A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
12 / 26
Жаңғыртылатын ресурстар мен жаңғыртылмайтын материалдық ресурстарды, мысалы, орман
өнеркәсібінің өнімдерін, балық қорын, пайдалы қазбаларды, металлдарды, т.б.пайдалану;
Суды пайдалану және тұтыну;
Қалдықтар мен төгілімдер, мысалы, тау-кен өндіру саласының қалдықтары, қауіпті қалдықтар,
радиациялық қалдықтар және өнеркәсіптік қалдықтар.
Әрекет ету саласының кең болуы арқасында Климат өзгерістері туралы есептілік жүйесі (КӨЕЖ) климат
өзгерістерімен байланысты жағымсыз зардаптарды жұмсарту және осы жағдайларға бейімделу жөніндегі
іс-әрекеттен тыс экологиялық есептіліктің кең қолданысын қамтамасыз етудің бастапқы нүктесі болып
табылады. Климат өзгерістері туралы есептілік жүйесінің (КӨЕЖ) шеңбері үрдіске бағдарланғанын және
өлшеу хаттамаларына тәуелді емес екенін ескеретін болсақ, оларды экологиялық есепке алу мен
есептілік үшін жасыл "мета-стандарты" ретінде пайдалануға болады.
2.4
Көпжақты банктердің жалпы қағидаттары
Көпжақты даму банктерінің климаттық жобаларды қаржыландыру туралы есептілігін қадағалау және
ұсынылуын анықтаудың жалпы анықтамаларында
22
климат өзгерістерінің жағымсыз зардаптарын
жұмсарту шараларына арналған инвестициялардың санаттары мен климатқа бейімделу іс-әрекеті
жөніндегі мәліметтер берілген. Климат өзгерістерінің жағымсыз зардаптарын жұмсарту шараларын
қаржыландыруды қадағалаудың жалпы қағидаттары
23
және Халықаралық даму банкімен және
Халықаралық даму жөніндегі қаржы клубымен келісілген климатқа бейімделу бойынша қаржыландыруды
қадағалаудың жалпы қағидаттары климат өзгерістерінің жағымсыз зардаптарын жұмсартуды
қаржыландыру және климат өзгерістеріне бейімделуді қаржыландырудың анықтамасына қол жеткізузе
бағытталған. Бұл қағидаттарға жалпы анықтамалар, басшылық қағидаттар жиынтығы және
критерийлерге сәйкес келетін іс-әрекет түрлерінің тізімі жатады, сонымен қатар олар, мысалы, "жасыл"
инвестициялардың санаттарының анықтамалары үшін стандарт ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қағидаттарға негізделгенде кез-келген іс-әрекет «парник газдарының (ПГ) шығарындыларын қысқартуға
немесе шектеуге ұмтылған жағдайда немесе ПГ шығарындылары бойынша квота секвестрін күшейтуге"
сәйкес келген жағдайда, климат өзгерістерінің жағымсыз зардаптарын жұмсарту іс-әрекеті болып
жіктеледі. Бұл қағидаттарда «жасыл» инвестицияларды анықтаудың пайдалы құралы ұсынылады,
өйткені олар тәптіштелген тәсілдемені пайдаланады және жағымсыз зардаптарды жұмсарту шаралары
автономды жобаларға, ірілеу жобаның қосалқы компонентіне, несие желісіне немесе ірілеу бағдарлама
аясындағы бірнеше автономды жобаларға қосылуы тиіс екендігін мойындайды. Төменде тиісті шаралар
тізімі келтіріледі. Біліктілік критерийлері «жасыл» қаржы ағымдарын сәйкестендіру немесе қадағалауға
арналған әрекеттер негізінде анықтамаларды белгілеуге мүмкіндік береді, алайда оларға ПГ
шығарындыларын есепке алу стандарты қосылмайды.
Климат өзгерістерінің жағымсыз зардаптарын жұмсартуды қаржыландыру ретінде жіктелуге құқылы іс-әрекет
түрлерінің мысалдары
Жаңғыртылатын энергия (генерация, жылумен жабдықтау, қуатты жаңғыртып генерациялау желісіне кіріктіру)
Көміртегі шығарындысы төмен деңгейлі қуатты генерациялау және қуатты тиімді өндіру (қуатты жөнелту, жылу-
электр станциялары)
Энергияны тиімді пайдалану (өнеркәсіп, ғимараттар, коммуналды қызметтер, автопарк)
Ауыл шаруашылығы, егін шаруашылығы және жер пайдалану (орман өсіру, орман қапталдарын қалпына
келтіру, мал шаруашылығы)
Парник газдары шығарындыларын энергетикалық емес сипатта қысқарту (шығарындыларды бақылауға алу,
CO2 тұту)
Қалдықтар мен сарқынды сулар
22
Көпжақты даму банктерінің климаттық қаржыландыру туралы бірлескен есебі (2016 жыл). Келесі сайттан қол
жеткізуге болады: http://www.adb.org/documents/joint-report-mdbs-climate-finance-2015
23
Екі қағидатқа да ЕҚДБ сайтында қол жеткізуге болады: http://www.ebrd.com/what-we-do/get/measuring- impact.html
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
13 / 26
Транспорт (көлік)
Көміртегі шығарындысы төмен деңгейлі технологиялар (өнімдер мен жабдықтар)
Өтпелі сұрақтар
5-
сурет. Климатқа келтірілетін жағымсыз зардаптар жөніндегі жобалардың санаттары
Климат өзгерістеріне бейімделуге келер болсақ, онда көпжақты даму банктерінің (КДБ) қағидаттары
климат өзгерістерінің ағымдағы және күтілетін жағымсыз зардаптарын жоюға бағытталған, әсіресе
климат өзгерістерінің жағымсыз ықпалына ұшырауы мүмкін инвестицияларға және климат өзгерістеріне
бейімделген инвестициялардың көмегімен жағымсыз зардаптарды азайтуға немесе жұмсартуға болатын
іс-әрекетті қаржыландыруға жатады.
Климат өзгерістеріне бейімделген инвестициялар үшін жобалар тізімі берілмейді, оның орнына бұл
әдіснама климаттық тәуекелдер мен осалдықтар, сондай-ақ қаржыландырылатын іс-әрекет арасындағы
байланыстарды анықтау және көрсетудің тәсілдемесін орнатады. Осылайша бейімділіктің бұл
анықтамасы «жасыл» қаржыландыруға қатысты кең ауқымды тәсілдеменің болуын қамтамасыз етеді, ол
кең мағынасында климаттық тәуекелдері айқын білінетін кез-келген секторды қамтиды, ал климат
өзгерістеріне бейімделуді қаржыландыру басқа инвестициялық шаралармен шектелуі мүмкін.
2.5
Экватор қағидаттары
Экватор қағидаттары жобаларды қаржыландыруға қатысты экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді
сәйкестендіру, бағалау және басқаруға арналған қаржылық сектордың жетекші ерікті стандарты болып
табылады. Бұл қағидаттар Халықаралық қаржы корпорациясының тиімділік көрсеткіштерін бағалау
стандарттарына және Дүниежүзілік банк Тобының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі басшылық қағидаттарына негізделген. Қазіргі уақытта 36 елдегі 87 қаржы ұйымы
Экватор қағидаттарын қабылдады және олар дамушы нарықтардың қарызының 70%-нан астамын
қамтиды. Бұл Қағидаттар төрт қаржы өніміне қолданылады:
24
капитал шығындары 10 млн.АҚШ
долл.жоғары жобалар мен жобалық қаржыландыру жөніндегі кеңес беру қызметтері, өтеу мерзімі 2
жылдан астам, сомасы 100 млн. АҚШ долл.астам жекелеген жобаларға арналған жобалармен
байланысты корпоративтік несиелер, қаржыландырылатын жоба арқылы қайта қаржыландыруға тиесілі
негізгі қаржыландыруға дейінгі қысқа мерзімді несиелер немесе корпоративтік несие. Экватор
қағидаттары тәуекелдер санаттарының анықтамаларынан, экологиялық және әлеуметтік бағалар мен
стандарттардан бастап экологиялық және әлеуметтік басқару жоспарларына, мүдделі тараптармен
өзара әрекеттесуге, талдау мен есептілікке дейінгі 10 тақырыпты қамтиды.
Қағидаттарда Халықаралық қаржы корпорациясының санаттарға бөлу үрдісін пайдалана отырып,
экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді, сондай-ақ жағымсыз ықпалдарды санаттарына қарай
бастапқы талдау және бөлуді жүргізу арқылы жобаларды қарастыру үрдісі белгіленген. Экологиялық
және әлеуметтік бағалауға сонымен қатар Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) экологиялық
және әлеуметтік тұрақтылық бойынша тиімділік көрсеткіштерінің стандарттары жобасына және
көрсеткіштерін бағалау стандарттарына және Дүниежүзілік банк Тобының еңбекті қорғау, қауіпсіздік
техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басшылық қағидаттарына сәйкестілікті сараптау да
жатады. Тәуекелдерінің дәрежесі жоғары санаттарына қатысты жобалар үшін тиісті стандарттарды
ұстануға арналған экологиялық және әлеуметтік басқарудың бөлек жоспарын жасақтау талап етіледі.
Жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысатын кез-келген қаржы ұйымы Ұйымның хатшылығы арқылы
мүшесі болып және Экватор қағидаттарын енгізу бойынша есептілікке қойылатын талаптарды ұстануға
келісе отырып, Экватор қағидаттарын қабылдай алады. Қағидаттарды қабылдау арқылы қаржы
ұйымдары барлық аспектілер бойынша барлық берілген қағидаттарға сәйкес келмейтін жобаларды
қаржыландыруға емес, бұл қағидаттарды жобаларды қаржыландырудың барлық көлемінде және
жобаларға қатысты корпоративтік несиелерге енгізуге міндеттенеді.
24
http://www.equator-principles.com/resources/equator_principles_III.pdf