«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
398
ретінде нағыз тарих ескерткіштерінің бірден бір діңгегі болып табылады. Музыкалық фольклор-
ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі десек артық болмайды.
Қазіргі кезде «музыкалық психология», «музыкотерапия» деген ұғымдар пайда болуда.
«Музыкалық психология» ғылым ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ғылымның
негізін қалаушы Людвиг Герман Фердинанд фон Гельмгольц болды. Ал адамзат тарихы бұл
ұғымдардың пайда болуына дейін сан ғасырлар бұрын өнердің, оның ішінде әсіресе музыканың
құдыретті күшін, психологиялық әсерін тиімді пайдалана біліп, өмірді көркемдеп әсерлейтін, рух-
жігер беретін қырларын жадында сақтайды.
«Музыка - адамзаттың әмбебап тілі» - деп ХVІІІ ші ғасырда американ ақыны Генри
Лонгфелло [2,59 б.]айтып кеткен. Музыканың адам психикасына тигізетін әсері де зор.
Жоғарыда келтірілген Владимир Маяковскийдің сөзі ХХ-шы ғасырдағы музыканың тікелей
көмегімен орын алған тарихи құбылыстар мен төңкерістерді сипаттайды. ХІХ-ХХ ғасырларда орын
алған төңкерістерде «массовая песня» жанры пайда болады. Бұл жанр халықтың психикасына
шабуыл және алға жетектеуші күш екенін халық басшылары айқын түсінген. Әрине бұл құбылыстар
сол уақытта психология, философия ғылымдарының дамуымен тікелей байланысты.
Ұлы француз төңкерісін жеңіске әкелген «Марсельеза» мен «Интернационал» әндері, орыс
төңкерісінің жеңіске жетуінің бірден-бір себепшісі деп айтуға толықтай негіз бар. Орыс төңкерісінен
бұрын атақты орыс ақыны Герцен былай дейді «Егер де кім де кім жүйкелік күйзелісте және
күрестен бұрын пайда болатын тербеліспен , бес мың дауыспен айтылған «Марсельезаны» естімесе,
ол төңкеріс әуенінің құдыретті әрекетін түсіне алмас». Осы сөзге мән берсек бес мың жанды баурап
ала алатын музыка-көпшілік психикасына әсер етудің ең тиімді жолы болып келетіні хақ. Әнде
қолданылатын пунктир ритмі мен салтанатты темп, марш жанрында жазылған жігерлі, көкейге тез
қонатын, тез есте сақталатын әуен - халықты, көпшілікті жігерлендіріп, күреске шақырады.
Бүгінгі күнде әрбір адамның көңілінен шығатын музыкалық стильдер мен бағыттардар бар.
ХХІ ғасыр музыкасы түрлілігімен ерекшеленеді және жеке тұлғаның талғам талаптарын толығымен
қамтамасыз етеді. Бұл еркіндік адамдардың ой еркіндігінің белгісі болып табылады . Классикалық
музыка, альтернативті музыкамен қатар дамып, өз тыңдаушысын табуда. Бірақ, қаншалықты жанрлар
мен стильдер ұсақталса, соншалықты халықтық психологиясы да сенімсіз позицияда тұрғанын
байқаймыз.
Жоғарыдағыларға түйін келтіретін болсақ, халықтың талғамының деңгейін көтеретін, рух пен
ұжданды жігерлендіретін, психологиялық тепетеңдік орната алатын шығармалар көбірек шығарылса
екен.
Әдебиеттер:
1.
https://baribar.kz/student/11518/
сайты
2.«Мудрость тысячилетий» энциклопедия Москва «Экспресс», 2004
3.«Халық фольклоры» А. Балабеков Алматы Өнер, 1998ж.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
399
Жұбатова Наргиз
5В091000-Кітапхана ісі
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., Г.И. Нұржанова
ҚазМемҚызПУ
КІТАПХАНАДА БАЛАЛАРДЫҢ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация. В данной статье рассмотрены формирование образовательной культуры в
детских библиотеках Казахстана. В результате анализа автор в литературе доказывает,
что благодаря компетенции библиотекаря, воспитанию родителей и присмотру родителей, а
также руководству учителя ребенок всегда близок к книге.
Abstract. This article discusses the formation of educational culture in children's libraries of
Kazakhstan. As a result of the analysis, the author in the literature proves that thanks to the competence of
the librarian, parenting and parental care, as well as the guidance of the teacher, the child is always close to
the book.
Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Ұрпағыңның сауатты да, білімді болғанын қалайтын әрбір
жан балаларын жас шағынан бастап кітап оқуға баулиды. Әрине, әрбір ата-ана балаларының дені сау
болып өсуін тілейді, бақытты болғанын қалайды. Келешекте үлкен жетістіктерге жетіп, таудың
шыңын бағындырғанын қалайды. Бұл үшін жас ұрпақ кітап оқып, жазу жазып, сауатын ашуы қажет.
Сол арада ата-ананың тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті,
кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсіз өмір сүре алмауы ата-анасының жақсы
тәрбиесінің белгісі [1, 15 б].
Кітапхана – түсінген жанға ақыл – ойдың, парасаттың қақпасы ретіндегі киелі шаңырақ. Сол
себепті адам мен кітапхана арасында байланыс орнауы тиіс. Бала-болашақ ересек адам. Оның кітапқа
деген сүйінпеншілігін жас кезінен қалыптастыру қажет. Сол мақсатта Қазақстанда күннен күнге
балаларға арналған кітапханалар жас ұрпаққа есіктерін ашуда. Балалар кітапxанасы Ұлттық
академиялық кітапxанада 2018 жылы 23 сәуірде ашылғанынан бастайын. Ол бүкіләлемдік кітап
күніне арналып ашылды. Ол кітапxанада тіркелу жоқ. 6 жастан 16 дасқа дейінгі бала ол жерге барып,
тіркелмей-ақ кітап оқып, айналысып, сабақтар қарай алады. Ол жерде робототеxника, Lego қалашық
және басқа да білім беретін бағдарламалар бар. Сондай-ақ, ол жерде күнделікті оқырмандармен
факультативті сабақтар, шаxмат және үйірмелер жүргізіледі. Балалар кітапxанасының ашылуы
аясында бүгінгі күні кітап қоры 10 мың кітапты құрайды.Осындай кітапханалардың ашылуы біз үшін
қуантарлық жағдай.
Кітапхана оқырмандарына кітапты дұрыс ұсына білсе, балалардың оқуға деген ынталығын
және кітапты өз бетімен пайдалана білуге тәрбиелей алса, онда кітапхана жұмысының дұрыс жолға
қойылғандығы білінеді. Кітапханаға жаңа келген балаларға кітапты мұхият біліп ұсыну керек,
өйткені балалардың арасында көп оқыған, талаптары күшті оқушылармен қатар, кейде аз оқыған
балалар да кездеседі. Көбіне 8-11 жас аралығындағы балалар тілге жеңіл,қызықты кітаптарды оқиды.
Қазақ халқына белгілі мысалдар мен аңыз-ертегілерді мысалға келтіруге болады. Жас-
жеткіншектердің талғамы мүлдем бөлек. Өкінішке орай, Қазақстанда жастар арасында көп оқылатын
Топ-20 тізімін анықтаған кезде, қазақстандық жазушылар ішінде болмай шықты. Жастар қазір
шетелдік әдебиетті оқиды. Бірақ бұмен ешкім қазақстандық авторлардың кітаптарын оқымайды деп
айтуға болмайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің тапсырмасы бойынша балалар жазда келіп, оларға
бағдарлама бойынша тапсырылған кітаптарды оқиды. Қазір қазақстандық басылымдар кітапты оқуға
қызықты болу үшін еуропалық форматпен өте жақсы деңгейге шықты.
Күннен күнге заман талабы да өзгеруде. «Заманына қарай адамы» демекші, Марат Кабанбай,
Музафар Әлімбаев, Корий Чуковский,Сапарғали Бегалин, Астрид Лингрен, Бердібек Соқпақбаев
сынды беделді балалар жазушыларының есімдерін жас ұрпақ білмеуі де мүмкін [2, 43 б].
Себебі, қазіргі заман бабаларының кітаптан басқа да ермегі толып жатыр; көгілдір экраннан
таңертеңнен кешке дейін көрсетілетін әсерлі мультфильмдер мен қырғын төбелес туралы фильмдер,
түрлі компьютер ойындары. Бұл «Бәсекелестіктер» бала назарын кітаптан гөрі өзіне неғұрлым
көбірек аударуда. Сөйтіп, бала мен көркем әдебиеттінің арасы алшақтап, баланың ақыл-ойының
дамуына әсер ететін мүмкіндіктер ескерілмей қалып жатыр.