«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
420
Мырзатаева Диана
5В010600 – Музыкалық білім
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Б.Даркембаева
ҚазМемҚызПУ
МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ «ФИНАЛ» МУЗЫКАЛЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК
БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Аннотация. Будучи учителем музыки, очень эффективно использовать программу Finale на
уроке «Музыка» в школе. Существует большой потенциал для использования программы Finale.
Abstract. As a music teacher, it’s very effective to use the Finale program in the Music class at
school. There is great potential for using the Finale program.
Ұрпақты болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр-ақпараттандыру
ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін
шарттарының бірі. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен
ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу
музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқушыларды музыка әлеміне қызықтырып,
олардың рухани бейнесін, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару -
ұстаздардың басты мақсаты. [1;4 ]
Жалпы білім беру жүйесіндегі музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық іс-
әрекеттерінің негізгі үш түрі жүзеге асырылады. Олар: музыкалық-тыңдаушылық, музыкалық –
орындаушылық (вокалды-хормен ән салу және музыкалық аспаптарда ойнау); музыкалық
шығарымпаздық және импровизациялау түріндегі музыкалық-сазгерлік шығармашылық іс-
әрекеттері. Мектептегі музыка сабақтарында аталған іс-әрекеттердің әрқайсысы өзіне тән міндеттерді
орындауға бағытталады. [2;7]
Жоғары оқу орындарында музыкалық білім беру жұмыстарында дамыған инновациялық
технологияларды кеңінен қолдану қазіргі заманда алдымызға қойылған негізгі мақсат болып
табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда компьютерлік-музыкалық «
Finale
» ноталық
бағдарламасын музыка пәндерін оқыту үрдісінде тиімді пайдалану музыкалық білім беру ісінің жаңа
әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады.
Бұл бағдарламаны қолдану музыка өнерінің әлемдік үздік үлгілерімен жұмыс жүргізу арқылы
оқытушылардың және студенттердің кәсіптік деңгейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар
бүкіләлемдік музыка өнерінің кез келген жанрымен өз бетінше танысып, жұмыс жасауға мүмкіндігі
туады.
Бағдарламаны меңгерудегі тиімділігі туралы айтар болсақ,
- Мамандығына
байланысты музыкалық шығармалармен танысу арқылы жұмыс
репертуарын кеңейту (жеке шығармалар, мектептегі музыка бағдарламасы бойынша т.б.);
- Егер мектептегі музыка сабағына байланысты алар болсақ, оркестр туралы тақырыпта
оркестрдің түрлерін (халық аспаптар оркестрі, фольклорлық-этнографиялық оркестр, симфониялық
оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі т.б.), олардағы аспаптардың құрамын ажырата алу;
- Халық музыкасымен жұмыс жүргізгенде, әсіресе әр халықтың музыкалық аспабының
дауысын тыңдатуға, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажыратуда;
- Студенттердің өзіндік жұмыстарды орындауында тиімді шығармашылық жұмыстар
жүргізуінде (музыкалық шығармаларды, әсіресе мектеп әндеріне транспозиция жасауда, кілттік
белгілерін ауыстыруда және т.б.);
- Студент өзінің болашақта тәжірибелік жұмыстарында осы бағдарлама арқылы
мультимедиялық слайд т.б. қолдана отырып тиімді, нәтижелі жұмыс жасауға дағдыланады.
- Жазылған әндердің нота мәтіндеріне сөзін жазып, вокалистің сөзін жазуда ол терілген нота
мәтіндерін басып шығаруда.
Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі әртүрлі күрделіліктегі музыкалық шығармаларды
толықтай немесе әр дыбысты жеке-жеке дыбыстауында. Жазылған нота мәтініндегі әрбір аспаптың
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
421
дауыстарын өз дыбыс бояуларымен дыбысталады. Сонымен қатар шығарманың жылдамдығын,
тональдігін, альтерациялық беліглері өз қалауынша қолдануға мүмкіндік бар.
Мен өзім болашақ музыка мұғалімі болғандықтан «
Finale
» бағдарламасын мектептегі
«Музыка» сабағында қолдану өте тиімді деп айтар едім. Бірнеше мысалдар келтіріп өтсем.
Бағдарламаны «музыка тыңдату» бөлімінде қолдану жолдарына келсек, тыңдалатын музыкалық
шығарманы мұғалім өзі орындап берумен қатар шығарманың нота мәтінін бағдарлама арқылы теріп,
оны сол бағдарлама негізінде тыңдатуға болады.
Музыка сабағындағы келесі музыкалық іс-әрекетке «ән үйрету» жатады. Осы іс-әрекет
барысында «
Finale
» бағдарламасын қолданудың мүмкіншілігі өте зор. Мысалы, үйретілетін әнді алып
оның нота мәтінін тереміз. Әнді үйретпес бұрын бағдарлама көмегімен тыңдатып аламыз. Әннің
сөзімен, әуенімен жұмыс жасап болған соң әнді толық айтқызамыз. Жазылған нота мәтінінің
тональдігі оқушылардың дауысына сай келмейтін болса, сол жерде оның тональдігін өзгертуге
мүмкіндік бар. Ол әнді оқушылар хормен орындаса да, жеке орындаса да қолдану өте тиімді.
Оқушылардың дауысы өте нәзік, сонымен қатар әр түрлі биіктікте болады. Бір шетінен бұл
бағдарлама егер нота мәтіні дұрыс терілген болса, ешқандай қатесіз транспозиция жасап бере алады.
Ол оқушылардың дауысына қарай сол сәтте тональдігін ауыстыруға болатынын білдіреді.
Ал музыкалық аспаптарды ойнау іс-әрекетіне келер болсақ. Онда ырғағы көңілді, балаларға
жеңіл келетін музыкалық шығарманы (ән, күй) таңдап, нота мәтінін теріп аламыз. Сол музыкалық
шығарманы бағдарлама арқылы қосып, оған балаларға шулы, ұрмалы музыкалық аспаптарды қосып,
ырғағын келтіріп ойнатуға болады. Бұл аспап ойнаумен қатар оқушылардың ырғақтарды сезінеуіне
көмегін тигізеді [3;20].
Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл,
инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Бұл
инновациялық ойлар тек гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарындағы пәндерге ғана қажеттілігін
тудырмайды. Мысалы, қазіргі мектептердегі музыка сабағын ақпараттық және коммуникативтік
технология құралдарынсыз елестету де, өту де мүмкін емес.
Музыка сабақтарында АКТ қолдану
оқушылардың интеллектуалдық, рухани және жеке дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік
береді.
Әдебиеттер:
1. М.Нұрхатова. Музыкалық білім берудің әдістемесі. Оқу құралы. Өскемен, 2015ж.
2. Р.Салманов. Музыкалық компьютерлік технология. «Finalе» ноталық редакторымен жұмыс.
Оқу әдістемелік құрал. Қызылорда, 2012. – 242 бет.
3. Будилов, В.А. Работаем с Finale 2001 / В.А. Будилов.– СПб.: Наука и Техника, 2011. – 240 с.