37 сурет .Жағалар типтері.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге тапсырмада берілген 37 суретті салып, жағалық рельеф типтерімен танысып, олардың түрі ажыратылып жазылады.
Әдебиет:
Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004.51 бет 2-тапсырма.
8.ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКТІК ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Жоспарланбаған.
9.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
№1 ОЖСӨЖ
1.Рельеф туралы ілім эволюциясы.
Мақсаты:рельеф туралы ілім эволюциясы ұғымдармен танысу.
Түрі:жазбаша, дәрістік материалды толықтыру.
Тапсырма:Рельеф туралы ілім эволюциясының негізгі түсініктері
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге рельеф туралы ілім эволюциясының негізгі түсінктеріне қысқаша сипаттама беріледі.
Әдебиет:
Г.С.Ананьев,Ю.Г.Симонов
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1988,
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1979
№2 ОЖСӨЖ
Тақырыбы:Рельефтің пайда болу процесі
Мақсаты:Рельефтің шығу тегімен жасымен танысу.
Түрі:жазбаша, дәрістік материалды толықтыру.
Тапсырма: Рельеф генезисі және жасына сипаттама бер.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге рельеф генезисі және жасына қысқаша сипаттама жазылады.
Әдебиет:
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1988, 21-27 беттер
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1979, 19-25 беттер
№3 ОЖСӨЖ
Тақырыбы:Рельефтің пайда болу процесі
Мақсаты: Жаңа және қазіргі тектоникалық қозғалыстардың рельеф пайда болуындағы ролімен танысу.
Түрі:жазбаша, дәрістік материалды толықтыру.
Тапсырма:
1.Жаңа және қазіргі тектоникалық қозғалыстардың рельеф пайда болуындағы ролі.
2.Денудация деңгейі. Тегістеу беттері, беткейлік процестер.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге жаңа және қазіргі тектоникалық қозғалыстардың рельеф пайда болуындағы роліне, денудация деңгейіне, және тегістеу беттері, беткейлік процестерге қысқаша анықтама беріледі.
Әдебиет:
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1988
№4 ОЖСӨЖ
Тақырыбы:Рельефтің пайда болу процесі
Мақсаты:гипсометриялық қима тұрғызу
Түрі:практикалық сабақты меңгеру
Тапсырма:Евразия материгінің 80º ш.б. бойымен гипсометриялық қима тұрғыз. Масштабы: г 1см-300 км, в 1см-1000м. Қима үстіне 2 сызық сызып, үстіңгі сызыққа қатпар атауын ( ежелгі платформа, каледон, герцин, мезозой, альпі), ал төменгі сызыққа тектоникалық картаның шартты белгісіне сәйкес қатпар түсімен боя. Қимадан рельефтің тектоникамен байланысын анықта.
Әдістемелік нұсқау: Географиялық атласты пайдаланып, масштабпен арақатынасты есептеп, миллиметрлік қағазға гипсометриялық қима тұрғызылады.
Әдебиет:
Н.П.Неклюкова. Практикум по общему землеведению М, 1977. 114 бет,148-тапсырма
№5 ОЖСӨЖ
Тақырыбы:Планетарлық рельеф.
Мақсаты: жер қыртысының құрлысымен танысу.
Түрі:практикалық сабақты меңгеру
Тапсырма: М.В.Муратов бойынша материктер мен мұхиттық жер қыртысының құрлысымен танысу. Әдістемелік нұсқау:Дәптерге М.В.Муратов бойынша материктер мен мұхиттық жер қыртысының құрлысымен танысып суреті салынады.
Әдебиет:
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1988, 66- бет 19 сурет
О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов. Общая геоморфология. М, В.ш. 1979, 60 бет 19 сурет
№6 ОЖСӨЖ
Тақырыбы:Планетарлық рельеф.
Мақсаты:жер қыртысының қалыптасу кезеңдерін білу
Түрі:жазбаша, дәрістік материалды толықтыру
Тапсырма:В.Е.Хаин бойынша “жер қыртысының қалыптасу тарихы” деп аталатын кезеңдермен танысу.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге В.Е.Хаин бойынша “жер қыртысының қалыптасу тарихы” деп аталатын кезеңдермен танысып, қысқаша сипаттама береді.
Әдебиет:
Н.П.Неклюкова Общее землеведение . М,1975 9-10 бет
№7 ОЖСӨЖ
Тақырыбы: Дүние жүзі мұхит түбі рельефі
Мақсаты: морфоструктураның таралуын және олардың таралу дәрежесін есептеу
Түрі:практикалық сабақты меңгеру
Тапсырма: Дүние жүзі контур картасына шартты белгілермен морфоструктураның таралуын және олардың таралу дәрежесін есептеп, морфоклиматтық зонасының шекарасын түсір.
Әдістемелік нұсқау: контур картасына шартты белгілермен морфоструктураның таралуын және олардың таралу дәрежесін есептеп, морфоклиматтық зонасының шекарасын түсіріледі.
Әдебиет:
Н.П.Неклюкова Общее землеведение . М,1975
№8 ОЖСӨЖ
Тақырыбы: Дүние жүзі мұхит түбі рельефі
Мақсаты: Дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық элементтерімен танысу
Түрі:практикалық сабақты меңгеру
Тапсырма:Дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық элементтерінің алып жатқан ауданының проценттік қатынасын тауып, дөңгелек диаграмма құр. 21 суретте берілген гипсографиялық қисық сызықты пайдалан. Профильде рим цифрімен не көрсетілген?
Әдістемелік нұсқау: Дәптерге дүние жүзі мұхит түбінің морфологиялық элементтерінің алып жатқан ауданының проценттік қатынасын тауып, дөңгелек диаграмма құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |