Жас ерекшелігі психологиясы


Эйджизм және стереотиптер, өмірдің соңғы төрт онжылдығы



жүктеу 2,91 Mb.
бет22/27
Дата25.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#17002
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

1.Эйджизм және стереотиптер, өмірдің соңғы төрт онжылдығы


Әлеуметтік-мәдени перспективалар. Адамдар әрқашан кәріліктен қорықпайды. Әлемнің көптеген елдерінде кәрі адамдар ұлы даналықты иеленеді деп санайды. Мысалы, үндістер әркез кәрілерді дана, мәдениет дәстүрлі білім мен сенімді тасушы деп оларға бас иген. Қытайда, Жапонияда және басқа да Азия елдерінде үлкендерге құрмет көрсету ретінде белгілі дәстүр бар. Жапонияда , мысалы, кәрі адамдардың төрттен бірі өз балаларымен тұрады. Және оларға құрмет тұрмыстық өмірдің түрлі ұсақ-түйектерінен көрінеді.

Қартаюдың денелік аспектілері. Қартаюдың денелік аспектілері ересектіктің соңғы сатысымен бірге жүретін көптеген өзгерістер мен шектеулер анықтайды. Денелік қартаю универсалды. Кейбір адамдарға ерте келсе, кейбіреулеріне кеш келеді, бірақ кез келген жағдайда одан құтылуға болмайды.Тіпті жағымды генетикалық және сыртқы жағдайлардың өзінде ағзаның барлық жүйесі қартаяды, алайда оның қартаю темптері әр-түрлі болады. Қартаю процесі көпшілік мүшелер үшін ересектік шақтың басында немесе ортасында басталады.Көп жағдайда қартаю ересектік шақтың соңына дейін байқалмайды, өйткені ол біртіндеп жүреді.

Қартаю ағзаның сенсорлы және өзге де жүйелер жұмысының тиімділігінің төмендеуімен жүреді.Алайда бұл қартаю белгілері барлық адамдарда бірдей байқалмайды.Зерттеулер көрсеткендей, жақсы денелік формадағы және белсенді өмір сүретін кәрі адамдар кейбір денелік әлсіздік сезінетін жас адамдарға қарағанда берілген тапсырманы дәл сондай жетістікпен орындайды. Сонымен қатар , ағза жүйесінің биологиялық өзгерісін – қартаюдың жалғыз себебі деп айтуға болмайды.Көп адамдар жастық немесе ересектік кездегі кейбір оқиғаларға байланысты: мысалы, қатты дыбысты музыканы жиі тыңдаса, қарттық шақта жекелей немесе толықтай естуден айырылады.Сол сияқты сенсорлық бұзылыстар мен ішкі мүшелер дефектілері өткен тәжірибедегі оқиғаларға байланысты.Сөйтіп, өмір суру тәсілі, бастан кешкен оқиғалары ағзаның жас ерекшелік өзгерістеріне әсер етеді. Кейбір жағдайда бұл факторлар қартаюдың патологиялық факторлары деп аталады.

Кәрі адамдардың көпшілігі өздерінің денсаулығын жақсы , тіпті керемет деп жатады. Оларға артриттің баяу дамуына немесе дәрінің кері әсерлеріне бейімделуге тура келеді. Соңғы ересектік шақта пайда болатын денсаулық проблемаларын былайша үш категорияға бөлуге болады: хроникалық, тамақтану және дәрі препараттарын дұрыс қолданбау.

Адам ауырғанда оның ауруы хроникалыққа айналуы мүмкін, яғни ұзаққа созылып, рецидивпен бірге жүреді. Кәрі адамдар әдетте хроникалық күйге шалдығады- одан толықтай жазылуға болмайды.

Кәрі адамдардың шамалы күйі белгілі бір деңгейде дұрыс емес диетадан және тамақтанудан болады. Денелік белсенділіктің төмендеуіне және метаболизмнің баяулауына байланысты кәрі адамдарға жас кезіндегідей тамақ мөлшері талап етілмейді. 65-жасқа келгенде калорияға қажеттілік 20%-ке азаяды.Кәрі адамдардың организмінде көбіне темір, кальций, А және С дәрумендері аз мөлшерде болады.

Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау.Дәріні дұрыс қолданбау кәрі адамдар үшін салмақты мәселе емес. Алайда зерттеушілердің тұжырымдауынша, кәрі адамдардың үштен бірі передозировкамен, дәріні дұрыс қолданбаумен ауруханаға түседі.

Дәрілік препараттардың әсері деменция (ақылаздық) симптомдарына ұқсас симптомдардың дамуына әкеледі. Ақылаздықтың түрліше формалары когнитивті бұзылыстармен: еске сақтау, үйренуге қабілет төмендеумен,таныс адамдарды және объектілерді тану қабілетінің әлсіреуімен, сөйлеудің бұзылуымен бірге жүреді.

Қартаю теориясын екі категорияға бөлуге болады: стохастикалық, биологиялық сағат теориясы.



Зейнетке шығу : статустың мәнді өзгерісі.

Кәрі жастың маңызды міндеттернің бірі зейнетке шығуға бейімделуден тұрады.Тарихи бұл мәселе әйел адамдарға қарағанда ер адамдарды күштірек қозғады, себебі жұмыс күшінің көп бөлігі олардың мойнында болды.Алайда соңғы 30 жылда бұл сферадағы гендерлік айырмашылықтар өзгерді. Адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өзін - өзі сезінуі көбіне оның шынымен –ақ жұмысын тоқтатқысы келгеніне әлде жағдайдың қысымымен кету керек болғандығына байланысты.

Зейнетке шығу – қарттық кезеңдегі мәнді статус өзгерісі. Жұмыс өмірді ұйымдастырады, күнделікті жұмыс ретін анықтайды. Жұмыс – бұл қызметкерлер және өзге де адамдар, тұрақты қарым – қатынас көзі.

Адамның жаңа рольге жеңіл бейімделуі бірнеше қатар факторларға байланысты. Егер адам жұмыстан кездейсоқ шықса немесе еңбек ролімен тығыз байланысты болса зейнеттегі өмірге өту ол үшін өте қиынға соғады.

Қарттық шақта ақыл-ой және денелік іс - әрекеттің жылдамдығының төмендеуі тән. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, кәрі жаста интеллектуалды функциялар әлсірейді. Кәрі адамдарда перцептивті ақпаратты өңдеу реакция уақыты жылдам, жалпы когнитивті процестер баяулайды.Белгілі бір деңгейде танымдық іс - әрекеттің баяулауы қартаюмен тікелей байланысты.

Кәрі жасқа бейімделу – бұл бұрын қалыптасқан тұлға стилі жетекшілік ететін мінез – құлық. Эриксон эго тұтастығын ұзақ даму процесінің нәтижесі ретінде қарастырған. Пек кәрі жасты трансцендентті эго ( сана өлімнен жоғары тұратын күй) және уайымдағы эго ( адамда өлім туралы ойлар басым болса)арасындағы конфликтіні шешу терминдерімен бейнелеген.



Қартаю теориялары Стохастикалық теория. Қартаюдың стохастикалық теориясына сәйкес,ағза кездейсоқ зиянды нәрселердің нәтижесінде қартаяды. Бұл теорияның авторлары адамның денесін жасушалық деңгейде жиналған зиянды нәрселердің нәтижесінде істен шыққан машинамен теңейді.Тек жасушалық құрылым емес, ұлпалар, мүшелер тозады. Биологиялық сағат теориясында басты назарды қартаюды генетикалық анықталғандығына бағытталады. Бұл теория бойынша, қартаю тұқым қуалау гендерінің алдын ала белгіленген әсерінен болады. Индивидуумның өмірінің орташа ұзақтығын шамамен 200 ген анықтайтынын болжайды. Бағдарламаланған қартаю биологиялық сағат ұғымымен байланысты.Бұл идеяның мәні бойынша, ағзада белгілі бір өлім уақытына қойылған жеке сағаты болады.Сағаттар ағзаның әр жасушасында немесе мида орналасуы мүмкін

Өзіндік бақылау сұрақтары

  1. жүктеу 2,91 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау