Бекітуге арналған сұрақтар:
1.Эволюциялық биология не туралы ғылым?
2.Барлық тірі организмдердің әр түрлілігі қандай үш факторға байланысты?
3.Дарвин эволюция теориясын кәдімгі натуралист болып жасауының себебі неде?
4.1859 жылы Дарвиннің қандай еңбегі шықты?
5.1871 жылы Дарвиннің қандай еңбегі шықты?
6.Эволюция теориясы бойынша өзгергіштіктің нәтижесі қандай?
7.Эволюция теориясы бойынша тұқым қуалаушылықтың нәтижесі қандай?
8.Табиғи сұрыптаудың нәтижесі қандай?
9.Популяция дегеніміз не?
10.Эволюция дегеніміз не?
Әдебиеттер: 1. 170-176 б.б., 7. 370-380 б.б.
№ 12 дәріс.
Тақырыбы: Жер туралы ғылымдар.
Мақсаты:Осы кезге дейін алған білімдері негізінде география ғылымының мәні мен міндеттерін терең ұғындыру. Осы негізде жер қабаттары туралы айтып олардың өзара байланыстарын түсіндіру.
Дәрістің мазмұны:
1. География – географияның мәні мен міндеттері.
2. Жер ғаламшары. Жер қабаттары.
1. География – гректің ge – жер, grapho – жазамын деген сөздерінен шыққан. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған. География адамзат ойының қалыптаса бастаған кезінде пайда болған. Алғашқы географияляқ көзқарастар ежелгі мәдениеті дамыған Египет, Месопатамия, Үнді және Қытай халықтарында біздің эрамызға дейінгі көптеген 100 жылдар бұрын айтылған.
Географиялық білімдерді алғаш рет жүйелеу антика заманында (VII-I ғасыр б.э.д.) кезде басталған. Осы кезде-ақ Жердің планета ретінде негізгі қасиеттері, формасы, мөлшері оның әлем кеңістігіндегі орны туралы белгілі болған. Байқағанымыздай географияның терең тамыры бар. Бірақ оның дамуының кезеңдерінде мазмұны әр түрлі болды. Міне сондықтан да географияны ежелгі де, бір уақытта жас ғылым деп те атаймыз. Қазір география өткен кезеңдердегіден мүлдем басқа мәселелерді де шешеді. Көптеген уақыттар бойы ол танымдық – сипаттамалық ғылым болып, оның міндеті тек қана бұрыннан белгісіз елдер мен жерлерді ашып, оларды сипаттап жазу ғана болды. Географияның бұл бағытының нағыз шарқтаған кезі XV-ғасырдың ортасынан XVII-ғасырдың ортасына дейінгі кезең болды. Бұл кезең – ұлы географиялық ашулар кезеңі деген атқа ие болды. Міне осы кезде адам біздің планетамыздың беткі құрылысы, ондағы материктер мен мұхиттар, олардың бір-бірімен салыстырғандағы орналасуы туралы білді. Алынған мәліметтер бойынша карталар жасалды.
Нағыз географиялық ғылыми зерттеу жүргізу XVII-ғасырдың екінші жартысынан басталды. Міне осы кезде материктердің ішкі бөлігі зерттелді, Антарктида ашылды, дүние жүзін айналып шыққан саяхаттар жасалды. Жекелеген елдер мен аймақтардың елтану бағытындағы сипаттамалар жасалды, ғылыми географиялық қоғамдар ұйымдастырылды.
Әсіресе XIX-ғасырдың екінші жартысында практикалық мақсаттар үшін зерттеулер жүйелі түрде көп жүргізілді. Географияның осы даму кезеңінде ол енді тек жеке мәліметтер мен құбылыстарды ғана сипаттап жазып қойған жоқ, оларға ғылыми түсінік те берді. Жер планетасы туралы білімдердің молайғаны соншалық бұл ғылымның өз алдына жеке ғылыми салалары климотология, океаналогия, геоботаника т.б. бөлінді. Қазіргі география – бұл үлкен ғылымдар жүйесі. Онда екі басты сала: физикалық география және экономикалық география бөлінеді. Физикалық географияның зерттеу объектісі – біртұтас географиялық қабық. Географиялық қабық деген түсінікті А.А.Григорьев ұсынған, физис грекше – табиғат, экономия грекше – шаруашылықты басқару. Физикалық география жалпы және аймақтық салалардан тұрады. Жалпы физикалық география жер беті табиғатының бүкіл Жер шарына тән жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысады. Ал аймақтық физикалық география жер беті табиғатын жеке бөліктерге (материктерге, материк бөліктеріне, елдерге) бөліп қарастырады.
Географиялық қабық күрделі материалдық жүйе. Ол атмосфераның төменгі қабатын, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын немесе биосферамен бірге олардың арасындағы зат пен энергия айналымынан пайда болған қабық. Географиялық қабық барлық жерде бірдей емес, ол әр түрлі дәрежедегі табиғат кешендерінен тұрады. Мұны географиялық қабықтың синонимі сияқты алынған ландшафтылық қабық деп те атайды. Географиялық қабықтың басқа қабықтардан бөлек өз бетінше өмір сүруі мен сапалық ерекшелігін С.В.Калесник мыналардан көрсетеді: 1) тек қана географиялық қабықта күн энергиясы түгел шоғырланады; 2) тек географиялық қабықта эндогендік және экзогендік күштердің өзара күресі үздіксіз жүріп жатады; 3) тек географиялық қабықта ғана заттың 3 күйін түгел кездестіруге болады; 4) тек географиялық қабықта ғана топырақ жамылғысы түзіледі; 5) тек географиялық қабықта ғана табиғат компоненттерінің зоналылық заңдылығы көрінеді; 6) тек географиялық қабықта ғана тіршілік шоғырланған.
Географиялық қабықты зерттегенде ертеден келе жатқан картографиялық, салыстыпмалы географиялық, тарихи әдістермен қатар жаңа математикалық, модельдеу, аэро әдіс, геофизика, геохимия, космостық әдістер қолданылады. Қазіргі географияның міндеті табиғат пен адам қоғамының арасындағы байланысты терең зерттеп, табиғатты қорғап және оны тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру міндеті тұр.
2. Жер Күннен қашықтығы жөнінен Меркурий мен Шолпаннан кейінгі үшінші планета.
Жер қабаттары: биосфера, гидросфера, криосфера, литосфера, атмосфера. Бұл қабаттар өзара байланыста болады. Бұларда алуан түрлі физикалық, химиялық, биологиялық процестер өтеді.
Жер бұдан 4,6 млрд жыл бұрын пайда болған. Жердің ақиқат формасының шартты атауы – геоид, бұл атауды 1873 жылы неміс ғалымы И.Листинг ұсынған, геоид аударғанда жер тәрізді деген мағына береді. Геоид беті тыныш тұрған мұхит бетімен сәйкес келеді. Жердің формасы мен мөлшерінің географиялық маңызы өте зор. Жердің шар тәрізді формасы – Жер бетіне түсетін Күн сәулесінің бұрышын экватордан полюске қарай азаюына соқтырады. Жер радиусы 6,3 мың шақырым. Массасы 6 * 21 тонна, тығыздығы 5,5 гр см3. Жердің беткі ауданы 510 млн шаршы шақырым, оның 361 млн ш.ш. дүние жүзілік мұхит, ал 149 млн ш.ш. құрлық немесе 29%.Жердің мөлшері мен тығыздығы байланысты. Ол жер планетасының массасын анықтап береді. Жердің мөлшерінің зор болуы планетаның өз маңында жеткілікті түрде қалың және тығыз атмосфера ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жер атмосферасында азот 78%, оттегі 21%. Атмосфера тропосферадан – 9-17 шақырым (орташа 11 шақырым) бұл ауа райының «фабрикасы», стратосферадан – 55 шаықырымға дейін ауа райының «қоймасынан» және 80 шақырым биіктіктен жоғары ионосфера – ауа сирек азот пен оттегі иондар күйінде электрмен зарядталған болады. 800-1000 шақырым биіктікте шашырап тару зонасы орналасқан.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.География ғылымы қашан пайда болған?
2.Географиялық білімдердің алғашқы жүйеленген уақыты?
3.География ғылымы алғашқы даму кезеңінде қандай қызмет атқарды?
4.Танымдық-сипаттамалық географияның шарықтаған кезеңі...
5.Ұлы географиялық ашулар кезеңі?
6.Нағыз географиялық ғылыми зерттеу қай кезден басталды?
7.Қай кезеңде не себепті география ғылымы қарқынды дами бастады?
8.Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген «География» деген еңбектің авторы?
9.География ғылымы қанша үлкен саладан тұрады?
10.География ғылымының ең ескі зерттеу әдістерінің бірі
Әдебиеттер: 4. 7-12 б.б.
13 дәріс.
Тақырыбы: Геология.
Мақсаты:Жерді зерттейтін ғылымдардың бірі геологиямен тереңірек таныстырып, жер қыртысының литосфералық тақталары туралы мәліметін беріп, геологиялық жыл санау схемасын көрсету.
Дәрістің мазмұны:
1. Геология объектілері мен әдістері.
2. Литосфералық тақталар тектоникасы.
3. Геохронологиялық шкала.
1. Геология – Жер туралы ғылым. (гр. «гео»-жер, «логос»-ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі-бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақыттыа дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.
Геологиямен қатар Жерді зерттейтін ғылымдар физикалфқ география т.б. Олардың әр қайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен мақсаттары бар. Олар жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Геология Жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, Жердің өткен тарихын қалпына келтіру арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды немесе геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және эволюциялық дамуын зерттейді. Геология жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне, физика, химия, математикаға көбірек сүйенеді. География мен геология ғылымдарының расындағы тығыз қарым – қатыныс өте ертеден келе жатыр. Әсіресе эндогендік (жер астылық) және экзогендік (жер үстілік) процестердің нәтижесінде пйда болатын жер бедері пішіндері мұның дәлелі. Жер бедерін зерттейтін ғылым – геоморфология геология мен географияның екеуіне де бірдей ортақ. Қазіргі кезде геологияның өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі. Жер қыртысының құрамын зерттейтін пәндер – минерология, петрография («петрос» гр. – жартас), метология («метос» - тас) болып саналады. Жер бетінде және жердің ішкі қабатында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс тұрғысынан зерттейтін ғылым – динамикалық геолгия деп аталады.
Ол геотектоника, сейсмология және вулканологияға ажыратылады. Пайдалы қазбалар туралы ілім әр түрлі кен орындарының жаратылысын, орналасу заңыдылықтарын, өзіндік формаларын, өндірістік қажеттіліктерін зерттейді.
Геологияның зерттеу әдісері. Ағылшын ғалымы Ч.Лайель: «бүгінгі өмірді зерттеу, өткен өмірдің тарихын түсінудің кілті». Бізге белгілі бұрынғы болған оқиғалар қайтадан қайталанбайды. Қазір Лайель ойын жаңа мағынада, тарихи салыстырмалы зерттеу әдісі ретінде қолданады. Жер қойнауын зерттеу әдістері: 1) геологиялық зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі – жер қыртысын құрайтын заттарды тікелей бақылау және талдау арқылы жан-жақты зерттеу. Жер қыртысын құрайтын заттар тау жыныстары түрінде табиғи жағдайда жер бетіне шығып жатады. Ал жердің ішкі қабаттарының құрылысын жыра, корьерлер, шахталарды зерттеп қарастырады. Ең терең шахта 4 км Үнді және Оңтүстік Африка Республикасында, өте терең бұрғылау жұмыстары кола түбегінде 12 км-ге жетті. Терең жер қабатын табиғи скважиналарды зерттеу арқылы – ол кимберлит түтіктерін зерттеп білуге болады. Олармен бірге кездесетін алмас кристалдары жердің ішкі 200 км тереңдігінде пайда болады.
2) Аэрофотогеологиялық және космогеологиялық зерттеу әдістері.
3) Геофизикалық – жердің терең қабаттарын зерттеуде кең қолданылады. Олардың өзі де бірнеше түрлі:
4) сейсмикалық, 5) магнитометриялық т.б. Олар жер қыртысындағы заттардың физикалық қасиеттерін зерттейді. Тау жыныстары тығыздығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тез таралады. 6) Гравиметриялық әдіс – дененің жерге тартылу шамасының жер бетінде әр түрлі болатындығына негізделген. 7) Геотермиялық, 8) геохимиялық, 9) математикалық – табиғи процестерді математикалық модельдер арқылы зерттеу, математикалық статистика т.б. Бұлар теориялар мен гипотезаларды тексеруге көмектеседі.
10) Палеомагниттік зерттеу жұмыстары «Литосфералық тақталар тектоникасы» туралы теорияны дамытуға көп пайдасын тигізуде.
2. 1915 жылы неміс геофизигі Альфред Вегенер Материктердің бейнесіне қарап таскөмір дәуірінде гректің «бүкіл жер» деген сөзінен алынған біртұтас құрлық моссиві – Пангея болған деп, ол «материктер ығысуының» болжамын ұсынды. Пангея Лавразия мен Гондванаға ыдыраған. Бұдан 135 млн жыл бұрын Африка Оңтүстік Америкадан, ал 85млн жыл бұрын Солтүстік Америкадан Евразия бөлінсе 40млн жыл бұрын Үнді материгі Азиямен түйісіп Тибет пен Гималай пайда болған дейді. Бұл тұжырымды тиянақтауға ХХ ғасырдың 50жылдарында мұхиттар түбінің кеңеюі литосфералық тақталар тектоникасын қалыптастыруға негіз болды. Жер қыртысы орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кең таралған. Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып орын ауыстырады. Жер сілкіністерінің жәрдемімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталардың жылына 1, 2-5 см ығысатынын көрсетеді. Былайша қарағанда бұл сан мардымсыз болып көрінеді. Дегенмен, бұл санды 20,10-100 жылға шағып қарағанда айтарлықтай мөлшерге жететінін байқау қиын емес. Бұл жер тарихының есебіне шаққанда қандай болмақ! Ал жылжу жылдамдығы 10-15 рет шапшаң тақталар бар, мұндай жылдамдықта 80 жылда сіздің үйіңіз 8-12 метр жерге орын ауыстырады. Бірақ сіз мұны мүлде байқамайсыз. Өйткені сіздің үйіңізбен бірге оны қоршап тұрған басқа үйлер мен объектілер де бірге орын ауыстырады. Геологтар 9 алып – үлкен тақталар мен ондаған шағын және микротақталар санайды. Жеке алынған тақталар ауданы жүздеген миллионнан бірнеше жүздеген шаршы шақырымға дейін есептеледі. Ең үлкені – Тынық мұхит тақтасы. Оның өзі бүкіл мұхит ауданын алып жатқан жоқ. Оған іргелес Наска (Оңтүстік Америка батысында) оныменен Кокос тақтасы көрші. Аталғандардың ішіндегі ең шағыны. Шындығында Кокос та үлкен, бірақ оның біраз бөлігі көрші тақта астына кеткен. Жоғарыда аталған үшеуінен басқа аралас конструкциялы: 1. Солтүстік Америкалық, 2. Еуразиялық, 3. Африкалық, 4. Оңтүстік Америкалық, 5. Үнділік немесе Үнді-Австралиялық, 6. Антарктикалық тақталар бар. Бұлардың әр қайсысы континенттік немесе материктік аудандармен қатар мұхит түбінің бөліктерін де қамтиды. Тақталар өздерінің аудандарының кішіреюіне қарай көрсетіледі. Кейбір ғалымдар Аравия тақтасын да бөледі. Осы көрсетілген 10 литосфералық тақталар жер шарының 85%-н қамтиды. Қалған 15% шағын тақталарға келеді. Микротақталар басты тақталардың шекарасында кездеседі. Тақталардың мөлшерінен гөрі, тақталар қозғалатын тереңдегі жарықтардың орналасуы ролі зор. Тақталар бір жерлерде бір – бірімен алшақтайды, екінші бір жерде өзара түйіседі. Литосфералық тақталардың ажырасуы мұхит ортасындағы жоталардың ортаңғы бөлігіне тән. Бұл жерде ені бірнеше ондаған шақырымнан, тереңдігі 1,5 шақырымға дейінгі шатқалдар тілімдеп жатады, оны рифт аңғарлары деп атайды. Литосфералық тақталар осы аңғарда ажырайды да, пайда болған саңылау мен мантияның қызған заты – магма көтеріліп, ол суынғанда тақталар жиегін кеңейтеді. Олмұхит науасын кеңейтеді, мысалы, Атлант мұхитының түбі жылына 2см кеңейеді. Демек, тақталар ажырайтын болса, оның қарама- қарсы жағы басқа плиталармен соқтығысады. Түйіскен жерлерінде шеттері формасын өзгертеді. Түйісу қатты болғанда тек формасы өзгеріп қана қоймайды, шеттері бөлініп сынады, жер сілкіну болады,тау жоталары бой көтереді. Үнді – Австралия тақтасы Евразия тақтасы астына енуінен Гималай тауы пайда болса, Оңтүстік Америка тақтасының астына Тынық мұхиты тақтасы енуінен Анд пайда болды. Тақталар арсындағы шекаралық белдеу – сейсмикалық белдеу деп аталады.
3. Геохронология немесе геологиялық жыл санау. Бұл термин геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.
Ол геохронология шкала түрінде көрсетіледі. Геологиялық жыл санау эра – заман, период – дәуір (палеоген, неоген, төрттік), эпоха – кезең (мысалы, төрттіктің плейстоцен, голоцен) бөлінеді. Абсолюттік уақыт шамасы миллион жыл. Геологиялық картада бұлар әр түрлі түспен белгіленеді т.б. с.с.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Геология ғылымы нені зерттейді?
2.Геология мен географияға ортақ қандай ғылым?
3.Жер қыртысының құрамын зерттейтін қандай ғылымдарды білесіңдер?
4.Геологияның қандай зерттеу әдістері бар?
5.Литосфералық тақталар тестоникасы қашаннан бастап қалыптаса бастады?
Әдебиеттер: Н.Тұяқбаев т.б. «Жалпы геология курсы». Алматы «Білім», 1993.
№ 14 дәріс.
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымдары және экология.
Мақсаты:Экологиялық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін экология ғылымының не екенін көптеген мәліметтер негізінде жан-жақты ұғындыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Экологияда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар.
2.Ғаламдық ойлауды құрайтын экологиялық таным.
Қазіргі атом, космос және зымыран заманында адамзат баласының табиғатты өзгертіп, оны халық игілігіне айналдыру әрекеті күннен-күнге күшейе түсуде. Жердің жасыл желегінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан ағыл-тегіл алынып жатқан табиғи байлық көлемі жыл сайын артып келеді. Тез пайда табу мақсатында биосфераның талай мыңдаған жылдар бойы жасалған үйлесімі жойылуда. Адам табиғатты «жеңді», оны құртумен шұғылданып, өзінің де осы табиғаттың кішкене бөлшегі екенін де ұмытты. Демек, табиғатты «жеңуі» іс жүзінде адамзаттың өзін-өзі құрту болып табылады. Осы уақыттағы адамзат қоғамы құрлықтың 50 пайыздан астамын өз пйдасына жаратып, өзен суларының 12-13%-н, орман-тоғай қорының 50% пайдаланады. Жыл сайын құрылыс және өндіріс мақсаттары үшін 4 мың км3 астам жыныстар аударыстырылып, жер қойнауынан 100 миллиард тоннадан астам кен қазылып алынады. 7 миллиард тонна шартты отын жағылып, дүниежүзілік мұхит суларына 600 миллиард тонна өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдық сулар мен 1,5 миллиард тонна мұнай төгіледі. 800 миллион тоннадан астам металл балқытылынып, егістік, бау-бақша егілетін жерлерге төрт миллион тонна улы қосылыстар (минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер, гербицидтер) себіледі. Атмосфераға 25 миллиард тоннаға дейін түрлі заттар шығарылып тасталады. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, 1 миллион тоннадай шаң-тозаң шығып тұрады екен. Тек Қазақстан бойынша жылына адам басына шаққанда (2002 жылғы дерек бойынша ) 12,2 тонна көмір қышқыл газы ауаға шығарылады. Республикамызда өнеркәсіптің қатты қалдықтарының 20 миллиард тоннасы, тұрмыстық қалдықтардың 14 миллиард м3, радиактивті қалдықтардың 22 миллион тоннасы жиналып қалыпты. Бұл «байлықтарды» қайда жібереміз, қалай құтыламыз, әлі белгісіз.
Кейінгі кезде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, бұл көрсеткіш өсе беретіні сөзсіз. Өйткені халық саны жылдан-жылға өсіп келеді.
Табиғат бір-бірімен теңестірілген біртұтас экологиялық жүйе. Бұл жүйенің біреуі ғана бұзылса, барлық экологиялық жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Бұзылған экологиялық жүйені бұрынғы қалпына келтіру адамзат баласының қолынан келмейді. Осы уақытта өнеркәсіптің жедел өсуіне байланысты биосферадағы табиғат көріністеріне (ауа, су, жер, өсімдік әлеміне және жануарлар дүниесіне) әсер ететін неше түрлі улы химиялық қосылыстар – көміртегі, күкірт, азот, сынап, радиоактивті элементтер және т.б. заттар мөлшерден тыс көбейіп кетті.
Экологилық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін – экология ұғымының не екенін жан-жақты білу қажет.
Экология ғылымы - өмір талабына сай, биосферадағы өзгерістерге байланысты халықтың әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге бағытталған биология ғылымының жаңа саласы.
Экологиядағы қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: экожүйе (грек сөзі oikos – үй, орын және жүйе Tansley, 1935) – тірі заттар мен өлі заттар бірігіп табиғаттың экологиялық жүйесін құрайды. Экологиялық жүйе деген терминді 1935 жылы ағылшын ғалымы-экологы А.Тэнсли биология ғылымына енгізген. Ағылшын және Америка Құрама Штаттарының ғалым-биологтары бұл терминді кең көлемде өз ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолданады. Сонымен экологиялық жүйе биосферада тіршілік ететін тірі организмдердің өмір сүру заңы. Биоценоз (грек сөзі bios – тіршілік және koinos – жалпы) – тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ, эволюциялық процеспен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жан-жануарлардың тобынан құралған табиғи кешен. Биогеоценоз – жер бетіндегі біркелкі табиғи құбылыспен (атмосфераның, өсімдіктердің, жан-жануарлардың, микроорганизмдердің, топырақтың және гидрологиялық жағдайдың ерекше түрдегі) олардың компоненттерінің қарым-қатынасы, бірімен-бірінің зат алмасу және энергия алмасуын, сонымен бірге табиғаттың басқа құбылыстарының арасындағы алмасуын айтады. Олардың бірімен-бірінің диалектикалық бірлестікте болуы және тұрақты түрде қозғалыс жасауы. Адаптация (латын сөзі adapto – бейімделемін), адаптациогенез – организмнің құрылысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайына қарай бейімделуі.
2. Туған елдің табиғатын жан-тәнімен сүйетін, әрі оның қоры азайып кетпеуіне жаны ашитындардың алдыңғы қатарында географ мамандар тұрады. Жыл сайын әлемімізде 75 млн жас сәби дүниеге келеді. Оның 1,5 млн немесе 2%-дайы әр түрлі мутагендердің әсер етуі нәтижесінде пайда болған. Адамның терең ойластырмаған іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, жер мен су ластанды. Геосферадағы мұншалықты жедел өзгерістерге бейімделе алмаған жануарлар мен өсімдіктер өледі, ол бұрын табиғи популяцияның трофикалық байланыстардың бұзылғандығын білдіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері құрып бітеді, басқалары «Қызыл кітапқа» тіркеледі. Популяциялардың ішкі құрылымын әлсірету олардың теңгергіштік қызметінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Ғаламшарымыздың – біздің үйіміздің ластануы жүріп жатыр. Ж.Б.Ламарктың 1820 жылдың өзінде «Адамның міндеті әуелі жер шарын мекендеуді жарамсыз етіп, өз тұқымын жоюда тұр» деп әулиелікпен жазған сөздері орынды сияқты. Адамзатты тек қана ауқымды шаралар кешенін жасау арқылы құтқаруға болады. Ол миллиардтаған қаржыны талап етеді. Мұнымен қатар өз көлемі жағынан В.И.Вернадскийдің биосфера іліміне жақындайтын жаңа кешенді ғылымды жасау керек. Мұндай ғылымға қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс туралы деректердің барлығы т.б., сондай-ақ оларды жою туралы ғылымда белгілі барлық жетістіктер түгел кіруі керек. Әзірге мұндай бағдарлама ғалымдардың ойында.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Осы кезде адамзат қоғамы құрлықтың қанша пайызын пайдаланды?
2. Осы кезде адамзат қоғамы өзен суларының қанша пайызын пайдаланды?
3. Осы кезде адамзат қоғамы орман қорының қанша пайызын пайдаланды?
4. Өмір талабына сай, биосферадағы өзгерістерге байланысты халықтың әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге бағытталған биология ғылымының жаңа саласы...
5. Экологиялық жүйе деген терминнің биология ғылымына енген жылы...
6. Экологиялық жүйе терминін енгізген ғалым...
7. Тіршілік ету, өсіп-өну жағдайлары ортақ, эволюциялық процеспен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жан-жануарлардың тобынан құралған табиғи кешен ...
8. Адаптация ...
Әдебиеттер: 10. 11-17 б.б.
№ 15 дәріс.
Тақырыбы:Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстың бейнесі.
Мақсаты:«Жаратылыстану негіздері» пәнінің соңғы дәрісі болғандықтан бұл ғылымның осы кезге дейінгі даму сатымсына қорытынды жасап, болашағына немесе, ғаламдық дамуына тоқталу.
Дәрістің мазмұны:
1. Қазіргі заманғы жаратылыстанудың жалпы заңдылықтары.
2. Ғылым дамуының болашақ жағдайы.
1. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми жаратылыстық бейнесі біріншіден ғылым адамзат мәдениетінің эволюциясы кезеңдерінің бірі. Ғылым өзінің даму барысында мәдениеттің басқа салаларының, оның ішінде философия мен діннің жетістіктерін қамтып, негізінен жаңа сападағы құбылыс ретінде көрінеді.
Екіншіден қазір де ғылым дамуында басты нәрсе, адамның өзін, оны қоршаған әлемді түсінуі ме, немесе табиғатты бағындыру ма?
Үшіншіден Ғылым әлемді зерттейді, ал техника оны өзгертеді. Ғылымның дамуы қазір халықаралық мәселе болуда.
2. Қоғам мен әрбір жеке адамның алдына болашақ жаңа ғаламдық мәселелер (проблемалар) қоюда. Бұл мәселелер ғылыми әдебиетте ХХI ғасыр дабылдары деп аталады. Оларға мыналар жатады:
- өндірістің өнім үнемдейтін жаңа деңгейлеріне көшуін қамтамасыз
ететін технологиялық дабылдар;
- планета ресурстары мен адамзат санының келісімді мөлшерін
қамтамасыз ететін демографиялық дабылдар және т.б.
Бұл дабылдар шешімі адамзат деңгейінен де, жеке адам деңгейінен де ғаламды мәдениеттің бірігуінде жатыр. Әр бір мәдениетті адам мен біртұтас адамзаттың болашағы үшін этикалық жауаптылыған көрсететін планетарлық гуманизм. Оның негізгі тұжырымдары «Гуманистік Манифест – 2000» атты құұжатта келтірілген. Оның негізгі идеясы қазіргі заманғы және болашақтағы қауіпсіз, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Маңызды мәселелерге: тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |