд-во: Михайлова В.А.,
2005. -287 с.
2. Рүстемов Л.З., Самарэ И. Парсы тілінің ізашары. – Тегеран, 1994. – 495 б.
3. Абдулло C. Магия Навруза.-Алматы, 2007. -320 с.