Жас ерекшелігі психологиясы


Тақырыбы: Қарттық жастағы адамдар психологиясы



жүктеу 2,91 Mb.
бет21/27
Дата25.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#17002
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Тақырыбы: Қарттық жастағы адамдар психологиясы.

Дәрістің мазмұны:


1. Қарттық кезеңдегі адамдарға тән негізгі психологиялық ерекшеліктер.

2. Қарттық кезеңдегі когнитивтік процестердің өзгерістері.

3. Бұл кезеңдегі мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайы.

4. Зейнеткерлікке шығу

5 Қартаю теориялары. Жеке тұлға және қартаю

. 6. Қарттық кезеңдегі аурулар түрлері.


Мақсаты: Қарттық кезеңнің ерекшелігімен және осы кезеңде пайда болатын аурулық мәселелерін түсіндіре отырып, қарттарымызды қадірлей білуге үйрету.

1. Батыс елдерде кәрі адамдарға қатысты көптеген стереотиптер бар.АҚШ –тың тұрғындарына қойылған сауалнама бойынша кәрі адамдардың жағымды да, жағымсыз бейнелері шығарылды.Бернис Найгартен кәрі адамдарға деген немқұрайлы қатынасты «эйджизм»термині көмегімен белгіледі.

Батыс елдерде, әсіресе АҚШ-та барлық жастағы адамдар кәрілерге теріс сапалар , ал жастарға – жағымды сапаларды беруге бейім.Теріс стереотиптер жас адамдарды кәріліктен қорқуды тудырып қана қоймайды, қарттардың өзін шектейді.Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, кәрі адамдардың көпшілігі өздерінің әлуметтік және экономикалық жағдайын қоғамға қарағанда айтарлықтай жоғары санайды. Батыс елдермен салыстырғанда біздің еліміз қарттарға құрметпен қарап, бала-келіндері қарт адамдарды бағып күтеді.



Әлеуметтік-мәдени перспективалар. Адамдар әрқашан кәріліктен қорықпайды. Әлемнің көптеген елдерінде кәрі адамдар ұлы даналықты иеленеді деп санайды. Мысалы, үндістер әркез кәрілерді дана, мәдениет дәстүрлі білім мен сенімді тасушы деп оларға бас иген. Қытайда, Жапонияда және басқа да Азия елдерінде үлкендерге құрмет көрсету ретінде белгілі дәстүр бар. Жапонияда , мысалы, кәрі адамдардың төрттен бірі өз балаларымен тұрады. Және оларға құрмет тұрмыстық өмірдің түрлі ұсақ-түйектерінен көрінеді.

Қартаюдың денелік аспектілері. Қартаюдың денелік аспектілері ересектіктің соңғы сатысымен бірге жүретін көптеген өзгерістер мен шектеулер анықтайды. Денелік қартаю универсалды. Кейбір адамдарға ерте келсе, кейбіреулеріне кеш келеді, бірақ кез келген жағдайда одан құтылуға болмайды.Тіпті жағымды генетикалық және сыртқы жағдайлардың өзінде ағзаның барлық жүйесі қартаяды, алайда оның қартаю темптері әр-түрлі болады. Қартаю процесі көпшілік мүшелер үшін ересектік шақтың басында немесе ортасында басталады.Көп жағдайда қартаю ересектік шақтың соңына дейін байқалмайды, өйткені ол біртіндеп жүреді.Қартаю ағзаның сенсорлы және өзге де жүйелер жұмысының тиімділігінің төмендеуімен жүреді.Алайда бұл қартаю белгілері барлық адамдарда бірдей байқалмайды.Зерттеулер көрсеткендей, жақсы денелік формадағы және белсенді өмір сүретін кәрі адамдар кейбір денелік әлсіздік сезінетін жас адамдарға қарағанда берілген тапсырманы дәл сондай жетістікпен орындайды. Сонымен қатар , ағза жүйесінің биологиялық өзгерісін – қартаюдың жалғыз себебі деп айтуға болмайды.Көп адамдар жастық немесе ересектік кездегі кейбір оқиғаларға байланысты: мысалы, қатты дыбысты музыканы жиі тыңдаса, қарттық шақта жекелей немесе толықтай естуден айырылады.Сол сияқты сенсорлық бұзылыстар мен ішкі мүшелер дефектілері өткен тәжірибедегі оқиғаларға байланысты.Сөйтіп, өмір суру тәсілі, бастан кешкен оқиғалары ағзаның жас ерекшелік өзгерістеріне әсер етеді. Кейбір жағдайда бұл факторлар қартаюдың патологиялық факторлары деп аталады.Кәрі адамдардың көпшілігі өздерінің денсаулығын жақсы , тіпті керемет деп жатады. Оларға артриттің баяу дамуына немесе дәрінің кері әсерлеріне бейімделуге тура келеді. Соңғы ересектік шақта пайда болатын денсаулық проблемаларын былайша үш категорияға бөлуге болады: хроникалық, тамақтану және дәрі препараттарын дұрыс қолданбау. Адам ауырғанда оның ауруы хроникалыққа айналуы мүмкін, яғни ұзаққа созылып, рецидивпен бірге жүреді. Кәрі адамдар әдетте хроникалық күйге шалдығады- одан толықтай жазылуға болмайды. Кәрі адамдардың шамалы күйі белгілі бір деңгейде дұрыс емес диетадан және тамақтанудан болады. Денелік белсенділіктің төмендеуіне және метаболизмнің баяулауына байланысты кәрі адамдарға жас кезіндегідей тамақ мөлшері талап етілмейді. 65-жасқа келгенде калорияға қажеттілік 20%-ке азаяды.Кәрі адамдардың организмінде көбіне темір, кальций, А және С дәрумендері аз мөлшерде болады.

Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау.Дәріні дұрыс қолданбау кәрі адамдар үшін салмақты мәселе емес. Алайда зерттеушілердің тұжырымдауынша, кәрі адамдардың үштен бірі передозировкамен, дәріні дұрыс қолданбаумен ауруханаға түседі. Дәрілік препараттардың әсері деменция (ақылаздық) симптомдарына ұқсас симптомдардың дамуына әкеледі. Ақыл аздықтың түрліше формалары когнитивті бұзылыстармен: еске сақтау, үйренуге қабілет төмендеумен,таныс адамдарды және объектілерді тану қабілетінің әлсіреуімен, сөйлеудің бұзылуымен бірге жүреді.

Қартаю теориясын екі категорияға бөлуге болады: стохастикалық, биологиялық сағат теориясы.

Зейнетке шығу : статустың мәнді өзгерісі.

Кәрі жастың маңызды міндеттернің бірі зейнетке шығуға бейімделуден тұрады.Тарихи бұл мәселе әйел адамдарға қарағанда ер адамдарды күштірек қозғады, себебі жұмыс күшінің көп бөлігі олардың мойнында болды.Алайда соңғы 30 жылда бұл сферадағы гендерлік айырмашылықтар өзгерді. Адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өзін - өзі сезінуі көбіне оның шынымен –ақ жұмысын тоқтатқысы келгеніне әлде жағдайдың қысымымен кету керек болғандығына байланысты.Зейнетке шығу – қарттық кезеңдегі мәнді статус өзгерісі. Жұмыс өмірді ұйымдастырады, күнделікті жұмыс ретін анықтайды. Жұмыс – бұл қызметкерлер және өзге де адамдар, тұрақты қарым – қатынас көзі.

Адамның жаңа рольге жеңіл бейімделуі бірнеше қатар факторларға байланысты. Егер адам жұмыстан кездейсоқ шықса немесе еңбек ролімен тығыз байланысты болса зейнеттегі өмірге өту ол үшін өте қиынға соғады.

2. Қарттық шақта ақыл-ой және денелік іс - әрекеттің жылдамдығының төмендеуі тән. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, кәрі жаста интеллектуалды функциялар әлсірейді. Кәрі адамдарда перцептивті ақпаратты өңдеу реакция уақыты жылдам, жалпы когнитивті процестер баяулайды.Белгілі бір деңгейде танымдық іс - әрекеттің баяулауы қартаюмен тікелей байланысты.

Кәрі жасқа бейімделу – бұл бұрын қалыптасқан тұлға стилі жетекшілік ететін мінез – құлық. Эриксон эго тұтастығын ұзақ даму процесінің нәтижесі ретінде қарастырған. Пек кәрі жасты трансцендентті эго ( сана өлімнен жоғары тұратын күй) және уайымдағы эго ( адамда өлім туралы ойлар басым болса)арасындағы конфликтіні шешу терминдерімен бейнелеген.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қарттық шақта өмірлік өзгерістерді жеңу қабілеті нашарлайды. Алайда кейбір ғалымдардың айтуынша, уақыт өте келе өмірлік мәселелерді жеңу қабілеті жетіле түседі. Естің қалыпты жұмыс істеуі және ақыл-ойының дамуына қарамастан, кейбір қарт адамдарда когнетивті іс-әрекеттің едәуір нашарлауы көрінеді. Бұл уақытша болуы мүмкін. Кейбір жағдайда когнитивтік іс -әрекетің бұзылуы ұзақ болмайды. Когнитивті бұзылудың негізгі себептері бар. Бірінші себепке Альцгеймер ауруы және инсульт(мидың қан айналымының бұзылуы) жатады. Көптеген жағдайда когнитивтік іс-әрекеттің бұзылуы қартаю процесінің салдарынан емес, ол басқа факторлармен байланыста болады: денсаулықтың нашарлауы, білімнің төмендеуі, кедейлілік және мотивацияның төмендеуі. Екінші себептер бірінші себептен болуы қиын. Бұған “деменция” ауруы жатады.Деменция (нашар ойлаудың қалыптасуы) - үнемі шатысып қалушылық , ұмытшақтықпен сипатталады. Көбінесе бұл жағдай қартайған кезде болады. Деменция ауруына Альцгеймер ауруы себепші болады. Альцгеймер ауруымен байланысты ол 65 жастан жоғарғы адамдар арасында 2-4% көрсетеді, ал оның басқа типтері сирек кездеседі. Тұрғындарға жүргізілген сауалнамада бұл ауру қартаю кезінде тез өсетінін көрсетеді. Бостон қаласында жүргізілген анкетада қатысқан адамдардың 20%-і 75-84 жастан деменция ауруынан зардап шегетінін көрсетсе, ал 85 жастан және одан да жоғарғы жастағы адамдар 50%-ін құрайды.

Деменция ауруымен ауыратын адамдарда заттарды тез қабылдау мүмкіндігі нашарлайды. Оларда ойлау қабілетінің темеңдеуі байқалады. Олар әрқашан бір айтқан сөзді қайталай береді, дені сау адамдарға қарағанда аз ойланады және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар әңгімелесу кезінде сөйлемнің ортасында үзілістер жасайды. Жақын арада болған оқиғаларды тез арада ұмытып қалады. Деменция ауруынан зардап шеккен адам өзінің балалық шағында болған оқиғаларды оңай елестете алады, бірақ 1 сағат бұрын болған жағдайды есіңе түсіре алмайды.Когнетивтік дамудың нашарлауының бірінші себебі;деменция ауруының басты себебі және когнетивті іс- әрекеттің бұзылуына әсер ететін-Альцгеймер ауруы болып табылады Альцеймер ауруы 65 жас және оған жоғарғы жастағы адамдар өліміне себепші болатын аурулардың ішінде 8-ші орында тұрады.Альцеймер ауруы бұл бас миының ішкі қыртысында басталатын ми жасушасының зақымдалуы. Осы ауру бойынша өлген адамда зерттегенде ми қыртысының аз ғана бөлігі өрілген жіп тәрізді болады. Осы ауру кезінде адам еске сақтау қабілетін жоғалтады.Бұл аурудың алғашқы симптомы кезінде ұмытшақтық пайда болады және тіл кемістігі пайда болады. Басында ұсақ-түйек нәрселерді ұмытады, содан кейін ауру күшейе түсе, ол өзіне таныс адамдардың атарын, күнделікті істеп жүрген, өзінің таныс орындарын ұмыта бастайды, ең соңында жаңа ғана болған оқиғаны да ұмытады. Ауру адамға қарапайым нәрселерді орындауға және жоспарлауға қиын болады мысалы, ішіп, жейтін тағамды табу қиынға соғады және ол тоңазытқышты іздеп таба алмайды. Бұндай жағдайда ауру адамды жалғыз үйде қалдыруға болмайды. Ауру адам қарапайым нәрселерді орындай алмайды, ол өзі киіне алмайды, тамақ іше алмайды. Өзіне жақын адамдарды және өзінің жолдасын, өзіне көп жылдан бері көмек көрсететін адамды танымайды оны таныс емес адам ретінде қабылдайды. Туысқандары ауру адамды қиын жағдайда қарттар үйіне апаруға мәжбүр болады.

Когнитивтік іс- әрекеттің нашарлауының екінші себебі; психологиялық күтім, рухани денсаулық және басқа факталар когнетивті іс- әрекетіне әсер етеді. Кейбір қарт адамдарда жаспен бірге оның есі нашарлайтынын және олар қалыпты жұмыс істей алмайтынын айтады. Адамның рухани денсаулығы оның когнетивті іс- әрекеттегі тапсырмаларды орындауына әсер етеді. Депрессия—қарттық жастағы қарапайым психологиялық реакция. Ол сүйікті адамын және досын жоғалтып алуымен байланысты болады. Депрессия зейіннің шоғырлануының және когнитивті іс- әректтің төмеңдеуіне әкелетін дұрыс тамақтанбау, анемияға әкелетін витаминнің және хориннің жетіспеуі ойлау қабілетнің нашарлауына әкеледі. Алкогольдік ішімдіктерді көп қолдану қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жұмысының бұзылуна әкеледі.

3.Стохастикалық теория. Қартаюдың стохастикалық теориясына сәйкес,ағза кездейсоқ зиянды нәрселердің нәтижесінде қартаяды. Бұл теорияның авторлары адамның денесін жасушалық деңгейде жиналған зиянды нәрселердің нәтижесінде істен шыққан машинамен теңейді.Тек жасушалық құрылым емес, ұлпалар, мүшелер тозады.

Биологиялық сағат теориясында басты назарды қартаюды генетикалық анықталғандығына бағытталады. Бұл теория бойынша, қартаю тұқым қуалау гендерінің алдын ала белгіленген әсерінен болады. Индивидуумның өмірінің орташа ұзақтығын шамамен 200 ген анықтайтынын болжайды. Бағдарламаланған қартаю биологиялық сағат ұғымымен байланысты.Бұл идеяның мәні бойынша, ағзада белгілі бір өлім уақытына қойылған жеке сағаты болады.Сағаттар ағзаның әр жасушасында немесе мида орналасуы мүмкін



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Эйджизм дегеніміз не?

2. Қарттық кезенде адам ағзасында қандай өзгерістер болады?

3. Зейнеткерлікке шығудың нәтижесінен боллатыфн өзгерістер?

4 Даналылық ұғымына түсініктеме бер?

5. Стохастикалық теорияға не жатады?

6. Биологиялық қартайу деп нені айтамыз?

7. Деменция дегеніміз не?

8. Алцьгеймер ауруының симтомдарын ата?

9. Эвнатазия дегеніміз не?

10. Өмірден түңілу қандй жағдайларда кездеседі?

Қарттық жастағы психоәлеуметтік даму.

1.Зейнетке шығу : статустың мәнді өзгерісі.

2. Қартаю теориялары


жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау