«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
344
стоматологу [2, c.266-270]. Все микроорганизмы семейства Staphylococcus
выделились в протезах
выше нормы, также
Esherichia coli и дрожжевые грибы рода
Candida. У одного пациента (в возрасте
80 лет) выделили Str.pneumoniae. В норме их не должно быть, т.е. пациента следует дальше
обследовать [3, c.94-96].
Наименования микроорганизмов
Колонизация
слизистой
Колонизация
протезов
рода Streptococcus
S. mutans
S. sciuri
S. mitis
S. sanguinis
Staphylococcus spp.
Esherichia coli
дрожжевые грибы рода Candida
1,3 х103
4,1х102
1,4х103
2, 7х103
1,3 10х2
2,4 х101
1,5Х102
1,9 х102
5,3х102
2,2 х102
2, 5х103
1,5х 104
2,7 х104
3,1Х103
Рис.2 Микробиоценоз ротовой полости при ношении протезов
Заключение: исходя из полученных данных в нашем исследовании, мы получили высокую
корреляцию между возрастом съемных зубных протезов, гигиеной, частотой обращения к
стоматологу и обсемененностью слизистой полости рта и зубного протеза.
Литература:
1. Боровский Г.В. Биология полости рта, 1991.
2. Царев В.Н. Микробиология, вирусология и иммунология полости рта, 2016.
3. Яковлева В.И. Диагностика стоматологических заболеваний, 1986.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
345
Жарылқап Зәуре
5В071100-Геодезия және картография
Ғылыми жетекшісі: PhD М.Е.Рахымбердина
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Өскемен қ.
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ТҮСІРІС НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Аннотация. В данной статье рассмотрены автоматизированные системы обработки
землеустроительной информации и виды топографической съемки, меры топографического
обеспечения и планово-высотные основы. Кроме того, показаны топографо-геодезические
характеристики г. Усть-Каменогорск, Новосибирского района.
Abstract. In this article the automated systems of processing of land management information and
types of topographic survey, measures of topographic support and planning and high-rise bases are
considered. In addition, topographic and geodetic characteristics of Ust-Kamenogorsk, Novosibirsk region
are shown.
Қазіргі кезде өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында, мәліметтерді автоматты өңдеу
қолданылады. Деректерді автоматты өңдеу артықшылықтары іс жүзінде іске асып, деректерді қолмен
өңдеу өте сирек кездеседі. Автоматтандыру тиімділігі – өңдеу жылдамдығын арттыру және кез
келген қатенің пайда болу ықтималдығын азайту арқылы жоғарылатылады. Сонымен қатар,
автоматтандыру барысында еңбек өнімділігі жоғарылайды, әкімшіліктің шығындары азаяды. Себебі,
ақпараттың қайта қайталанбауы – қызметкерлердің өз жұмысын жылдам орындауына әкеледі.
Автоматтандыруды енгізу барысында тура әсерден басқа, жанама әсерлер де бар: жұмыс сапасы
артып, қызметкерлердің квалификациясы мен өндіріс мәдениеті жоғарылайды [1].
Автоматтандыру жүйесіне сонымен қатар, топографиялық–геодезиялық жұмыстар мен
картографиялық материалдарды цифрлау құрылғылары кіреді. Бұлар жүйенің деректер қорына енгізу
үшін жер учаскелерінің цифрлық сипаттамаларын алу мен өңдеуді қамтамасыз етеді. Жерге
орналастыру ақпараттарын өңдеудің автоматтандырылған жүйесі құрамында: далалық өлшеу
материалдарын өңдеу жөніндегі программалық кешен, мәліметтерді енгізудің автоматтандырылған
құралдары (электронды геодезиялық қондырғылар жадысынан), графикалық ақпаратты енгізу
құралдары (сканер), графиктер мен автоматтандырылған сызуды өңдеу программалары, графикалық
және мәтіндік ақпаратты шығару құрылғылары (принтер, плоттер) бар [2].
Топографиялық түсіріс - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты
белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және
камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан
ірі масштабтарда жасалады. Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері,
топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.
Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар:
- түсіру торабын құру;
- аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін жүргізу;
- геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі заттардың
орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес
дәлдікпен және толықтығымен салу;
- жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің,
көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау;
- картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің
ағыс жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді
және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.
Топографиялық түсіру - жергілікті жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау
кезіндегі орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы:
- тірек нүктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау;
- егжей-тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы
мен биіктігін анықтау;