«Жасыл» стандарттар «Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі»


A.6.3 «Жасыл» стандарттар



жүктеу 351,86 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата16.02.2018
өлшемі351,86 Kb.
#9961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

A.6.3 «Жасыл» стандарттар 

Ақпарат 


Түпкілікті есеп 

27.03.2017 ж. 

 

6 / 26 

 



аталған стандартты біржақты тәртіппен қабылдау қабілеттілігі 

 



стандарт талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған қызметтердің басқа тараптан 

жеткізілуіне қолдау көрсету қажеттігі 

 

стандартқа сәйкестілігі, сондай-ақ



7

алдағы уақытта кеңінен танылуы жорамалданады. 

Стандарттар жеңіл бейімделіп, тез енгізіліп, сондай-ақ стандартты қолданушыларға стандартты енгізу 

үшін ішкі әлеуетті құру мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын әлеуетті бақылаушы орган болып 

табылатын АХҚО-ның қатысуынсыз қолда бар ақпарат пен қолданыстағы нұсқаулықтарға сүйенуге 

мүмкіндік береді. 

2-

тарауда қаржы саласындағы таңдамалы «жасыл» стандарттар көрсетілген. Талдауға енгізу үшін 



іріктелген стандарттар белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келеді және АХҚО 

«жасыл» қаржы жүйесін қолдау үшін оңай қабылдай алатын стандарттар болып табылады. Осы 

жоғарыда айтылған "қолайлылыққа" қоса «жасыл» стандартты қабылдау туралы шешімге ықпал ететін 

басқа да атрибуттар бары белгілі. 3-тараудың соңғы бөлігінде кеңірек көлемде түрлі стандарттардың 

жағымды сипаттамаларын бағалау үшін АХҚО пайдалана алатын басқа атрибуттар келтірілген. 

Талдау 3-тарауда стандартты енгізудің басты мақсатына сүйеніп, қаржы ұйымдарына арналып 

сәйкестендірілген "жасыл" стандарттарды санаттары бойынша үш класқа бөлу жолымен аяқталады. 

Біріншіден, қаржыландыру негізіндегі өлшеу стандарттары қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз 

зардаптарды сандық бағалау немесе қоршаған ортаның сапасын анықтау үшін пайдаланылады. Әдетте, 

бұл стандарттар біліктілік критерийлері немесе нәтижелерге негізделген экологиялық көрсеткіштер мен 

төлемдерді өлшеу жөніндегі ұсынбалар ретінде әрекет ететін стандарттар болып табылады. Екінші 

санатқа "жасыл" қаржыландыру жөніндегі есептілікті қалай қадағалап, дайындау қажеттігін анықтауға 

бағдарланған стандарттар жатады. Үшінші санаты стандарттар бойынша ақпаратты ашу үшін 

пайдаланылады және тәуекелдерді анықтау үшін қандай ақпарат ашылуы тиісті екендігін анықтайды. 

«Жасыл» стандарттардың бұл типтері төмендегі 1-кестеде келтірілген. Кестеде солар үшін осы «жасыл» 

стандарт өзекті болып табылатын қаржы сегменттері аталып көрсетілген. Кейбір стандарттар қаржы 

активтерінің немесе қаржы сегментінің бір санатына ғана, мысалы, жобалық қаржыландыру мен 

инвестициялар үшін қолданылса, кейбір стандарттар барлық қаржы мекемесі шеңберінде қолданылады. 

Олар төменде бөлек бағанда көрсетілген. 

Нарықтық сегмент 

Қаржы ұйымы 

Жобалық 

қаржыландыру және 

инвестициялар 

Активтерді басқару 

Заемдық капитал 

«Жасыл» стандарт 

типі 

 

 

 

 

Сапаны немесе санды 

өлшеу 

 

 

 

 

Қаржы және 

қаржылық есептілікті 

қадағалау стандарты 

 

 

 

 

Ақпаратты ашу 

стандарттары 

 

 

 

 

1-

кесте. «Жасыл» стандарт типтері 



Ұсынылған «жасыл» стандарттардың кейбірлері қаржылық сектор есептілігін  «жасыл» қаржылық 

жүйелердегі экологиялық ақпаратты ашу практикасымен келістірудің маңыздылығын жартылай көрсетеді. 

Бұл кез-келген «жасыл» қаржылық қызметтің немесе өнімнің элементтік бөлігі ретінде қарастырылады, 

өйткені экологиялық есептілік және ақпаратты ашу инвесторларға негізделген  инвестициялық 

шешімдерді қабылдау және «жасыл» қаржылық өнімдердің құндылығын түсіну үшін экологиялық 

атрибуттарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Экологиялық тәуекелдер жөніндегі ақпаратты ашудың 

сонымен қатар жобаның, компанияның және барлық қаржылық жүйенің тәуекелдерін (соған қоса ұзақ 

                                                             

7

 

Стандарттың өзектілігі белгілі бір мардымсыз дәрежеде оның кеңінен таралуына байланысты, сонымен қатар ол, 



мысалы, Париж келісімі аясында өзекті болады деп күтіледі,

 



 

A.6.3 «Жасыл» стандарттар 

Ақпарат 


Түпкілікті есеп 

27.03.2017 ж. 

 

7 / 26 

мерзімді өміршеңдігін) бағалаудағы рөлі зор. Ақпаратты ашудың маңыздылығын ескере отырып, бұл БҰҰ 

қоршаған орта бойынша бағдарламасының (UNEP FI) аясындағы Қаржылық бастамасында (UNEP FI) 

анықталғандай, "жасыл" қаржылық жүйенің нарығындағы немесе нормативтік-құқықтық базаны дамыту 

үрдісінде іске асырылатын ең көп орындалатын әрекеттер екенін айту қажет. Барлық әрекеттердің 40% 

дерлігі ақпаратты ашуға, сандық көрсеткіштерге және есептілікке негізделген. Келесі тарауда тек бірнеше 

стандарт көрсетілген, оларда негізгі назарға осы есепке қатысты маңызы бар стандарттар алынған. 

Ақпаратты ашу жөніндегі ерікті және нормативтік-құқықтық базаның жан-жақты талдауының мысалын 

Климат өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі арнайы жұмыс тобының І кезеңі 

бойынша есептің 3-толықтыруынан табуға болады

8



2017 жылдың қаңтарында БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының (UNEP FI) аясындағы 



Қаржылық бастама жөніндегі топ 

9

халықаралық банктер мен үлесінде АҚШ 6 триллион долларынан 



астам активтері бар инвесторлар тобымен, соның ішінде, мысалы, BNP Paribas, ING және Société 

Générale бірлесе отырып, «Жағымды ықпалды қаржыландыру қағидаттарын (PPIF)» шығарды. 

«Жағымды ықпалды қаржыландыру қағидаттары (PPIF)» кең ауқымды "жасыл" стандарттың 

иллюстрациясы болып табылады, өйткені олар БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетуге 

жұмсалатын инвестицияларды өлшеуге арналған критерийлер жиынтығын пайдаланады. БҰҰ тұрақты 

даму мақсаттары (ТДМ) 17 түрлі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптарды суреттейді, 

яғни Жағымды ықпалды қаржыландыру қағидаттары (PPIF) экологиялық және әлеуметтік мәселелердің 

кең шеңберін қозғап, қаржы қауымдастығына арналған БҰҰ тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі 

ақпаратты ашудың жан-жақты қамтитын базасының болуын қамтамасыз етеді. Жағымды ықпалды 

қаржыландыру қағидаттары (PPIF) «мета-стандарттың» мысалы болып табылады, өйткені ол есептілік 

үшін қажетті ақпаратты ұсынуға арналған ақпаратты ашудың басқа стандарттарына (олардың басым 

бөлігі төмендегі 2-тарауға енгізілген). 

АХҚО арналған Жағымды ықпалды қаржыландыру қағидаттарының (PPIF) қысқа мерзімді 

перспективадағы өзектілігі БҰҰ тұрақты дамудың барлық мақсаттары (ТДМ) аясында ғана 

қолданылуымен шектеледі, олар АХҚО «жасыл» қаржыландыру мен инвестициялар саласындағы 

шеңберімен салыстырғанда ауқымдырақ. Бұл 2-тарауда келтірілгендердің ішінде тәуекелдерге 

бағытталған бірқатар стандарттарды (мысалы, Экватор қағидаттары), сондай-ақ нақты құралға тән 

стандарттарды (мысалы, «Жасыл» облигациялар саудасының қағидаттары), және нақты секторға тән 

стандарттарды (мысалы, Жауаптылықпен инвестициялау қағидаттары) одан да кең ауқымда 

пайдалануға болатындығының мысалы болып табылады. 

 

 

                                                             



8

 https://www.fsb-tcfd.org/publications/phase-i/

 

9

 http://www.unepfi.org/wordpress/wp-content/uploads/2017/01/POSITIVE-IMPACT-PRINCIPLES-AW-WEB.pdf



 


жүктеу 351,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау