Жас ерекшелігі психологиясы


Даму психологиясындағы психодинамикалық бағыт



жүктеу 2,91 Mb.
бет7/27
Дата25.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#17002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

3. Даму психологиясындағы психодинамикалық бағыт


4. Дамудың психоәлеуметтік теориясы

5. Бихевиоризм және үйрету теориясы



Мақсаты:Шетел теорияларындағы адам дамуының мәселелерін талдай отырып , теориялардағы даму бағыттарымен таныстыру.

1. Эволюциялық идеялардың негізгі өкілі –Ч.Дарвин. Ғылыми ойлаудағы дарвинизм жасаған төнкеріс ағза мен орта арасындағы детерменистік қатынастардың жаңа схемасын жасауға көмегін тигізді. Бұрынғы концепцияларда орта- ықпалдық маңызға ие болса, енді ол өмір тіршілігін өзгерте алатын күшке айналады. Ағзалар туралы түсініктер өзгерді. Бұрынғы биолгтар түрлер өзгермейді, ал тірі дене психикалық құрылымға белгіленген деп санады. Алайда ағза ортамен өзара әрекеттегі филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі екендігі анықталды және оған эволюция заңымен қамтылған ішкі органикалық ерекшеліктер тән. Психологияның дамуына тәжірибелік әдістермен қатар эволюция принципі және кеңінен –даму принципі де маңызды ықпалын тигізді.Ч.Дарвиннің биология саласындағы өзінің ең маңызды еңбегі «Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығуы» Осы еңбегі арқылы түрлердің өзгергіштігі фактісі мен эволюция заңы ашылды. Эволюция заңы бойынша өзгергіштік заңы мен тұқымқуалаушылық принципі негізінде органикалық заттардың тіршілік үшін күрес жағдайында табиғи сұрыптау жүреді, ол материалистік түсіндірудің мақсатқа сәйкестігін берді, яғни табиғатқа ағзалардың бейімделуін көрсетеді.

2. Ч.Дарвиннің балаларға жүргізген зерттеулерінен кейін бала дамуына бақылау формасындағы зерттеулер көбейе бастады. Осы саладағы алғашқы теория рекапитуляция теориясы болып саналады. Бұл теорияны С.Холл мен Дж. Болдиунмен қалыптастырды. Оның негізіне балалар психологиясы мен эмбриологиясына көшірілген Э.Геккельдің биогенетикалық заңы еңгізілген. Рекапитуляция заңы бойынша бала жеке даму процесінде эволюциялық процес кезеңдерінен өтеді, сонымен қатар адамзат басынан кешірілген: жабайылық,аң аулау, мал шаруашылығы т.б. мәдени дамудан өтеді. Олардың қатал заңдылық бір ізділігінің маңызды сатылары автоматты түрде бірінен кейін бірі өңдіріледі. Тек сондай жағдайда балада сыналатын қарама- қарсы сезім-судан қорқу және оны жақсы көру –бұл жануарлардың суда тіршілік еткен мезгілінен қалған белгілер, содан кейін өздерінің мекен еткен ортасын таңдауына байланысты. Онтогенетикалық даму биологиялық детерменизм процесі ретінде қарастырылды. С.Холл педагогика ғылымына көп көңіл бөліп «педология» ұғымын еңгізді. Дж. Болдуин онтогенетикалық даму адамзат тарихын толықтай қайталай алмайды деп, сыртқы факторларды есепке алу керек екенін анықтады.. Ол психикалық даму факторы мен В.Штерннің оларды конвергенциялау теориясы бойынша түсіндіріледі. В.Штерн бойынша бала дүниеге келген ағза, ол органикалық мүмкіндіктерге, түйсіктерге , туа біткен бейімділіктерге ие болады.Ол оларды рухани дамуды анықтайтын ішкі ерекшеліктер, немесе ішкі фактролар деп атады. Екінші факторға ортаның ықпалы, табиғи және қоғамдық факторлар жатады деп атап көрсеткен.

3.Даму теориясындағы психодинамикалық бағыттың негізгі -өкілі-З.Фрейд.З.Фрейдтің зерттеуінің қорытындысы бойынша үлкен адамдардың аурулық себептері бала кезіндегі үрейлену салдарынан.Ол жеке тұлға дамуын мынадай стадияларға бөлді:



Оральды стадия (0-1ж) Бұл кезеңде баланың дамуы тамақтануға байланысты. Бұл кезеңдегі ауыз тамақтану құралы болып табылады.Бала барлық жағынан анасына тәуелді болады. Баланың тісі шыға бастағанда ашушаң мінезі де пайда болады. Фрейдтің айтуы бойынша осы кезеңнің өзінде балада ; тойымсыз, сараң, талапқойғыш,қанағаттанбау сияқты қасиеттері дамиды.

Анальды стадия (1-3ж) Бұл стадияда «мен» концепциясы дами бастайды және «ол» концепциясына бақылау жасап отырады. Бала өзінің қызығушылығымен шынайы өмір арасында келіспеушіліктерді мойындап оларды дұрыс шешуге үйренеді. Әлеуметтік ақыл- кеңес, ата-аналардың жазасы және олардың сүйіспеншілігін жоғалту үрейі кейбір тыйым салулармен келісуге әкеледі. Психоаналитиктердің тұжырымдамасы бойынша осы кезеңде;ұқыптылық, пунктуальдылық, тұйықтық, ашушаңдық, экономдылық, бірбеткейлік қабілеттері пайда болады.

Фаликалық стадия (3-5ж) Фрейд баланың ең негізгі даму кезеңін 5 жасқа дейін деп белгіледі. Осы кезеңде оның маңызды жекелік құрылымы пайда болады. Осы стадияда; өзін-өзі байқау, ақыл, рациональды ойлау қабілеттері пайда болады.

Латентті стадия (5-12ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық төмендейді. Бала жалпы адамдық тәжірибені жетік меңгеріп, өз құрдастарымен, үлкендермен, отбасымен қарым-қатынасын жақсартуға тырысады.

Генетальды стадия (12-18ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық жоғарылайды. Бала үлкен болады. Оның негізгі мінез-құлқы оның дамуы «ол», «мен» және «меннің жоғарылауы» қарым-қатынасы арқылы пайда болады.

4.Психоәлеуметтік теорияның негізгі өкілі-Э.Эриксон. Оның теориясы бейсаналылыққа қарағанда саналы іс-әрекетке көп мән береді. Э.Эриксон адамның қалыптасуындағы әлеуметтік қарым-қатынас роліне аса назар аударды.

Э.Эриксон адам дамуын 8 стадиясы бөлді:

1.Сенімділік және сенімсіздік (тағаннан 1ж.д.) Бұл кезеңде бала өзін күткен қамқорлық жасаған адамдарды сезінеді. Егер оның қажеттіліктері қанағаттандырылып, оған үлкен қамқорлық көрсетілсе, ол өмірге, қоршаған ортадағы адамдарға сенімділікпен қарайды. Ал егер оның өмірінде стресс, жиі ауру, ашушаңдық тудыратындай жағдайлар болса, балада қоршаған ортаға деген сенімсіздік пайда болады.

2.Ұялу және күдіктену. (1-3ж) Бұл шақта бала жүре бастайды.Өздігінен тамақтануға, киінуге, тік жүруге үйрене бастайды. Оған өз бетімен бір іс-әрекет жасау тапсырылса балада сенімділік пайда болады, ал осы әрекеті үшін үлкендер оны жазаласа оның бойында ұялу өз күшіне күдіктену қалыптасады.

3. Инициатива немесе күнәмшілдік. (3-6ж) Бала өз денесінің белсенділігін бақылайды. Олар өздерінің белсенділігі арқылы адамдармен, айналадағы заттармен қарым-қатынас жасайды, ынтасы жоғарылайды. Ал егер оларды сынап жазалап отырса , олар өздерін кінәлайды.

4. Еңбексүйгіштік немесе толымсыздық.. (6-12ж) Балалар мектептен , үйден және өзінің жолдастарынан көптеген дағдыларды игереді. Оның «мен» концепциясы дамиды. Олардың өзін бағалауы академиялық үлгерімдеріне байланысты болады. Егер бала жақсы оқымаса онда толымсыздық комплексі қалыптасады.

5.Ұқсастық және рольдердің алмасуы (12-18ж) Бұл кезеңде балалар көптеген рольдерді біледі.Мысалы; мұғалім, оқушы т.б. Олар осы рольдерді біртұтас ұқсастықтарға интеграциялайды.

6. Жақындық және алшақтық. (18-40ж) Жастық пен қарттықтың басында дамудың негізгі қарама-қайшылығы жақындық пен алшақтық арасындағы дау жанжал туындайды. Жақындық дегеніміз- өзінің ұқсастықтарын жоғалтуға қорықпастан, өзінің жан дүниесін басқа адамдармен бөлісу.

7.Тәжірибелілік және инерттілік (40-65ж) Ересек жаста жоғарыда айтылған конфликтер шешілгеннен кейін, олар басқа адамдарға көңіл бөліп оларға қөмек көрсетеді. Бұл кезеңдегі адамдар осы кезге дейін қолы жетпеген жетістіктерге жетуге ұмтылады.

8.Эгоның біртұтастығы немесе торығу. (65 жастан жоғары...) Өмірінің соңғы этаптарында адам өткен өмірін ойлап, оны жаңаша түрде бағалайды. Егер адамның өткен өміріне көңілі толмаса , ол адамда эго- біртұтастығы сезімі пайда болады. Ал оған өткен өмірі бостан-бос өткендей көрінсе, ол адам торығып, өмірден түңіледі.

5.Адамның әртүрлі іс-әрекеттеріне зерттеулер жүргізілудің нәтежиесінде бихевиоризм бағыты дүниеге келді. Бихевиоризмнiң бiрiншi зерттеулерi анық iс-әрекеттi анықтау,яғни бақылай алатын және объектiні өлшеуге болатын iс-әрекет.Олардың көзқарасы бойынша, бұл психологияны нағыз ғылымға айналдыратын жалғыз жол,олармен ашылған iс-әрекет заңы индивидтiң өмiр жолында қолданылады.Бiз бұл бағытты зерттелген екi ғалымның жұмысынан қарастырамыз.

Орыс физиологы И.П.Павлов (1849-1936) өзiнiң ғылыми карьерасының басында жануарлардың асқорыту процесiн зерттеумен айналысты,ол бұл еңбегi үшiн 1904ж.Нобель сыйлығымен марапатталды.Оның зерттеулерi барысында тәжiрибиедегi иттер трахеотомға айналды.

Әрбiр иттiң тамағына хирургиялық жол арқылы кiшкене трубка енгізілді.Иттi аш ұстап,Павлов және оның көмекшiлерi,иттiң сiлекейiн өлшей алды.

Бiрақ өзiнiң тәжiрибиесiнiң жүзеге асуын Павлов бақылай келе,тәжi рибиеге қатысқан иттердiң сiлекейлерiнiң бөлiнуi олардың ауызына бармас бұрын басталады,сонымен қатар Павлов және оның көмекшiлерi оларға жай жақындаған кезде сiлекейлерi бөлiндi. Павлов оны психикалық секреция деп атады. Сонымен,классикалық негiзделу кезiнде екi немесе одан көп стимулдар бiрiгедi және зерттелушiнiң миында олар бiр-бiрiмен қосыла бастайды.Павловтың зерттеулерi көрсеткендей қоңыраулардың дыбысынан иттерде сiлекей бөлiнулерi рефлекс түрiнде жауап бередi.Бұл дыбыстар сiлекей бөлiнгенше тамақ ретiнде қолданылады.Бұдан кейiн зерттеушiлер режимдi өзгерттi,олар бұл iс-әрекеттiң барысын жазып отырды,олар ассоциацияның қалыптасуын және оның қаншалықты берiк екенiн анықтады.

Э.Л.Торндайк (1874-1949) өте құрметтi педагог болды,бiрақ оған ең құрметтi атақты әкелген,оның 1911ж.ашылған эффект заңы.Бұл заң бойынша iс-әрекеттен кейiн жағымды нышандар пайда болып және де оны қайталауға деген әрекет пайда болады,ал егер жағымсыз әрекеттер немесе қанағаттанбаушылық әрекет көрсетілсе одан кейiн,с-әрекеттiң қайталануынан бас тартады.

Үйрену терминi тәжiрибе қорытындысындағы немесе қалыптасқан тәжiрибиедегi iс-әрекеттердiң өзгеруiн бiлдiредi.Бұл анықтама 3 негiзгi элементтерден тұрады:

1)жүзеге асқан өзгерiс, тұрақтылығы және ұзақтығымен ерекшеленеді.

2)өзгерiс iс-әрекетiнiң өзiн емес,оның мүмкiн болатын потенциалдарын шыңдайды.

3)үйрену бiрнеше тәжiрибиенi талап етедi.

Павлов пен Торндайктың жұмыстарын қабылдамай "үйрену" теориясының ертедегi өкiлдерi,АҚШ.-ғы психологиялық ғылымға еңбектерi сiңген өкілдер,өздерiнiң анықтаған құбылыстарын инструментальды мiнез-құлыққа бағыттады. Бұған мысал; тышқанның лабиринттен тамақ iшу үшін жол табудағы мiнез-құлқы жатады.Бұдан әр тәжiрибиеде тышқанның өз мақсатына жетудегi уақыты өлшенедi.

Үйрену теориясының өкiлдерi қатаң бихевиоризмнен басқа жолдарды қарастырды.Олар мынадай түсiнiктердi қолданды:үйрену,мотивация,қозғалмалы күштер т.б.

Үйрету зерттеушiлерi үйрету үшiн формулалар ойлап шығарды және жайлап-жайлап ортақ үйрету "заңын" анықтады.Солардың бiрi классикалық қисық үйрету,ол адамның әр түрлi мiнез-құлқына арналған.Осылай кейбiр iстерге үйтету мысалы,музыкалық аспапта ойнау,бастапқы этаптардағы тез үйрену шеберлiгiмен суреттеледi,бiрақ жақсару темпi күннен-күнге жайлайды.Бала гитарада ойнауды үйренiп жүр делiк.Алдымен ол иiлгiштiктi қалыптастырады және саусақтардың үйренгiштiгiн,бiрақ оған нағыз виртуоз болы керек болса,онда бұл аз емес жылды талап етедi.Қисық үйрету адамдардың көптеген күрделi шеберлiктерiн иллюстрациялауға болады.

Ұлы орыс психологы Л.С.Выготский ең әуелі жалпы психология саласында өте шебер маман болды. Ол диалектикалық және тарихи материализм негізіндегі психологияның ғылыми жүйесін құрды. Л. С.Выготский бала психологиясымен айналысып көп еңбектер жазды.Ол психикалық дамудың өзіндік заңдылықтарын құрды;



  1. бала өмірінің әрбір жылында дамудың өзіндік типі мен режимі бар.

  2. Даму –сапалық өзгерістердің тізбегі және баланың психикасы ересектердің психикасына қарасғанда өзгеше.

  3. Баланың дамуы әркелкі.

Баланың ойлау қабілетін зерттеу Выготскиий зерттеулерінің негізі болды.Сонымен қатар балаға қойылатын талаптар оның функционалдық мүмкіндігінің алдында жүру керек, яғни жақынаралық даму зонасы орыс психологы Выготский есімімен байланысты.Оның айтуы бойынша баланың әрбір іс -әрекеттегі тапсырманы орындаудың 2 деңгейін көрсетуге болады:

  1. баланың өзбетінше орындай алатыны

  2. ересектермен қарым-қатынаста үйренетін іс-әрекеттер, осы екінші деңгейге жақын аралық даму зонасы болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар;

  1. Психодинамикалық теориясы кімнің есімімен байланысты?

  2. Психожыныстық даму стадияларын ата?

  3. Эгоның біртұтастығы мен торығы қандай жас кезеңінде көрініс береді?

  4. Эффект заңы дегеніміз не?

  5. Психологиялық секреция деген ұғымды қалай түсінесің?

  6. Жақынаралық даму зонасы дегенге түсінік бер?



4 дәріс.

Тақырыбы: Адамның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылық және ортаның әсері

Дәріс мазмұны:

1. Адам дамуына әсер етуші тұқым қуалаушы факторлар.

2. Генетикалық және хромосомалық бұзылыстар

3. Генетикалық кеңес беру

4. Адам дамуына ортаның әсері


Мақсаты: адам дамуына әсер ететін қошаған орта, тұқымқуалаушылық, және генетикалық ауытқушылықтар туралы түсінік беру.

1.Адам ағзасында 200 түрлі жасуша бар . Жасуша мембранасы цитоплазмадан , митохондриядан тұрады . Жасуша митохондриясы жасуша энергиясының көзі болып табылады . Сонымен қатар жасушада оның өмір сүруіне қажетті ақуыздар болады . Жасуша ортасында ядро орналасқан . Ядрода ДНК болады . ДНК құрамына РНК кіреді . Адамда 23 жұп хромосом болады . 23-жұбы жыныстық хромосом болып табылады. Әйел жасушасы ХХ , ер адам хромосомасы ХҮ болады . Егер жасуша бөлінуге әзір болса , екі ұзын тізбек құрады . Қалыпты жағдайда митоз процесі жүріп , әрбір жасуша өзінің көшірмесін жасайды . Екі жасуша пайда болған соң мейоз процесі пайда болады . Бөлінген жасушалардың барлығы өміршең бола алмайды . Аз ғана бөлігі ғана тірі қалады . Хромосома арқылы аталық және аналық гендер беріледі . Ол доминантты және рецессивті болуы мүмкін . 23-ші хромосом жұбы тұқым қуалаушылық белгілерді беруге қызмет етеді .Митоз нәтижесінде екі ұқсас жасуша пайда болады . Ер адамдарда мейоз нәтижесінен төрт спермотозоид жасушасы пайда болады және олар генетикалық жағынан бір-бірінен өзгеше болады . Ал әйелдерде бір үлкен жасуша болады .

Адамның кейбір ерекшеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады . Оны тұқым қуалаушылық деп атайды . Яғни ата-анасынан балаға белгілі бір сапалары мен ерекшеліктерінің берілуі . Оның гендер тасымалдайды.

Ағзаға ата-аналарынан берілетін гендер жиынтығынан генотип құрылады . Генотип дегеніміз жүйке қызметінің тумысынан берілетін типі . Қазіргі ғылым ағзаның барлық қасиеттері гендік кодта сақталатындығын дәлелдеді . Генетика ғылымы адам дамуының тұқым қуалаушылық бағдарламасын тапты . Ол тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді



Тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы адамзат ұрпағының жалғасуын білдіреді . Сондай-ақ адамның түрлі нышандарын ( сөйлеу нышаны , тіке жүру , еңбек ету , ойлау нышаны ) құрайды . Ата-анасынан баласына көзі , шашы , дене құрылысы , қанының тобы , резус факторы , т.с.с. тұрақты тұқым қуалаушылық бағдарламасы арқылы беріледі .

Ал өзгермелі тұқым қуалаушылық бағдарламасы оның өмір сүруге бейімделу қабілетін туғызады . Мысалы , өзін-өзі дамытуы , жетілдіруі , тәрбиелуі .Баланың ата-анасына ұқсап тууын анатомиялық нышан деп атайды . Жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеліктері де туысынан пайда болады . Мұны физиологиялық нышан деп атайды . Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады .

2. Жылына дүниеге келген балалардың 6 -і гендік және хромосомдық ақаулықпен дүниеге келеді . Бұндай ақаулықтың пайда болуына сыртқы орта факторлары , түрлі дәрі-дәрмектер , радиация және босанғанда алған жарақаттар жатады . Сонымен қатар ішкі факторлар ананың денсаулығы , жүктілік кезіндегі өзін күту және тұқым қуалау арқылы берілетін аурулардың себебінен пайда болады .

Жыныстық хромосомдық ақаулық хромосомның артықшылығынан , үзілуінен болады . Хромосом үзілгенде ол келесі хромосоммен бірігуі немесе жасушамен жанасуы мүмкін .

Хромосомның артық болуы кляйнфельтера ауруына әкеп соғады . Мұнда бір немесе бірнеше Х хромосом саны артық болып , ХХҮ генотипі түзіледі . Мұндай ақаулық түрі жаңа дүниеге келген мың сәбидің бірінде кездеседі . Бұл аурумен дүниеге келген нәрестелер бедеулік ауруына шалдығады . Мұндай адамдар ауруға шалдыққыш келеді және қаңқа сүйектерінің кемістігі байқалады .

Ал хромосомның жетіспеуі тернер ауруна әкеп соғады . Бұл ауруда Х хромосомы болмауы немесе мүлдем белсенділік танытпауы мүмкін . Х генотипі болады . Бұл генотип бар әйелдерде жыныстық жетілу толық емес және репродуктивті қызметі бұзылған . Олардың бойы өте кішкентай , ақыл-ой дамуы өте төмен болады . Бұл белгілер пайда болған жағдайда гормонатерапия жүргізіп , сырт келбетін қалыпқа келтіруге болады , бірақ олар бедеу болып қала береді . Бұл тұқым қуалау арқылы берілетін аурудың бірі . Мұндай аурумен дүниеге келген баланың басы өте үлкен , салмағы қалыпқа сай емес , кейбіреулері шапалақтап , өз қолдарын тістеп өте белседі әрекет етеді

Жыныстық хромосомның гендеріне байланысты ақаулық Х хромосомы өте қысқа болып , Ү хромосомымен жұп құра алмай , сәйкестік болмайтын кездері болады . Сондықтан бұл гендер жынысқа тіркелген гендер деп аталады . Бұл аурудың бір түрі гемофилия ауруы , яғни қанның дұрыс ұйымауы . Бұл аурумен ауырғандардың қан құрамында ұюға қажетті плазма болмайды . Сондықтан аз ғана жарақат алса да , көп мөлшерде қан жоғалтады .

3.Болашақ сәбидің қандай ақаулықпен дүниеге келетінін айту үшін ата-ананың екеуіде медициналық тексеруден өткізіледі.Егер гендік анамалия белгілері байқалса оның қашалықты әсер ететінін анықтап, ата-анаға хабарлайды.

Төменде алдын-ала кеңес алуға тиісті адамдар тізімі берілген;

- ата-бабасында немесе өзінде гендік ақаулығы бар адамдар,

-туғаннан ақаулығы бар немесе анамалиясы бар баланың ата-анасы,

-хромосомды анамалия эмбрионда байқалған, 3рет түсік тастаған ана,

-35 жастан асқан жүкті әйел адам не күйеуі 44-тен асқан,

-тұқымқуалаушылық ауруы бар болашақ ата-ана,

-түрлі радиациялық әсерлерге көп мөлшерде дәрі ішкен, т.б сыртқы орта әсеріне ұшыраған жұптар.

4.Қоршаған орта деңгейі; жанұя және әлеуметтену. Қоршаған орта деңгейлерінің құрамына мыналар жатады;

Микрожүйе-адамдар және жанұядағы мектептегі және баламен тікелей байланыста болатын қоғамдық институттар.

Мезожүйе-микрожүйенің бірнеше элементтерінің қарым-қатынасы.

Экзожүйе-баламен тікелей байланыспайтын, бірақ аз ғана болса даоған әсерін тигізетін қоғамдық құрылымдар.

Макрожүйе- жалпы мәдениет.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар?

1 .Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?

2. Тұқымқуалаушылық арқылы қандай аурулар беріледі?

3. Хромосома қандай қызмет атқарады?

4 . Генотип дегеніміз не?

5. Гемофилия ауруның белгісі ата?

6 .Тернер аурунының қандай белгілері бар?

7. Макро жүйеге нелер жатады?

8. Микрожүйе дегеніміз не?

9. Мезожүйенің құрылымын ата?

10. Экзожиенің құрылымы?
5 дәріс

Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясында жас кезеңдеріне топтастыру мәселелері.


жүктеу 2,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау