A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
22 / 26
техникалық стандарттарға, мысалы, келесілері жатады: ПГ шығарындылары жөніндегі хаттама
39
, ЕС
шығарындылар квоталарының саудасы (EU ETS) немесе Калифорния шығарындылар квоталарының
саудасы жүйесі сияқты шығарындылар квоталарының саудасы жүйелерінде қолданылатын
40
Экологиялық таза даму механизмі және
41
шығарындыларды есепке алу мен шығарындылардың
көлемін қысқартудың корпоративтік әдістері аясында БҰҰ парник газдарының шығарындыларын есепке
алу және заңдастыру, шығарындыларды қысқарту әдіснамалары жөніндегі ISO 14064 стандарттары.
Үрдіске бағдарланған стандарт пен техникалық стандарт арасындағы айырмашылық әртүрлі "жасыл"
стандарттарды қабылдау мәселесін қарау кезінде маңызды ерекшелік болып табылады. Сонымен қатар
кейбір «мета-стандарттар» және есептілік стандарттары арасындағы өзара байланыстарға да көңіл бөлу
қажет. Бұл өзара байланыстар Климат өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі
арнайы жұмыс тобының ұсынбалары Корпоративтік басқару қағидаттары (G20) / Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Жаһандық есептілік бастамасы және Тұрақты даму
саласындағы есептілік жөніндегі басшылық қағидаттар (G4) сияқты бірнеше маңызды есептілік
жүйелерінің қолданыстағы практикасында қалай пайдаланылатындығы туралы мысалмен көрсетілді.
Осыған ұқсас түрде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бірқатар базалық
техникалық стандарттар мен есептілік жүйелеріне сілтеме жасайды. Мұндай жан-жақты қамтитын
стандарттарды қабылдау пайдаланылатын техникалық стандарттарды таңдаудағы икемділікті
қамтамасыз етуде басымдық береді, алайда стандарттарды қабылдайтын ұйым «мета-стандарт» негізіне
алынған стандарттың бірін іріктеп, таңдауға қабілетті болуы тиіс дегенге келіп саятын кемшілігі де бар.
АХҚО үшін стандарт таңдау кезінде басты анықтаушы фактор "жасыл" қаржыландыру саласындағы және
қаржы саласының тиісті мақсаттық аумақтарындағы мандатының әрекет ету саласы болуы тиіс. 1.3-
бөлімде нысанаға алынған қаржы сегменті мен ұсынылатын стандарттар типі негізінде әртүрлі
стандарттарды санаты бойынша бөлуге арналған матрица ұсынылды. Бұл матрицаның мақсаты -
стандарттардың мақсаттары әртүрлі екендігін және олардың қаржы саласының әртүрлі сегменттеріне
қызмет көрсететінін бейнелеп көрсету.
3-
кестеде санаттар бойынша бөлуге жалпы шолу жасалған. Кестеден көріп тұрғанымыздай,
Халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) ПГ шығарындыларын есепке алу стандарты (жобалық
қаржыландыру және инвестициялар) және Климаттық облигациялар саудасы стандарты (заемдық
капитал) тұтынушыға базалық инвестициялардың сапасын немесе санын анықтауға немесе өлшеуге
мүмкіндік беретін стандарт типі болып табылады. E&S ЕҚДБ құрылымына, мысалы, сонымен қатар
инвестициялық жобаларға арналған шығарындылар мөлшерін анықтаудың басшылық қағидаттары
енгізілген. Стандарттардың екінші санаты жобалық қаржыландыру (Экватор қағидаттары немесе
«Жасыл» облигациялар саудасының қағидаттары) сияқты нақты «жасыл» қаржы ағымдары бойынша
климаттық қаржыландыру немесе есептілікті қадағалау анықтамаларында шоғырланған. Жоғарыда
талқыланғандай, ақпарат ашу стандарттары реттеушілер, инвесторлар және басқа да мүдделі тараптар
үшін климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау құралы ретінде ұсынуға негізделген.
3-
кестеде АХҚО өзінің болашақ мандатына сәйкес бір немесе бірнеше "жасыл" стандартты қабылдау
кезінде қолдана алатын тәсілдемелер алуан түрлі етіп берілген. Бұл қолайлылыққа қосымша ретінде
АХҚО «жасыл» стандарттардың бір-бірімен қалай байланысып тұрғанын, олардың ұлттық және
халықаралық парник газдарының шығарындыларын есепке алу жүйелерімен қалай өзара
әрекеттесетінін, сондай-ақ қаржыландырудың қандай "жасыл" стандарттарына тосқауыл қойылып
немесе ілгері жылжытылатынын түсінуі тиіс. Мысалы, "жасыл" облигациялар саудасы стандарттарын
қабылдау Көпжақты даму банктерінің (КДБ) стандарттарымен келістіру КДБ тарапынан қаржыландыруға
жол ашатын "жасыл" облигациялар нарығын қалыптастыруға септігін тигізеді. Парник газдарының
шығарындыларын есепке алу стандарттары нақты нәтижелерге бағдарланған, заңдастырылған
нәтижелерді (қысқартылған шығарындылар) қаржыландыруға қол жеткізу үшін пайдаланатын климаттық
39
http://www.ghgprotocol.org/
40
http://www.iso.org/iso/home/store/catalogue_tc/catalogue_detail.htm?csnumber=38381
41
http://cdm.unfccc.int/
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
23 / 26
қаржыландырудың жолашарлары болып табылады. "Жасыл" климат қоры (ЖКҚ) нақты нәтижелерге
бағдарланған климат саласындағы қаржыландырудың болашақ әлеуетті көздерінің бірі болып табылады.
Осылайша "жасыл" стандарттарды таңдау «Жасыл» экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін
халықаралық қаржыландырудың мақсаттық көздерімен байланысады.
Қандай стандарттардың таңдалғанына қарамастан, олар қарастырылған іс-әрекет үшін өзекті болуы тиіс,
халықаралық озық практикада қолданылып, оған үлесін қосып, ашықтық, дәлдік, толымдылық,
келісімділік және салыстырмалылық қағидаттарының жүзеге асырылуына септігін тигізуі тиіс. Деректерді
құрамды бөліктерге бөлу және негізгі олқылықтар, анықтамалар мен әдіснамалар туралы толық
мәліметтер ұсыну есептіліктің сапасын арттыруға және уақыт өте келе дамыған сайын «жасыл»
стандарттарға өзгерістер енгізуді жеңілдетуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда Көпжақты даму банктері
(КДБ) жасақтаған қағидаттар мен тәсілдемелер БҰҰ КӨНК қандай стандарттары болашақта кеңінен
танымал болатындығының ең үздік көрсеткіштері болуы мүмкін. Басты қағидат ретінде озық практиканы
қабылдау әдетте «жасыл» қаржыландыру сияқты салалардағы ақылға қонымды стратегия болып
табылады, оның аясындағы стандарттар бұрынғыдан бетер қатаңдана түсіп, уақыт өте келе орындауға
міндетті болары сөзсіз.
Қаржылық
сегмент
Жалпы қаржы ұйымы
Жобалық
қаржыландыру
және
инвестициялар
Активтерді
басқару
Заемдық
капитал
«Жасыл»
стандарт типі
Сапаны немесе
санды өлшеу
ЕҚДБ
экологиялық
және
әлеуметтік
саясатының
қағидаттары
Халықаралық
қаржы
ұйымдарының
парник газдарының
шығарындыларын
есепке алу
стандарты
Климаттық
облигациялар
саудасы
стандарттары
Қаржы және
қаржылық
есептілікті
қадағалау
стандарты
Көпжақты даму
банктерінің (КДБ)
жалпы қағидаттары
Экватор
қағидаттары
«Жасыл»
облигациялар
саудасының
қағидаттары
Ақпаратты ашу
стандарттары
Қаржылық
қызметтер
жөніндегі кеңестің
(FSB) ақпаратты
ашу механизмі,
Экологиялық ықпал
туралы ақпаратты
ашу стандарттары
жөніндегі кеңес
(CDSB)
Жауапты
инвестициялау
қағидаттары
3-
кесте. АХҚО әлеуетті қабылдауға тиісті «жасыл» стандарттарды санаттарына қарай бөлу
3.3
«Жасыл» стандарттарды таңдау үрдісіне ықпал ететін басқа факторлар
Тиісті «жасыл» стандарттарды таңдау үрдісінде сонымен қатар шешімге ықпалы болатын басқа
факторлар ескерілуі тиіс. 3.2-тарауда қозғалған «қолайлылық» факторын талдау «жасыл» стандартты
енгізу туралы шешімге ықпал ететін жалпы факторлардың шолуымен толықтырылуы мүмкін. Бұл
факторлардың өзектілігі стандарт қабылданатын нақты жағдайға, тартылатын секторлар мен қаржы
ұйымдарына, мүдделі тараптардан жасалатын қысымға және реттегіш мотивациясына байланысты.
Шешімнің қабылдануына ықпал ететін кейбір маңызды факторлар төмендегі кестеде атап көрсетілген.
Анықтаушы
фактор
Шешім қабылдаудың тірек
нүктесінің мысалы
Суреттемесі
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
24 / 26
"Жасыл"
стандарттың
мақсаты мен
міндеттері
"Жасыл" стандарттың негізгі
мақсатын анықтау, мысалы,
ақпаратты ашу, жағымсыз ықпалын
қадағалау немесе өлшеу.
«Жасыл» стандарттар стандарт негізінде жатқан негізгі міндетіне
қарай әртүрлі мақсаттарға байланысты қабылданады. Ақпаратты
ашудың ерікті және нормативтік стандарттары әдетте актив құнына
әсер етуі мүмкін климаттық тәуекелдер (немесе басқа экологиялық
тәуекелдер) туралы ақпаратты ашуды қамтамасыз ету арқылы
материалдық активтерге қатысты белгісіздікті азайтуға бағытталады.
Ақпаратты ашу стандарттары реттеушілер, инвесторлар,
сақтандырушылар және үкіметтік емес ұйымдар сияқты мүдделі
тараптарға олардың қаржылық және материалдық активтерінің
климаттық тәуекелдерге ұрынуға бейімділігін (белгілі бір
жағдайларда) бағалауына көмектеседі.
«Жасыл» стандарттар қадағаланады, оның мақсаты - капиталдың
келісілген «жасыл» анықтамаларға сәйкес "жасыл" активтерге
жұмсалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ капитал ағымдарының осы
активтер класына барып түсуін қадағалау және мұны есепте көрсету.
Ақпаратты ашу және қадағалау стандарттары жағымсыз ықпалды
өлшеу стандарттарымен ұштастырыла қолданылуы мүмкін. Бұл
стандарттар өлшеу немесе бастапқы бағалау үшін немесе "жасыл"
қаржыландырудың экологиялық ықпалын есептеуден (мысалы,
парник газдарының шығарындыларын қысқарту, қуат үнемдеу, т.б.)
кейін пайдаланылады. Ықпалын өлшеу нақты нәтижелерге
бағдарланған қаржыландыруға негіз болады, мұндағы "жасыл"
қаржыландыру қол жеткізілген экологиялық үнемдеулер туралы
өлшеулер мен есептілікке байланысты.
Мақсаттық
секторлар
Кейбір «жасыл» стандарттар кез-
келген қаржы ұйымында, ал
кейбірлері қаржы саласының нақты
сегменттерінде (мысалы,
активтерді басқару немесе
сақтандыру) қолданылады.
«Жасыл» стандарттың өзектілігі оның қаржы секторында
қолданылуына байланысты. Кейбір стандарттар кеңінен қолданылса
(мысалы, ақпаратты ерікті ашу стандарттары), ал кейбір
стандарттары қаржы саласының нақты қосалқы секторына арналған.
Сондықтан стандарт немесе мақсат қолданылатын қаржы саласының
секторын анықтап алудың маңызы зор. Нақты активтерге арналған
секторлар, дәлірек айтқанда, стандарттар мысалдары жоғарыдағы
тарауда келтірілген және, мысалы, Экватор қағидаттары мен
"Жасыл" облигациялар саудасы стандарттары енгізілген.
Сектордың
мүдделі
тараптары
Стандарттың мүдделі тараптардың
белгілі бір тобына пайдасы бар ма?
Тиісті мүдделі тарап дегеніміз кім?
Кейбір «жасыл» стандарттар мүдделі тараптар, инвесторлар тобы
тарапынан қатты қысым жасалуы нәтижесінде пайда болды, мысалы,
Климат өзгерістері саласындағы институттық инвесторлар тобы
(IIGCC) мен Портфельді декарбонизациялау коалициясы активтерді
басқарушылар мен инвесторлардың есеп беру практикасына
экологиялық ықпал туралы ақпаратты ашу стандарттарын енгізді.
Қандай "жасыл" стандартты қабылдау қажет деген шешімді бекіту
кезінде мүдделі тараптардың топтары мен олардың басымдыққа ие
тұстарын білудің маңызы зор.
Сектор
мотивациясы
Сектор басқару қандай тәуекелдер/
мүмкіндіктер арқылы жақсартылуы
мүмкін?
Климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктер белгілі бір дәрежеде
әртүрлі секторларға қарай, сондай-ақ экономиканың түрлі
секторларына қызмет көрсететін қаржы саласына қарай өзгеріп
отырады. «Жасыл» стандартты енгізу мотивациясы көбінесе сала
немесе қолдау көрсетуші қаржы саласы басқаруға тырысатын негізгі
тәуекел немесе мүмкіндікке байланысты туындайды. Тәуекелдер
физикалық тәуекелден (материалдық активтерге арналған
тәуекелдер), жауапкершілік тәуекелінен (ықпалдың уақыт өте келе
жауапкершілігінің артуы) бастап тікелей қаржылық тәуекелге
(мысалы, активтер девальвациясы) дейін өзгеріп отырады. "Жасыл"
стандартты таңдау қаржы секторы қандай тәуекелдер мен
мүмкіндіктер типтерін түсініп немесе оларды басқаруға
ұмтылатынын түсінуге негізделуі тиіс. Мысалы, сақтандыру
секторы материалдық активтер тәуекелдеріне және активтер
девальвациясы тәуекелі тұрғысынан активтерді басқарушыға үлкен
қызығушылық білдіретіні ықтимал.
4-
кесте. "Жасыл" стандартты таңдау кезінде шешім қабылдаудың маңызды нүктесі
Осы аталған факторларға қосымша түрде "жасыл" стандартты енгізу кезінде сонымен қатар стандарт
енгізудің уақыты мен жұмсалған күшін ескеру қажет. Мұндай күш көбінесе стандарт енгізуге қажетті