«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» пәні бойынша 050113- биология, 050116-география мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс тақырыбы. Жасөспірімдер эндокриноло-гиясы



жүктеу 464 Kb.
бет10/31
Дата06.12.2022
өлшемі464 Kb.
#40485
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» п ні бойынша

2.2.7. Дәріс тақырыбы. Жасөспірімдер эндокриноло-гиясы.
Дәріс тезистері.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция - сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері ( лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады немесе дененің сыртына шығады. Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо – сыртқы, сыртқа + ген – тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон – ішкі + крино - бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон ( грек. гормо – іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.
Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртұтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да әсер етеді. Мұндай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметі жүйке жүйесі арқылы кері байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормондар мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. гипо – аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (грек. гипер – артық, жоғары, шегінен тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Негізгі әдебиеттер. [1-2-5]
Қосымша әдебиеттер. [4-8-10]



жүктеу 464 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау