«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
422
Несіпбай Бекзат
5В090600- Мәдени-тынығу жұмысы
Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Л.Ә.Аманқұлова
ҚазМемҚызПУ
КӨРКЕМ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛЫ
Аннотация. Эта статья посвящена искусству казахского искусства, в том числе
традиционному песенному искусству и способам создания художественной сцены.
Abstract. In this article, we talked about the art of Kazakh art, including the traditional song art and
the way of artistic art.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы,
фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды. Ән – халықтың сүйіп айтатын,
тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылады. Көне
заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер,
аңыздар, жырлар осының айғағы. Қазақтың домбыраға немесе басқа да аспапқа қосылып айтатын
әншілік дәстүрін – дәстүрлі ән айту өнері дейміз. Атадан балаға ауысып келе жатқан ән айту өнері
ғасырлар бойы қалыптасып, дамып, ән айту шеберлігі барынша жетіліп, классикалық үлгіге декйін
жетті.
Әр ғасырдың белес – белес белдерінен өткен жыр шумақтары, ән әуені, домбыраның сазы
халық жадында жоғалмай біздің заманыммызға жетті.Ұлттық дәстүр мен салт – сана тағылымын жас
жеткіншек бойына дарытып, оның жан – жүйесін оятуда өнерге деген ынтасын арттыруда. Қазақтың
қасиеті де киелі қара домбырасының атқаратын рөлі де ерекше.
«Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықты жылуы дарып, қатігездікпен
аулақ болады» – деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр. Өйткені «Домбыра» – үлкен рухани,
адамгершілік. Адамгершілік мектебі, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы. Домбыра талай
ғасырлар тарихи мен хикаяларын шанағына сақтап, «Алпамыс», «Ертарғын», «Қобыланды» сияқты
батырлардың ерлігін жырлаған. Міне, кешегі көшпенділердің осы қайталанбас мұрасы қолына
домбыра ұстаған дала баласының көркемдік рухының көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін
ұштап оны жыраулық, термешілік, әншілік және күйшілік өнерге жетелейді.Осы мақсатпен жастар
бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда талант пен дарын
алуда арнаулы музыка және жалпы беретін мектептердегі өнер үйірмесінің тәрбиелік маңызы зор.
Түрлі аспаптармен өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді небір тарлан таланттар
үлкен көркемдіу деңгейге көтеріп, әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде
қалыптастырды.XIX ғасырдың екінші жартысында дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші
композиторлар қатарында Біржан салды, Мұхитты, Ақан серіні, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі
Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Мәдиді, Нартайды, Майраны ерекше атауға болады. Халықтық әншілік
өнер сан ғасырлық тәжірибе нәтижесінде ән айтудың түрлі мектептерін, ән айтуға баулудың өзіндік
шеберлігін шыңдап, әннің жоғары көркемдік деңгейіне орай тыңдаушы халықтың биік талап –
талғамын қалыптастырып, жүйелі арнаға түсірді.
Дәстүрлі ән өнерінде халықтың салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, тарихи мен өмірі, тұрмыс –
тіршілігі, қоғамдық – әлеуметтік қатынастары, жалпы ұлттық болмысы көркем көрініс тапқан.Қазақ
халқының рухани жан – дүниесі ән өнері арқылы шебер бейнеленген.Ұстаздан шәкіртке ауызекі
берілетін халықтық ән айту дәстүрі арқылы ән үйренудің жүйеленген үрдісі қалыптасты.
Өнерлі ортада өскен жас талапкер ұстаз жанында айлап – жылдап жүріп, шеберлігімен бірге,
оның білім – танымын, тәжірибиесі мен орындау тәсілін үйренетін болған. Елге есімі тарап, түрлі
айтыс – тартысқа қатысып үлгірген өнерпаз әнші осылайша жеке өнер жолын айқында. Дәстүрлік
әншілік өнер мектептерге бөлінеді, олар былай аталады:
1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп.
3. Батыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.
4. Шығыс өңірлеріндегі әншілік мектеп.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
423
5. Сыр бойындағы әншілік – термешілік мектеп [1.23б].
Халық әндерінің елге кең тарап, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыруында әнші – композиторлармен
бірге жекелеген әнші орындаушылардың да еңбегі аз емес. Тамырын үзбеген дәстүрлі әніміз бүгінгі
күнге Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Кенен Әзірбаев, Қосымжан
Бабақов, Темірболат Арғынбаев, Қали Байжанов, Бисмилла Балабеков, Қуан Лекеров, Ғаббас
Айтбаев, Мәжит Шалқаров, Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Иса
Байзақов, Әли Құрманов, Дәнеш Рақышев, Жаңыл Қартбаева сияқты аса дарынды әншілер арқылы
жетті.Дәстүрлі халық әндерінің ел арасынан жиналып, нотаға түсіп, жүйеленуіне А. Затаевич, Б.
Ерзакович, А. Жұбанов, А. Темірбекова, Т. Бекхожина, С. Күзембаева және т.б. музыка зерттеуші
ғалымдар өте зор үлес қосты. Дәстүрлі ән өнерінің қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқан дәстүрлі
әншілер:
Сегіз сері (Мұхаммедханафия) – (1818 – 1854) Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл
ауданындағы Гүлтөбе – Маманай деген жерде туған. Әнші, ақын, күйшілігімен қоса, балуан, саятшы,
әрі он саусағынан өнер тамған шебер болған. Жан – жақты өнерпаздығына орай ел оны «сері»
атандырады. Заманның алдыңғы қатарлы, озық өнерпазы Сегіз серінің ән өнері қазақ әншілік
дәстүріндегі елеулі белес. Оның «Ақбақай», «Алқоңыр», «Ақ ерке», «Гауһар тас», «Жылыой», «Еңлік
– ай» әндері – классикалық үлгідегі шоқтығы биік туындылар.
Біржан сал Қожағұлұлы – (1834 – 1897) Біржан сал – ақын, әнші, композитор. Ол қазіргі
Солтүстік Қазақстан (бұрынғы Көкшетау) облысындағы Қожағұл құдығы деген жерде дүниеге
келген.Асқақ ақын, жезтаңдай әнші Біржан – қазақ ән өнерін өз әндерімен байытып қана қоймай, оны
жаңа белеске көтерген талантты композитор. Біржан сал әндері өз өмір кешкен заманның неше алуан
оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезімдерін лирикалық
әсем сазға бөлейді. Оның әндері дәстүрлі ән өнерінің ең таңдаулы, озық үлгісі болып саналады.
«Бұрылтай», «Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Жонып алды», «Көкек», «Айтбай», «Біржан сал»
сияқты әндері көп. Біржан әнші – композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма
ақын болған. Ақын Сарамен айтысқан. Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сынды
ақындар жалғастырды.
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы - (1843 - 1913) Ақан сері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданындағы Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Ақанның кең пейіліне, сырлы әнімен
өткір сөзіне жүрген жерін думанға айналдыратын өнеріне сүйсінген халқы оны сері атандырған. Ақан
өз маңына өнерлі жастарды жинап, серілік, салттық ғұмыр кешіп, тамаша әндер шығарған. Оның
«Сырымбет», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Балқадиша», «Көкжеңдет» және
тағы басқа көптеген әндері бар.
Абай Құнанбаев - (1845 – 1904) Қазақтың ұлы ақыны және композиторы Абай Құнанбаев
қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақтың ән өнерін жаңа
көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты. Оның «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, қаламқас», «Бойы
бұлғаң», «Көзімнің қарасы», «Өзгеге көңілім тоярсың» т.б әндері және «Торжорға», «Май түні» атты
күйлері бар. [2.11б]
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. XIX ғасырдағы қазақтың музыка
мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка
мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық. Көркем өнер
саласындағы дәстүрлі ән өнерінің орны ерекше. Себебі, дәстүрлі ән айту, орындау арқылы жастарды
тәрбиелеуге болады.
Әдебиеттер:
1. «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Т. Жұмағалиева, Д Ахметбекова,
Б.Ысқақов,Ә.Қарамедина, .Қоспақов.
2.«Қазақтың әншілікөнері» З.Қоспақов