«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет213/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

416 



Мұсатай Шахида 

5B012000-Кәсіптік білім 

Ғылыми жетекшісі: өнертану канд., қауым.проф.м.а. С.М. Қырықбаева 

 

 



ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ БАБАЛАР ЖОЛЫ - ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ 

 

Түйіндеме



Бұл  мақалада  ата-бабаларымыздың  жүріп  өткен  жолы,  халқымыздың  ерлігі, 

батырлығы қызықтыра бастағаны Қазақстан бейнелеу өнерінде тыс қалмағаны баяндалады. Бізге 

нәр  беретін  нәрселер,  біздің  жеріміз,  тәңіршілдік,  мұсылмандық,  соның  бәрінің  астасуы  тарихи 

терең мәнге ие. 

Abstract. 

In this article we are told that our predecessors were driven by the way, the old  age and 

the heroism of the new nation, that they were not left in the artistic work of Kazakhstan. The things that are 

going to eat, the earth, the trampling, the mushroom, and all of them have a sophisticated sense of meaning. 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  атты  мақаласы  қазақ  елінің 



тағылымы терең ұлы дала тарихының құндылығын тереңдете түсті. Бүгінде Қазақстан бейнелеу өнері 

жаңа  ғасырда  тек  кеңестік  кезеңімен  шектеліп  қалған  жоқ.  Бейнелеу  өнерінің  бағытын  үш  бағытқа 

бөліп  қарауға  болады:  символикалық  және  концептуальды  тәсіл,  жаңашыл  реализм.  Символикалық 

концептуальдық  тәсіл  асқақ  рухқа,  аңызға  негізделген  әлдебір    жорамал  рухани  идеяны  визуальды 

көркем туынды жасау нәтижесінде туындап отыр.  

Бүгін  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  бағытын  үш  бағытқа  бөліп  қарауға  болады:  тарихы, 

дәстүрі,  көркемдік  тілі.  Осы  үш  бағыттың  өзара  ықпалы  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  әлемдік 

бейнелеу  өнері  кеңістігінде  өзіндік  орын  алуына  ықпал  жасайды.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары 

өзінің  жазу  өрнегінің  ешкімге  ұқсамас  жаңашылдығымен  көрермендерін  ойға  қалдырған  суретші 

Е.Төлепбаев  қазақ  бейнелеу  өнерінде  батыл  ізденістермен  ерекше  сипатқа  ие  болды.  Осы  кезеңде 

Қазақстанның  заманауи  бейнелеу  өнерінің  келбетін  айқындайтын  жаңа  тенденциялар  қалыптаса 

бастады.  Қазақстан  суретшілерінің  рухани,  идеялық    тірегі  тарих,    ата-баба  дәстүрлері  мен 

этнография  және  мифтер  еді.  Шығармашылық  шабытты  оятатын  және  шығармашылықтың  өзегін 

іздестіру  мен  оның  тасымалдануы,  жаңа  көркем  тілді  қайта  ой  елегінен  жіберуде  рәміздер  мен 

белгілер  зор  рөл  атқарды.  ХХ  ғасыр  мен  ХХІ  ғасырды  өнерде  мифологиялық  тақырыптар  мен 

архетиптер  ілгері  шықты  [1,  36-38  бб.].  Осы  тұрғыдан  Ә.  Сыдыханов,  Б.  Бәпішев,  Г.  Маданов 

шығармаларын  атай  аламыз.  Әбдірәшіт  Сыдыхановтың  «Адай»  таңбасы,  «Қорқыт  Ата  –  танбасы», 

«Ай-Жер  белгісі»  туындыларындағы  таңбаның  графикалық  тілі  мен  пішіндердің  элементтері  түркі 

халықтарының  белгісі  мен  шығыс  кейіпкелерінің  түстік  реңдерінде  шешімін  табады.  Суретші  ру 

таңбаларын  дәстүрлі  мәдениеттің  өзге  элементтерінде  немесе  сол    мәдениетті  дамытқан  мифтің 

идеяларымен  терең  ой  құшағына  жетелейді.  комозициялық  туындыларында  белгі,  таңбалар  өзіндік 

мәнде және дәлелдерде шектеулі тұрғызылған.  

Әрине,  Әбдірашит  Сыдыханов  шығармашылығынан  бірнеше  тарихи  қатпарларды  көруге 

болады.  ол  өзінің  шығармашылығы  арқылы  болашақ  пен  өткенді  байланыстырады.  Ал  Бахыт 

Бапишев  өзінің  кескіндемелік  композициялық  туындысының  қарапайымдылығы  бейнелі  және 

концептуалды. «Құнарлылық рәмізі» (1987)  атты жұмысы белгі болып табылады. Даладағы қойдың 

бейнесі  –  өзіне  тән  архетиптік  белгі,  ал  картина  тұтастай  алғанда  нағыз  туған  жеріне  қатысты 

даласын,  тауын,  өзінің  үйін  байланыстырып  орындалған.  Қойдың  рәміздік  бейнесі  қазақ  халқының 

негізгі  әлеуметтік-шаруашылығын  айқындайтын  көшпенді  өмір  салтының  мал  шаруашылығымен 

байланыстырады.  Сонымен  бірге  суретші  Б.Бапишев  «Миокард  инфарктісі»  (1987)    жұмысында 

қазіргі  заманғы  ең  танымал  және  ежелгі  түркі  елдерінің  таңбалары  мемориалды  мүсін  –  балбалды  

«жандандырады».  Осы  композицияда  түркі  әлемінің  белгілері  бар:  көшпенді  еркек  пен  әйелдің  тас 

мүсіндегі пішіндері, ар жағындағы кілем, оларды шексіз даланың туған белгісімен біріктіріп, құс - тас 

тұлғадан  шыққан  жан  болып  жоғарыға    «құстай»  ұшып  барлығы  көк  аспан  Тәңірге  қалықтағандай 

көрініс  береді.  Бұл  композиция  ұлттық  мәдени  сатыны  өткенмен  қайтарудың  жаңа  символы  болып 

табылады.  Олар  қазақ  зиялыларының  қазіргі  заманға  деген  ұмтылысын  және  сонымен  қатар  қазақ 

болып қалғанын сипаттайды [2, 44 б.].  

Символикалық – концептуальды тәсіл асқақ рухқа, аңызға негізделіп әлдебір жорамал рухани 

идеяны  визуальды  көркем  туынды  жасау  нәтижесінде  туындап  отыр.  Осыған  дәлел  Ә.  Сыдыханов, 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

417 



А.Ақанаев,  Б.Бәпішев,  А.  Есдаулетов,  Ғ.  Маданов    шығармаларын  айта  аламыз  шықты.  Қазақстан 

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  егеменді  мемлекет  ретінде  өткен  тарихындағы  өзінің  жасампаз 

батырларының бейнелерін жаңғыртуға мұқтаж болды.  

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем 

шығарманы  айтады.  Тарихи  тақырып  тарихи  тұлғалар  образын  қайта  жандандыруда  тарихи 

портретте,  тарихта  нақты  болған  әскери  жорықтар  мен  соғыс  көріністерін  бейнелеуде  тарихи  жанр 

батальдық  жанрмен  мығым  байланыс  тауып  отырды.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  тек  тарихи 

сюжетке негізделген композициялармен шектелу тарихи жанрдың негізгі мәнін, мазмұнын ашпайды. 

Ал, оны нақты тарихтан, әскери жорық көріністерінен бөле - жарып қарау мүмкін емес екен. Тарихи 

портрет,  тарихи  табиғат  көрінісі  және  батальдың  және  тарихи  сюжеттер  батальдық  жанрдың 

құрылымдық бөліктері, оны жасаушы негізгі факторлары болып табылады. Т. Ордабеков графикалық 

технологияның негізі болып табылатын классикалық штрихты спираль-тектес бұрамаға айналдырды. 

Штрих  түстерінің  әр  түрлі  реңін  алуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  есімдер  шынымен  дәуірдің  жақында 

аяқталған  тарихи  мәдени  ескерткіші.  Батухан  графиканың  түрлі  түсті  линогравюра  техникасында, 

триптих пішінінде жасалған   «Толғаныс», Топтаманың барлық үш беті композициялық тұрғыда бір 

тәсілмен біріктілген. «Оралу», триптихі алдынғысына тақырып бойынша етене жақын бола отырып, 

көрерменге  өткенін  еске  алуды  бірден  ұсынады.  “Аң  стилі  топтамасында    сақтар  өнерінде  тараған 

“жыртқыштың жануарды  талауы”  саханалық болмысын    пайдалана  отырып  ,  суретші  оны  салғанда 

мүлдем  басқаша  көркемдік  тілді  қалыптастырды.

 

Н.Өтепбаев  графикалық  туындыларындағы 



жаңалығы  қазақи  ою-өрнектерді  графика  тілінде  тың  компазициялармен  толықтырып,  дизайн 

дәрежесінде  жаңартып,  жаңа  көкжиектерді  ашуда  мәдени  құндылықтарымызды  кәсіби  суретші 

білімімен ұштастырып мәдениеті  жаңа қырынан көрсетуі шықты [3, 180-186 бб.].  

Қазақстан  егемендік  алғаннан  бері  суретшілердің  ізін  жалғастырып  келе  жатқан,  өзінің 

творчествалық  жиған  қоры  бар  Бауыржан  Найманов,  Мағауия  Канленов  ,  Лейла  Махат  сияқты 

Тәуелсіз  қазақ  елінің  суретшілері  өз  жұмысының  тақырыптарын  тарих  қойнауынан  іздеді.  Тарих 

қойнауы  біздің  мәдени  құндылықтарымыз.  Бұл  -  қазіргі  Қазақстанның  гобеллен  өнерінің  негізін 

қалаған  суретші  К.Тыныбековтың  туындысы.  Бапановтардың  киізден  жасалған  жұмыстары  мен 

бірегей  және  қайтадан  қайталанбайтын  гобеллендері.

 

Қазақстан  қолданбалы  өнерін  дамытуға 



Д.Шоқпаров  баға  жетпейтін  үлес  қосты.  Зергерлік  өнерде  тек  қана  біздің  елімізде  ғана  емес, 

мамандар мен өнерді сүюшілердің әлемдік ортасында С.Бәшіров, А.Мұқажанов, С. Рысбеков сынды 

суретшілердің есімдері кеңінен танымал. Теріні өңдеу өнерін дамытуда Ж.Үмбетова мен А.Иханова 

сынды суретшілердің шығармашылығы ерекше орын алады. 

Қорытындылай  келсек,  “Ұлы  Даланың  бабалар  жолы  -  заманауи  Қазақстан  бейнелеу 

өнерінде”  атты  мақалада  бейнелеу  өнерінің  тарихи  жағдайлары  мен  баталды  жанрда  бейнеленген 

кескіндемешілер  туындылары  іріктеліп  алынып,  негізінен  Ұлы  дала  бабаларының  батырлығы  мен 

елді  қорғап,  басқарған  хандарымыз,  сал-серілеріміздің  даналық  та,  даралық  та  келбетін  бере  алған 

кескіндемешілер  шеберлігінің,  картинадағы  философиялық  ой  мен  сол  дәуірдегі  әлеуметтік 

жағдайларды    шешудегі  іс-әрекеттерін  бізге  көрсете  жеткізе  алуында.  Әрбір  сіздерге  ұсынылған 

картиналардан Ұлы баба жолдарын аңғаруға болады.  

Заманауи  бағыттары  бейнелеу  техникасынан,  түстер  шешімінен,  құрылған  композициялық 

ізденістерден  және  өткен  шақтың  тарихтың,  сол  дәуірлердегі  саяси-әлеуметтік  жағдайлардан  хабар 

беретін  көріністерді  терең  де,  шебер,  жан-жақты  кешенді  шеберлікпен  философиялық  логикамен 

шығара  алуында.  Яғни,  Қазақстан  кескіндемеші  шеберлерінің  заманауи  бағыттағы  табысты 

шығармалық туындылары да дәлел деп айта аламыз.  

 

Әдебиеттер: 

1 Ергалиева Р.А. Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана. — Алматы: 

НИЦ «Ғылым», 2002. — 183 стр.  

2. Қазақ өнері. 5 томдық. Кескіндеме өнері. 4 том. « Елнұр», Алматы, 2013. – 175 бет.  

3  ЖаксыгаринаМ.  Казахская  графика  периода  Независимости:  /М.Жаксыгарина  //Простор 

2011г.-№12 .С.180-186  

 

 

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау