«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
303
Тәжмахан Айдана
5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Қараева Т.Н.
ҚазМемҚызПУ
ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация. В данной статье рассматривается психологические особенности формирования
национального сознания у детей младшего школьного возраста.
Abstract. The article considers psychological features of formation of national consciousness at the
children of junior school age.
Зерттеу мақсаты – кіші мектеп жасындағы оқушылардың ұлттық санасының қалыптасып
дамуынының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі – бастауыш мектеп оқушылары
Зерттеу пәні – бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық санасын қалыптастырудың
психологиялық ерекшеліктері
Зерттеу болжамы: егер кіші мектеп кезеңінде оқу іс-әрекетінде ұлттық салт-дәстүрлер туралы
түсініктерді мақсатты түрде арнайы бағыттай меңгертсе, тұлғаның ұлттық санасы қалыптасады.
Эксперименттік жұмыс Алматы қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияда 7-8
жас аралығындағы (1 сынып оқушыларымен) өткізілді. Экспериментке 26 оқушы қатыстырылды.
Оқушылардың ұлттық санасының қалыптасуын диагностикалау үш бағытта жүргізілді:
1. Этномәдени сәйкестенуін іске асыратын этностық білім көлемін анықтау үшін «Не артық
және неге?», әдістемесін таңдадық.
2. Этномәдени бағыттылығын іске асыратын өз ұлтының материалдық салт-дәстүрін оң
қабылдауын анықтау үшін өз халқының материалдық мәдени мұрасына ішкі рухани қажеттілігін,
туған жерге бауыр басушылығы мен сүйіспеншілігін анықтауда «Қай көрініс ұнайды?» әдістемесін
қолдандық [1, 12 б.]
3. Ұлттық мәдениетке сәйкес әрекет етуін іске асыратын этностық дүниетанымын анықтау
үшін «Туыстарым менің туылған күнімде» әдістемесін пайдаландық.
1.«Не артық және неге?» әдістемесі арқылы оқушылардың этномәдени сәйкестенуін зерттедік.
Бұл жерде ең алдымен, оқушылардың өз ұлтының материалдық салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін
танып-білуін, оларды ұлттық белгісіне қарай біріктіре және бөле алуын анықтадық.
Бұл әдістеме қорытындысы көрсеткендей, зерттеуге алынған 26 оқушының ішінен тек 1
оқушы (3,8 %) өте жоғары деңгейге көтерілді. 1 оқушы (3,8%) тәжірибе жүргізушінің көмегіне
жүгініп жоғары деңгейге көтерілді. 8 оқушы (30,8%) орта деңгейге көтерілді. 12 оқушы (30,8%)
ұлттық заттардың атауын толық білмейді. 4 оқушы (15,4%) бірде-бір артық затты дұрыс таппады.
1. Оқушылардың этномәдени бағыттылығын зерттеуде өз ұлттық мәдениетінің оң қабылдауын
диагностикалауда туған жерге бауыр басушылығы мен сүйіспеншілік сезімін «Қай көрініс ұнайды?»
әдістемесі арқылы анықтадық.
Бұл әдістеме бойынша «Жайлау» көрінісін таңдаған 2-і (7,7%) ғана таңдау себебін туған ел, жер
көрінісімен байланыстырып, әңгімелеп, оған сүйіспеншілік сезімін білдірді. «Жайлау» көрінісін
таңдаған 4 оқушы 15,4(%) қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне деген сүйіспеншілік
сезімін байқатты.
Ал қалған оқушылардың көпшілігі «Жайлау» көрінісін таңдап алғанымен, таңдауының себебін
табиғат көрінісінің (таулар, ұшып жүрген құстар, шыршалар) ұнайтындығымен, жыл мезгілімен
(көктем), іс-қимылдың (атқа міну) тартымдылығымен ғана байланыстыратындығы немесе түсіндіре
алмайтындығы, селқос әңгімелейтіндері анықталды. Бұл оқушылардың кейбіреулері біздің «Бұл
кімдердің жері?», «Бұл қай халықтың жері?» деген жетелеуші сұрақтарымызға «қазақтардың» деп
жауап бергенімен де, оған бауыр басушылық, сүйіспеншілік сезімдерін көрсетпеді.
2. Келесі бағыттағы жұмыстың мақсаты – оқушылардың ұлттық мәдениетке сәйкес әрекет
етуін зерттеу. Оны іске асыратын этностық дүниетанымын диагностикалауда ең алдымен
оқушылардың отбасы мен туыстық қарым-қатынаста ұлттық мінез-құлық ережелерін меңгеруін
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
304
«Туыстарым менің туған күнімде» әдістемелері арқылы анықтадық. Оқушылардың «Туыстарым
менің туған күнімде» тақырыбына салған суреттерін төмендегі бағытта талдадық.
1. Отбасының және туыстарының шын мәніндегі және қиялдан туған мүшелері. Қиялдан
туған отбасы мүшелері мен туыстарды ешқандай оқушының суретінен байқамадық.
2. Отбасы мүшелерін және туыстарын салу реті (кімнен бастап салып, кіммен аяқтайды).
3. Оқушының эмоциялық реакциясы: отбасы мүшелерін, туған-туыстарын бар ынтасымен,
ұқыпты, әдемі етіп, түрлі түстерді пайдаланып салуы.
4. Оқушының отбасы мүшелерін, туған туыстарын атауда халқымыздың дәстүрі бойынша
нақты атауларды қолдануы (ата, әже, ана, апа, аға, іні, сіңілі, қарындас және т.б.)
Оқушылардың барлығы әке-шешесін «папам», «мамам» деп атады. Ал өздерінің үлкен-кіші
туыстарын атам, әжем, ағам, әпкем, інім, сіңілім деп атайтын оқушылармен қатар көптеген оқушылар
бабушкам, тетя, дядя, братигім, сестренкам және т.б. деп атап, қазақша атауларын қолданбайды.
Сонымен, эксперименттік зерттеуімізге сәйкес этномәдени сәйкестенуін зерттеуде
оқушылардың этностық білім көлемін, яғни өз халқының материалдық және рухани салт-
дәстүрлерінің атауын, оларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай біріктіруді, өзге халықтардың салт-
дәстүрлерінен ажыратуды меңгеру деңгейін анықтадық. Біздің осы бағытта жүргізген әдістемеміздің
қорытындысы бойынша оқушыларда этностық білімдерінің түрлі деңгейі мен кейбір мәнді
ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеудің екінші бағытында біз оқушылардың туған жерінің табиғаты мен ондағы тұрмыс-
тіршіліктің ерекшелігіне қатынасы арқылы ұлттық қатыстылыққа бағыт алуын анықтадық.
Оқушылардың жауаптарынан біз анықтаған ерекшеліктер:
1) өз елінің табиғатын таңдауда оның ұлттық мәніне саналы түрде көңіл бөлмегенімен,
олардың ерекше белгілеріне көңіл аудару арқылы түпкі сана деңгейінде өзге ұлттікінен ажырата
алады;
2) өз елінің немесе өзге елдің табиғатын таңдауының себебін негіздей алмайды.
Диагностикалаудың үшінші бағытында оқушылардың адамгершілік-моралдық нормалары
ұлттық рухани салт-дәстүрлер тұрғысынан қабылдауына байланысты этностық дүниетанымын
анықтадық.
Қорыта айтқанда, 7-8 жастағы оқушылардың ұлттық өзіндік сана компоненттерінің төмен
деңгейлері басым болып отыр. Мақал-мәтелдер ен жаңылтпаштар, атақты билердің нақыл сөздері мен
шешендік сөздері және т.б. жаттанды тек сөз жүзінде, әрі үзік-үзік екендерін көрсетті. Оқушылардың
ұлттық бағытта меңгерген білімдері мен іскерліктері жеткілікті дәрежеде жалпыланып, саналы
меңгерілмеген, осының негізінде ұлттық ерекшелік туралы ұғымдары дұрыс қалыптаспаған, «ұлттық
Менін» түсіну деңгейі өте төмен. Сондықтан да 7-8 жастағы оқушылардың ұлттық өзіндік санасын
оқыту үрдісінде мақсатты-бағытты қалыптастыру қажет етіледі.
Әдебиеттер:
1. Елікбаев Н. Ұлттық психология. - А.: 1993. - 82 б.
2. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - А.: Санат, 1995. - 96 б.
3. Бердібаева С. Тұлға психологиясы. – Алматы: «Алла прима» ЖШС, 2008. – 115 б.
4. Мырзатаева Б.П. Этностық өзіндік сананы қалыптастырудың психологиялық
ерекшеліктері. 19.00.01. жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы,
этнопсихология. Автореферат...2008.