«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
30
Ермаханбет Нүрилә Ринадқызы
5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Нұртаева А.Б.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация. В статье рассматривались эффективность обновленной образовательной программы
при обучении иностранного языка на начальном классе. А также даны методические рекомендации по
написанию научно исследовательской работы. По теме статьи анализировала самые эффективные методики
и опыт педагогов Назарбаев Интеллектуальной школы.
Abstract. The article reviewed the effectiveness of the updated educational program in teaching a foreign
language in primary school. And also given guidelines for writing research work. On the topic of the article, she
analyzed the most effective techniques and experience of teachers of the Nazarbayev Intellectual School.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», - деген ұлағатты сөзі қай педагог, қай саналы азаматы болсын,
толғандырмай қоймайды. Үш тілді меңгерген білімді, дарынды, озық ойлы, талантты ұрпақ – заман
дамуымен жаңашылдықты қабылдай отырып, өз үлесін қоса алады. Негізгі мақсат - бастауыш сынып
оқушыларына шетел тілін жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытудағы басты мәселенің бірі –
оқушылардың өз бетінше ізденімпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды
қамтамасыз ететін амал – тәсілдер табу. Шет тілін теориялық тұрғыдан меңгергеннен кейін, тәжірибеде
саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл – ой белсенділігін де дамыту. Сол себепті, тегіс педагог құрамы
үнемі жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуы маңызды болып отыр. Әрине, мұғалімнің
жаңа форматтағы біліктілікті арттыру, инновациялық технологияларды толықтай меңгеру арнайы
Кембридж университетінің тәсілінің теориялық негіздерін үйрену курсы әрбір ұстаз үшін тапсырмас
үлкен мүмкіндіктердің бірі екені белгілі. Бұның ішінде ұстаздарға педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге,
дұрыс бағалау форматының түрлерін пайдануға баса назар аударылады. Бағдарлама 7 модульден
тұратындықтан, бұл ағылшын тілі сабағының оқушыға қызықты өтуін дұрыс ұйымдастыруға септігін
тигізеді. Сынып ішіндегі оқушылар арасынан дарынды және талантты балалаларды анықтай алуға, оларға
логикалық және мазмұны күрделі тапсырмаларды ұйымдастыра алуға көмегі өте зор [1,4б] . Бүгінгі таңда
егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда.Себебі ел экономикасының дамуы,ел азаматтарының білім деңгейіне тікелей байланысты. Жалпы
мектепте ағылшын тілін бастауыш сынып оқушыларына жаңартылған білім бағдарламасы арқылы
оқытудың басты мақсаты - Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу. Бастауыш
сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында
болғандықтан,мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады.Үш тұғырлы тілді алға ұстаған
қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі балабақшадан бастап өтуді негіз етіп отыр. Осындай
дарынды,талапты жастарды біліммен сусындататын – Ұстаз. Ағылшын тілін төрт дағды (speaking,
listening, writing, reading ) бойынша оқыту үлкен нәтижеге бағытталған [1,2б]. Бастауыш сынып
жасындағы балалардың табиғатының өзі көрнекілік материалдарды қажет етеді.Сол себепті, сабақтың
өтілуі барысында, жаңа сөздерді жаттауда көрнекілік материалдардың болуы маңызды екендігі анық.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі де осы - оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері мен
критериалды бағалауды енгізу арқылы Қазақстан ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім беру
мазмұнын жаңарту [1,10б]. Оны үйрету барысында әр түрлі жаңа педагогикалық технологияларды,
өлеңдерді,ойын элементтерін,бейнефильмдерді қолдану . Оқушылардың жеке, топпен, жұппен жұмыс
жасай білуі, өзара өздерін бағалаудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, бағалай алуы маңызды
бөлімнің бірі. Сабақта әрбір оқушы берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, шағын
топтарда талқылай, бірлесе отырып жұмыс жасайды . Осы кезеңде оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде
сезініп, сабаққа немесе оқуға деген ынтасы артады. Өз ойын топта еркін айта отырып , басқа топ
мүшелерінің жауаптарын тындай отырып, бірін- бірі бағалайды [3,12б]. Жаңартылған білім беру
мазмұнына көшу кезеңмен басталды : 2016 жылы бірінші сынып оқушылары толықтай ауыстырылса,
биылғы жылы 2019 жылы осы 4, 9,11 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасы бойынша
оқытылуда [3,13б].
Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру
сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере
алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің білім беру
жүйесін болашақ пен заман талабына сай жаңарту ең негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Қазір білім мен