72
жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерістер бойынша топта жұмыс істеу
түрінде
ұйымдастыруға
болады. Проблемалық
есептер
шығару,
оқу
диалогтарын, аймақтық және ғаламдық сипаттағы сұрақтар бойынша, әлем
экономикасының, Қазақстан және оның аумақтары экономикасының тұрақты
дамуы туралы семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігі бар [46].
Ізденушілік, зерттеушілік әрекет оқушылардың өз күшіне сенімін түсінуе
және арттыруға көмектеседі, өйткені өз бетінше жұмыс істеудің басты
мақсатының бірі – оны қоршаған ортадағы шындықтың әр түрде көрініс табуын
бағалау және көзқарасты қалыптастыру. Сол себепті, ізденушілік және
зерттеушілік әрекет географиялық білімді күнделікті өмірде қолдану шеберлігін
қалыптастырады, яғни құзіреттілікті тәжірибеде көрсетуге мүмкіндік тудырады.
Сонымен, дайын шешімі жоқ міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмаларды
орындау барысында, стандарттық минимумға сәйкес, оқушылардың базалық
деңгейден біртіндеп жоғары қарай шығармашылық деңгейге дейін жылжуы, 11-
12-сыныптарда география бойынша бейінді оқу
әрекетін анықтаушы
мақсаттарының бірі болып саналады. Бұған ойлау әрекетін белсендіру арқылы,
талдау және жинақтау, салыстыру және қорытындылау, болжау, модельдеу,
шығармашылық
жұмыстарды
орындау
сияқты
үдерістің
нәтижесінде
әдістемелік тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Жазбаша
және ауызша, пәндік және әдеби тілді дамыту, сұрақтар, тезистер, графиктер
құрастыру шеберлігі маңызды міндет болып табылады, сондай-ақ сабақты
тыңдау және пәндік-маңызды әңгімелерді қолдау дағдысы – коммуникативтік
дағдының қатарына жатады.
Оқуда құзіреттілік ықпал арқылы бұрыннан белгілі кейбір әдістер
маңыздылыққа ие болады, мысалы, оқушы тұлғасының шығармашылық
қызметінің әртүрлі түрлерін қамтитын оқытудың проблемалық әдісі, білім мен
біліктілікті өздігінен жаңа жағдайға жеткізе алады. Сонымен қатар, оған келесі
жағдайларды қосуға болады: таныс жағдайлардан жаңа проблемаларды көру;
таныс нысанның
жаңа функциясын көру;
нысанның
компоненттерін,
құрылымын көре білу шеберлігі; балама әдістерді және оларды шешу
жолдарын көре білу шеберлігі; проблемаларды шешудің
бұрыннан белгілі
және жаңа тәсілдерін қиыстыру шеберлігі; сұрақты шешудің қызықты
тәсілдерін жасау шеберлігі; ғылыми және кең көлемде ойлау шеберлігі;
алынған білімді қызметте қолдана білу шеберлігі; өз тәжірибесін жинақтау,
талдау және көрсете білу [33, 34].
Бейінді сыныптарда сабақтар, практикалық жұмыстар өткізу барысында
географияны оқытудың проблемалық әдісі пайдалы және тиімді. Проблема –
бұл әрдайым кедергі. Кедергіден өту – бұл қозғалыс, дамудың айнымас серігі.
Сабақтарда проблемалық
тапсырмаларды
қолдану тұлғаның
тапқырлық,
аңғарғыштық, ерекше шешім қабылдау қабілеттілігі, ақыл орамдылығы,
шапшаңдық,
ақпараттық
және
коммуникативтік мәдениеттілік сияқты
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
«Химия» оқу пәні
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы химия пәнін
оқытудың
мақсаты:
73
химия курсының негізгі мазмұнын жүйелі және саналы түрде меңгерту,
әлемнің ғылыми көрінісін түсінуге қажетті білімді өз бетінше іздену, алған
білімді функционалды және шығармашылық тұрғыда қолдану;
оқушылардың химияны оқып-үйренуге деген қызығушылығын және
ішкі серпілісін, бізді қоршаған әлемдегі заттарды химиялық тұрғыда танып-білу
дағдысын дамыту;
алған білімдерін және түсініктерін таныс емес жағдайларда түрлі
мәселелерді шешуде қолдануды үйрету;
заттарды химиялық тұрғыда тану және зерттеу әдістерін игеру;
оқушыларға органикалық химияның негіздерін – маңызды деректерді,
түсініктерді, заңдар мен теорияларды, химиялық тілді, дүниентанымдық сипат
пен химиялық өндірістің негізгі принциптері туралы түсініктерді меңгерту;
химиялық
есептердің
түрлі типтерін шешуде, лабораториялық
тәжірибелерді және
қарапайым эксперименттік зерттеулерді жүргізуде,
химиялық формулаларды, теңдеулерді түрлендіруді және оларды орынды
пайдалануда шеберліктері мен дағдыларын жетілдіру;
алған білімдерін түрлі химиялық құбылыстарды және заттардың
қасиеттерін түсіндіре білуге үйрету, заманауи технологияның дамуында және
жаңа материалдар алуда химияның рөлін бағалауға дағдыландыру;
химия оқу пәнінің
оқушыларға химиялық,
экологиялық
тәрбие
беруде,сондай-ақ жалпы мәдениеттіліктерін көтерудегі
үлесі. Химияның
заманауи технологиямен және экологиялық проблемалармен тығыз байланысы;
оқу пәнінің мүмкіндіктерін әлеуметтендіру және жеке тұлғаның
дамуына пайдалану;
оқушыларды
жаратылыстануғылымдарын оқып
үйренугеынтасын
дамыту және қоршаған ортадағы өзгермелі жағдайларға бейімдеу.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия курсының мазмұны
қоғамның
әлеуметтік-экономикалық
және
индустриалды-инновациялық
дамуындағы рөлін ескере отырып, органикалық қосылыстардың химиялық,
электрондық және кеңістіктік құрылысының бірлігі, гомология және изомерия
құбылыстары, сонымен қатар органикалық реакциялардың жүру заңдылықтары
заманауи құрылыс теориясы тұрғысынан құрастырылған [23].
Органикалық қосылыстардың
кластарын оқып
үйренуде изомерия
құбылысына,
функционалдық
топтардың
мөлшері
көп
болмағанына
қарамастан,
изомерия
құбылысына
байланысты
табиғатта
көміртек
қосылыстарының орасан көп түрі кездесетіндігіне ерекше көңіл бөлінген.
Органикалық химияның толық курсында заттардың қасиеттерінің олардың
құрылысына, функционалдық топтардың сипатына тәуелділігін және тек қана
органикалық қосылыстардың түрлі кластары арасындағы ғана емес, сондай ақ,
табиғаттағы
барлық
органикалық
және
бейорганикалық
қосылыстар
арасындағы генетикалық байланыс терең қарастырылады.
Тірі жасушалардың құрамына кіретін заттардың ерекше қасиеттерін ашуға
баса көңіл бөлінген. Ол үшін биологиямен пәнаралық байланыс жүзеге асады.
Органикалық заттардың түрлі кластарын оқып үйрену барысында адам