32
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
6-сур. ЭЫДҰ мүше елдердегі 2014 жылғы NEET деңгейі 25–29 жастағы азаматтар/азаматшалар
арасында білім деңгейі бойынша
Ескертпе: Білім деңгейі білімнің Халықаралық стандартты жіктеліміне сай анықталады (ISCED): «Төмен»: ISCED
0-2- білімі жоқ, бастапқы, толық емес орта білім. «Орташа:» ISCED 3-4 – орта білім, арнайы орта білім. «Жоғары»: ISCED
5-6 – жоғары, PhD
NEET көрсеткіштері негізгі кәсіби біліктілік дағдыларын игерген тұлғалар
арасында жоғары (I/IІ сертификаттары). Бұл топта NEET көрсеткіштері 41%,
білімнің басқа санаттарымен салыстырғанда біршама жоғары. Оқымайтын
және жұмыс жасамайтын жастардың үлесі аяқталмаған орта білімді жастар
арасында жоғары - 9 сыныптық білімді аяқтағандар үшін 19% және 10-11 сы-
ныптық білімді аяқтағандар үшін 16% (7-сур.).
7-сур. 2011 жылғы NEET көрсеткіштері білім дедңгейі бойынша, %
Австралияда бір кішкентай бала NEET көрсеткіштеріндегі гендерлік диф-
ференциациясының негізгі қозғалтқыштарының біріне жатады. 4 жасқа дей-
інгі балалары бар ерлер үшін NEET үлесі балалары жоқ ерлер үшін 10% сәл
ғана жоғары. 5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін мұндай көрсеткіш 47%
құрайды. Кішкентай балалары бар жалғыз әйелдер үшін NEET көрсеткіші
62% құрайды.
33
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.9 Жапония
Жапонияда «NEET санатындағы жастар» құбылысын 90 жылдардың ба-
сында алғашқы болып тіркеген жапондық психиатр Тамаки Сайто. Ағыл-
шын тілінің оксфордтық сөздігінде «hikikomori» сөзі «әлеуметтік байланы-
стан аномальді қашу» деп аударылған. Мұндай жағдайда ауқатты отбасыдан
шыққан 15 жастағы мектепті тастаған, айлар, жылдар бойы сыртқы әлеммен
байланыстан қаша отырып, компьютерді ермек етіп, өз бөлмелерінде отыра
беретін жасөспірімдер туралы айтқан. Сайто өз жұмысының басында мұндай
өмір салтын ұстанатын жас жапондықтардың үлкен санына қайран қалды, ал
қазір халқы 127 миллионды құрайтын Жапонияда мұндай жастардың саны
миллионға жеткен. Нақты санын айту мұндай хикикомори өкілдері байла-
нысқа шықпайтындықтан, қиынға соғуда. Көптеген хикикомори өкілдері
жасөсіпірім кезінен – бастап мұндай өмірге өтеді. Бірақ қазіргі кезде жапон-
дық хикки өкілінің орташа жасы – 30. Ал алғашқы буындағы хикикомори
өкілдерінің ең үлкен жасы – 40. Алғашқы буын өкілдері оқшауда шамамен 20
жыл өткізді дегенді білдіреді.
Жапондық хикки өкілдерін әлеуметтендіруге бағытталған бағдарламалар
айтарлықтай нәтиже бермеді. Хикикоморилердің жасы артып келеді, сонымен
қатар Жапония бұл құбылысқа алаңдауда, себебі 2030 жылы мұндай тұлғалар-
дың ата-аналары қайтыс болған кезде хиккидің мұндай оқшауланған өмірі он-
даған жылдармен есептелінетін болады. Көптеген жағдайда «хикикомориге»
жұмыстан айырылу алып келеді. Жұмыссыз болу кезеңі еңбек кітапшасында
жарты жыл, бір жыл кезеңінде бос жолақтың пайда болуына әкеліп, нәтиже-
сінде жастарға жұмыс табуға байланысты қиыншылықтарды тудырады. Өз
жағдайынан ұялған жастар адамдармен кездесуден, тіпті амандасудан қаша
бастайды.
Азия мемлекеттерінде NEET санатындағы жастарды сипаттау үшін,
әдетте, жапон тілінен аударғанда «жалғыздықта болу» дегенді білдіретін
«хикикомори» («хикки») термині пайдаланылады. Жапонияда жоғарыда
аталған термин қоғамдық өмірден бас тартқан жастар мен жасөспірім-
дерді білдіреді, мұндай адамдардың жұмысы жоқ және, әдетте, туыстары-
ның асырауында болады. Жапонияның Еңбек пен қоғамдық әл-ауқат мини-
стрлігінің анықтамасына сәйкес, хикикомориге өзін қоғамнан және қоғамдық
өмірден 6 айдан асатын мерзімге оқшаулаған тұлғалар жатады.
34
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.10 Түркия
Түркиядағы жастардың еңбек нарығы жұмыссыздықтың және әрекет-
сіздіктің жоғары деңгейімен сипатталады. 2001 жылдан бастап жастар арасын-
дағы жұмыссыздық деңгейі артып келеді. 2014 жылы 15-24 жас аралығындағы
NEET көрсеткіші 28,4% (3,5 млн. адамды) құраған, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ ел-
дері арасында жоғары болады, 15-24 жас тобында NEET санатындағы адамдар
саны 12,8 млн. адамды құрайды.
Түркияда білімге қол жеткізу деңгейі төмен, сол себептен толық орта
білімі жоқ жастар арасында мектептен кейін жұмысқа орналасу да қиынға
соғады. Түркиядағы 15–29 жас аралығында жастардың үштен бір бөлігі ғана
2011 жылы толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін оқуды жалғастырған,
ЭЫДҰ бойынша мұндай орташа көрсеткіш шамамен 68% құраған.
Дәл сол уақытта жоғары білімі бар жастар өздерінің жақында алған
машықтарын еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне келтіру барысын-
да қиындықтарға жолыққан. Жастар арасында жоғары білімі бар жұмыспен
қамтылғандардың үлесі қаржы дағдарысынан кейін төмендеген, 2008 жылы
бұл көрсеткіш 62% құраса, 2011 жылы 54% дейін төмендеген, бұл ЭЫДҰ мүше
елдері бойынша 5%.
Түрік Үкіметі елдегі NEET санын азайту үшін келесі мәселелерді шешу
мақсатында жұмыс жасау қажет екендігін түсінеді:
– мектепке дейінгі және мектеп білімін жаңғырту, ол келешекте әйелдердің
қоғамдық және еңбек қызметіне қатысу деңгейін арттырады;
– балалар мен егде адамдардың жағдайын жақсарту өз кезегінде әйелдер
жүктелімін азайтады;
– NEET – экономикалық мәселе ғана емес, сонымен бірге қоғамның даму
қауіп-қатері, жастардың саяси және әлеуметтік үдерісінен алшақтауы.
Түркияның сипаттамасы әйелдер NEET санатына ерлерге қарағанда екі есе
жиі түсетіндігін көрсетеді. 20% жас ерлермен салыстырғанда 50% жас
түрік әйелдері жұмыс істемейді және оқымайды.