Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Бейіндік-бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асырудағы



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет37/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

78

2.3

Бейіндік-бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асырудағы

қолданбалы

курстарды өткізу және ұйымдастыру

Сабақтастық  ұстанымына  сай  жоғары  мектепте  білім  алудың негіздемесі

болатын  белгілі  білім  мен  дағдыны  оқушы  мектептегі оқу үдерісінен алады.

Олай болса, орта мектеп бітірушінің берік білімі болмаса, онда ол жоғары оқу

орындарында  білімді меңгеруге  дайын  емес  болғаны,  яғни  оқушының жоғары

мектеп талаптарына бейімделуі қиындайды. Мұндай жағдайда, көптеген мектеп

бітірушілердің жоғары  оқу  орындарында  оқуға дайындықтары  төмен  болған

кезде,  пәнді оқытуда  орта  мектеп  пен  жоғары  мектеп бағдарламаларында

мазмұн сабақтастығына көңіл бөлу керек.

Бейіндік-бағдарлы  оқыту  жоспарының вариативті  бөлігі мемлекеттік

жалпыға  міндетті  орта  білім  стандарты  аясынан  тыс  оқу  бағдарламаларын

жасауға және жүзеге асыруға бағытталған. Оқыту бағдарына тәуелсіз, бейіндік

пәндерге  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне қызығушылық білдірген

оқушыларға мектеп қолданбалы және таңдау курстарын оқуға мүмкіндік туғызу

арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алады.

Бағдарлы  оқытудың негізгі  мақсаты  жоғары  сынып  оқушыларының

кәсіптік  бейімділігіне,

қызығушылығына,  таңдауына

қарай  жоғары  оқу

орындарымен  байланыс  жасап,  терең білім  беру  болғандықтан, пәндерді

тереңдетіп  және  кеңейтіп  оқыту үшін вариативтік  компонент есебінен арнайы

пәндер  бойынша сабақтан  тыс  бағдарлы  курстар,  факультативті  сабақтар  және

үйірмелер, қолданбалы курстарды ұйымдастырып өткізген жөн [11, 47].

Қолданбалы курстар – әрбір нақты  бейінді  оқытудың мамандануын

анықтайтын 

жоғары 


деңгейдегі 

және 


оқушылардың

білім 


беру

компоненттерінен  таңдайтын  міндетті  курстары [47].  Олар  бейіндік  пәндердің

мазмұнын  толықтырып,  тереңдете  түседі; қосымша  дайындықты қамтамасыз

ете  отырып,  базалық мазмұнды  дамытады;  білім  саласындағы  танымдық

қызығушылықтарын қанағаттандыруға ықпал етеді.

Қолданбалы курстар төмендегідей мақсаттарды көздейді [47]:

қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;



болашақ мамандықтың ерекшеліктерін  таныстыру,  оқушылардың түрлі

іс-әрекеттерді орындау  барысында  осы  мамандық иесі  ретінде өзіндік

сыналуына жағдай туғызу;

оқушының шығармашылық, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру;



бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;

оқушының белгілі  сала  бойынша қабілетін ұштау,  оның бойында



келешекке қажет білік пен дағдының қалыптасуына мүмкіндік жасау;

оқушының білімге  деген құштарлығын жоғары  дәрежеде  дәйектеу



мақсатында  бала  бойындағы қызығушылықты,  шығармашылық шабытты

жандандыру.

Қолданбалы курстар вариативтік компоненті  есебінен  жүзеге  асырылады

және олар бірнеше функцияны атқаруы мүмкін:

бағдарлы курстардың мазмұнын толықтыруы;




79

таңдап  алған  бағдар  аясынан  тыс  оқушылардың  әртүрлі  танымдық



мүдделерін қанағаттандыруы.

Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік  пәндерді оқытудағы

жаңашылдық ретінде көптілдікпен оқыту  курсын  енгізуге  болады.  Оқушылар

математикалық,  физикалық, химиялық, биологиялық терминдерді  ағылшын,

қазақ және  орыс  тілдерінде  оқып  біледі.  Бұл  курс  болашақта  сауатты

түлектерді,

физика-математикалық, 

химия-биологиялық

факультеттердің

болашақ студенттерін шетелдерде оқуға даярлауға мүмкіндік береді.

Мысал  ретінде,  математика  және  физика  пәндері  бойынша қолданбалы

курстарды және олардың ерекшеліктерін ұсынамыз.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  сыныптарда  математиканы

оқыту  оқушыларға  математиканы  белгiлi  бiр  деңгейде  меңгеруiн  талап  ететiн

кез  келген  оқу  орындарында таңдаған  мамандықтары  бойынша  бiлiмдерiн

жалғастыруға қажеттi мүмкiндiктермен қамтамасыз етуi қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математикадан қолданбалы

курсты  оқыту  барысында  мазмұнды  есептерді  шығару  математикалық білімді

өмірімен ұштастыруға, алған  білімін  еңбекпен  байланысты  іс-әрекеттермен

қолдана

білуге  көмектеседі.  Есептердің



мазмұнында  теориялық

немесе


практикалық маңызы  бар  сұрақ туатын қандай  да  бір  болмасын  жағдаят

баяндалады.  Осы  тұрғыда  кәсіптік  мазмұнды  математикалық

есептерді

қарастыру,  оларды  шығарудың  әдіс-тәсілдерін

үйрету,  есеп  шығару

дағдыларын

қалыптастыру

қажет. 


Есеп 

шығару 


барысында 

кәсіптік


ұғымдардың мағынасы  ашылып,  нақтыланады,  оның ескерілмей  жатқан  жаңа

бір қырлары  байқалады.  Мұндай  есептерді  пайдалануда  есептің мазмұнына,

алынған  жауабына  мұғалімнің берген  түсініктемесі  оқушының кәсіптік,

өмірлік,  практикалық ойлауын

қалыптастырудың

негізгі


құралы  болып

табылады.

Жоғарғы  сыныптарда  математиканы  оқыту  кезінде  мектептің

оқу


жоспарына  таңдалған  бағдарға  сәйкес  мынадай

қолданбалы  курстарды

ұйымдастырып өткізуге  болады:  «Бизнес  және  математика»,  «Экономикадағы

математикалық 

әдiстер», 

«Математикалық

процестердi 

моделдеу»,

«Қолданбалы  математика»,

«Сандар  теориясы»,

«Олимпиада  есептерін

шығару», «Математикадан  стандартты  емес есептерді  шешу», «Геометрияның

таңдамалы  теоремалары», «Ықтималдықтар  теориясы  мен  математикалық

статистика  элементтері», «Жоғары  математикаға  бастама» және  т.б. Бұл

курстар  оқушыларды  алған  білімдерін  практикада  пайдалануға үйретеді  және

мамандық таңдауға  бағыттайды.  Сонымен қатар,  бұл  курстарда  жоғары

математика  курстарының кейбір  тақырыптары  оқытылады  және қиындығы

жоғары  есептерді,  логикалық есептерді  және әртүрлі  деңгейдегі  олимпиада

есептерін шығаруға үйретеді. Аталған курстардың барлығы дерлік жоғарғы оқу

орындарындағы  жүргізілетін  математика  курсы  мазмұнымен

ұштастыра

отырылып  жүргізіледі.  Бұл  курстарда  жоғары  математика  және қолданбалы

математика  курсының алғашқы ұғымдарымен  және осы білімдердің  өмірде

қолдану аясымен танысады.




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау