Жасау бойынша



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет15/28
Дата13.11.2018
өлшемі1,75 Mb.
#19163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

43

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

NEET санатындағы жастардың Қазақстанда әлеуметтенуінің басты меха-

низмдерінің бірі жастарды оқыту бағдарламасының болуы мүмкін. Дайындау 

мен арнайы оқулар жастардың еңбекке қамтылуын қамтамасыз ететін негізгі 

көрсеткіш. Олар жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген жастардың кәсіби біліктілік-

терін арттырып, жұмыс күшіне қатысты сұранысты қанағаттандыру мүмкін-

діктерін береді. Кейбір бағдарламалар жұмысқа дайындауға бағытталған, ал 

басқалары жұмыстан шеттеместен қайта даярлықтан өтуді де қамтамасыз ете 

алады.

Әдетте, бағдарламалар мемлекет қолдауымен жүзеге асырылады және Ең-



бек және Білім министрліктерімен бақыланады, бірқатар елдерде білім беру 

қызметтерін көрсететін ұйымдар қатыстырылып, білім беру мекемелері ара-

сындағы бәсекеге қабілеттілік артады. Мысалы, Данияда кәсіби білім беру 

провайдерлерін мемлекет қаржыландырады. Олар мақсаттық қаржы алып, 

бюджетін жыл сайын Данияның Білім беру және Балалар істері министрлі-

гімен келістіруі керек. Орын алып отырған тәжірибе білім алушылардың оқу 

ақысын бөліп төлеуінің де болатындығын көрсетті, көбіне жалпы оқу ақысы-

ның 15% шамасы өтеледі.

Осылайша, NEET санатындағы жастармен жасалатын шетелдік және отан-

дық шараларға жасалған талдау мынадай қорытындылар жасауға негіз болып 

отыр:

Біріншіден, бүгінгі таңда ЭЫДҰ мүше елдердің ешқайсысында NEET са-



натындағы жастармен жұмыс жасаудың нақты қағидаттары жоқ. Барлық мем-

лекеттік бағдарламалар мен жобалар негізінен жастардың әлеуметтік осал 

топтарына бағытталған. 

Екіншіден, экономикалық, мәдени және әлеуметтік өзгешеліктер шетелдік 

бағдарламалар мен жобалардың қазақстандық NEET санатындағы жастармен 

жұмыс жүргізу үшін қолданылуы орынсыз. Оны фокус топтар мен тереңдетіл-

ген сұхбаттардың нәтижелері дәлелдеп отыр.

Үшіншіден, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасауға арналған ар-

найы бағдарлама жоқ, Қазақстанда бұл санатындағы жастармен жұмыс мем-

лекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы жүргізіледі, олар жалпы түрде 

жастарға арналған («Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» 

және т.б.).




44

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ 

ЖЕКЕ ҚОСАЛҚЫ ТОПТАРЫМЕН ЖҰМЫСТЫҢ 

ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ



3.1 NEET санатындағы жастарды зерттеу әдістемесі

Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде «Жастар» ғылыми-зерт-

теу орталығы NEET санатындағы жастармен жұмыс механизмдерін зерттеу 

бойынша кешенді әлеуметтік зерттеуді жүргізді. Зерттеу барысында эмпири-

калық ақпаратты жинаудың екі әдісі қолданылды: фокус топ (топтық пікірта-

лас) және тереңдетілген сұхбат. 

NEET санатындағы қазақстандық жастарды және олармен жұмыс жасау 

механизмдерін зерттеу үшін Қазақстан бойынша ешқайда оқымайтын, жұ-

мыс істемейтін және зерттеу сәтінде кәсіби оқыту курстарына қатыспайтын 

жастармен фокус топтар өткізілді. 

Қойылған мақсаттарды шешу үшін зерттеу инструментарийі әзірленді. 

Фокус топтар гайды мен тереңдетілген сұхбат сауалнамасы орыс және қазақ 

тілдерінде әзірленді.  

Фокус топтар қалалық және ауылдық елді мекендерде және NEET сана-

тындағы жастардың жоғары үлесі (көрсеткіштері республикалық орташа мән-

нен жоғары) мен NEET санатындағы жастардың төмен үлесі бар облыстарда 

ұйымдастырылып өткізілді. 

Жобаның эмпирикалық кезеңінде жұмыстардың келесі түрлері қарасты-

рылған:

1. Фокус топтарды өткізуге қажетті нұсқаулықтарды, талқылау тақы-

рыптарын, сұрақтардан тұратын модераторға арналған құралды әзірлеу

Жоба шеңберінде модератордың негізгі міндеттері, фокус топтарды өткізу 

бойынша ұсынымдар, сонымен бірге фокус топ гайды (фокус топ сценарийі) 

қамтылған модераторға арналған құрал әзірленді.  

Модераторға арналған құралдың жеке бөлімі фокус топтың гайдын (сцена-

рийін) әзірлеуге арналған. Гайдта талқылау тақырыптарының, олар бойынша 

қойылатын сұрақтар мысалдарының тізімі келтірілген.  

2. Фокус топтарды ұйымдастыру мен өткізу

Жобаның міндетін орындау үшін 2016 жылғы 2-тоқсан бойынша NEET 

жастарының көрсеткіштері бойынша облыстар негізінде ресми статистика 

зерттелген. NEET жастарының төмен және жоғары көрсеткіштері бар облы-

стар анықталды (1-кестені қараңыз).



45

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

 1-кесте. Қазақстан Республикасындағы 15-28 жас аралығындағы жастар-

дың жалпы санындағы NEET үлесі, % (халықты жұмыспен қамтуды таңдау 

арқылы зерттеу кезіндегі деректер бойынша)* 

Қазақстан Республикасы

9,3

Ақмола


8,1

Ақтөбе


7,4

Алматы

10,1

Атырау


9,2

Батыс Қазақстан

3,4

Жамбыл

12,1

Қарағанды

14,1

Қостанай


4,9

Қызылорда

14,1

Маңғыстау

15,1

Оңтүстік Қазақстан

8,3

Павлодар


9,8

Солтүстік Қазақстан

7,2

Шығыс Қазақстан



6,8

Астана қаласы

7,9

Алматы қаласы



9,2

* ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Осылайша, ҚР келесі өңірлерінде фокус топтар ұйымдастырылып, өткізіл-

ді:

– Алматы


– Жамбыл

– Қарағанды

– Қызылорда

– Маңғыстау

– Батыс Қазақстан

– Қостанай

Фокус топты ұйымдастыру мен өткізу барысында жас және гендерлік фак-

тор, сонымен бірге жастардың тұрғылықты жері (қалалық және ауылдық) 

бойынша дифференциациясы ескерілді.

NEET санатындағы жастарды құрайтын мақсатты топ қарастырылған фо-

кус тобының өткізілуімен қоса, жастар саясаты саласындағы сарапшылармен 

фокус топ ұйымдастырылып, өткізілді (Астана қаласы).

Жастар мен сарапшылар бар фокус топтарды өткізу географиясы кестеде 

келтірілген (2-кестені қараңыз). 

Фокус топтарды өткізу барысында аудио және бейне-жазба жүргізілді, 

кейін нәтижелері түсіндіріліп, қағаз тасымалдағышқа аударылды (түсінік-




жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау