«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» пәні бойынша 050113- биология, 050116-география мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешені


Дәріс тақырыбы. Жүйке жүйесінің жіктелуі. Бас миы, оның жас ерекшеліктері



жүктеу 464 Kb.
бет6/31
Дата06.12.2022
өлшемі464 Kb.
#40485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
«жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» п ні бойынша

2.2.4. Дәріс тақырыбы. Жүйке жүйесінің жіктелуі. Бас миы, оның жас ерекшеліктері.
Дәріс тезистері.
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
1. мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның бір тұтастығын іске асырады;
2. денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің әрекеттерін реттейді;
3. ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады;
4. сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ағзаны бейімдейді;
5. денедегі барлық торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл ағзаның тірлігін қамтамасыз етеді.
Адамның жүйке жүйесі 2 бөлімнен тұрады: орталық және шеткі жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда 52 см, салмағы 37-38 г. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады, оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келгенде 14 г болады (нәрестеде 2,8-2,9г), 4- 6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады, 20 жаста жетілуі аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе ұлғаяды. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері – жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару жұлын арқылы орындалады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Бас миы 6 бөлімнен тұрады: сопақша ми, көпір, мишық , ортаңғы ми, аралық ми, екі ми сыңарлары. Жаңа тұған сәбидің миының салмағы орташа 360-390 г. 1жаста салмағы екі есе, ал 3 жаста үш есе ұлғаяды. 7-9 жаста 1250-1300 г., ересек адамда-1400-150 г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті 900 г төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Сопақша ми – жұлынның үстіңгі жағында орналасады. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Екі қызмет атқарады:рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналу, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару нерв орталықтары орналасқан.
Ми көпірі – сопақша мидың үстінде орналасады. Ұзындығы 2,5 см. Қызметі сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік.
Мишық – сопақша мидың артқы жағында орналасқан. 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты немесе ортаңғы бөлімі және мишықтың екі жарты шарлары. Ересек адамның мишығының салмағы 150гр, оның негізгі қызметі – бұлшық еттердің тонусын және тепе-теңдікті сақтау. Қорытып айтсақ, мишық-тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми ми көпірінің үстінгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде орналасқан. Алдыңғы 2 төбешікте алғашқы көру орталығы, ал артқы 2 төбешікте алғашқы есту орталықтары орналасқан.Олардың қызметіне байланысты бағдарлау реакциялары орындалады. Сонымен қатар, ортаңғы мида қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода бұлшык еттің тонустары реттеледі.
Аралық ми ортанғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп айтады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.
Улкен ми сыңарлары мидың ең үлкен , ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80% ми сыңарлары алып жатыр.Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйнсінің барлық бөлімдерінің қызметің реттеп отырады. Бұған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз ми сыңарларының қызметіне негізделген. Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер бар: сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жарты шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады:
1. Ағзаның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл-ойы – бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері.
2. Ағзаның қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру, келтіру, үйлестіру.Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Негізгі әдебиеттер. [1-11]
Қосымша әдебиеттер. [2-4-8]



жүктеу 464 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау