«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» пәні бойынша 050113- биология, 050116-география мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс тақырыбы. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын гигиеналық талаптар



жүктеу 464 Kb.
бет18/31
Дата06.12.2022
өлшемі464 Kb.
#40485
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» п ні бойынша

2.2.15. Дәріс тақырыбы. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріс тезистері
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті-жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық , ағзасының ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының ағзаға әсеріне байланысты жоспарланады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында дене шынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері тозады да, келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих, физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік саьақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыстарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан екі әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минутке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минуттен басталып, содан кейін 45 минутке созуға болады. Сабақты ұзарту үшін балалардың психикасын алдын ала дайындап, ескертіп қойған жөн. Дегенмен сабақ ішінде физкультүзілістер жасап, оқушыларды демалдырып отыру мұғалімнің міндеті.
Негізгі әдебиеттер. [6-7-9]
Қосымша әдебиеттер. [7-8-11]


жүктеу 464 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау