Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Дәрістің мазмұны 1.Ежелгі дүние туризмі



жүктеу 1,14 Mb.
бет7/16
Дата08.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#9085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Дәрістің мазмұны

1.Ежелгі дүние туризмі.


2.КСРО-дағы туристік-экскурсиялық істі дамыту және жетілдіру.

Мақсаты: туристік өлкетану жұмысының қалыптасу тарихымен танысу

Тірек сөздер:өлкетану, экскурсия

Негізгі сұрақтар:1.Туризмнің дамуы формалары қандай?

2. Өлкетану жұмысының даму формалары қандай?

1.Дүние жүзі халықтарының барлығы да ерте заманнан бастап өз қоршаған орталарын, жергілікті жерін, табиғатын барынша жан-жақты танып білді, кеін ұрпаққа ауызша жеткізе білді. 15-16 ғасырлардағы деректерден өлкетану сипатында жазылған алғашқы мәліметтер табылған. Өлкетанудың даму тарихын 2 негізгі кезеңге бөліп қарастырады.

1-кезең: революцияға дейінгі кезең.

18 ғасырдың ортасында россияның кейбір аудандарын сипаттайтын ғылыми жұмыстар жарық көрді. Мысалы; П.Н.Рычковтың “Оренбург топографиясы” еңбегі.

1761 жылы М.В.Ломоносов анкета жүргізу арқылы жергілікті халық және балалардың көмегімен алғашқы өлкелік зерттеу жұмысын жүргізді. Басты мақсаты минералды байлық көздерін анықтау, зерттеу болды. ( анкета 30 сұрақтан құралған, оған қала, губерния, провинция сипаттамасы жазылды.) 19 ғасырдың ортасында Россияда ішкі нарықтың дамуына байланысты өз жерін танып-білуге деген құштарлық, қызығушылық күшейе түсті. Қоғамдық мәдени қозғалыс “ Отанды тану” (отечествоведение) деп аталды. Оның орталығы 1845 жылы құрылған Орыс географиялық қоғамы болды немесе оны Родиноведение деп те атады. (А.Соколов география пәнінің әдіскері:”Родиноведение есть география родной местности, на примерах которой дети практически и наглядно знакомятся с основными географическими понятиями”) 19 ғасырдың 2 жартысынан бастап өлкетану стихиялы дамыды. 70-80 жылдары саяси редакцияға байланысты жаңа материал болған жоқ. 1915 жылы наурыз айында болған Бірінші Бүкілодақтық география оқытушылары съезінде өлкетану принципі географияны оқытудағы сол кездегі алдыңғы қатардағы әдіс ретінде мойындалды.


2. 2 кезең: Кеңестік кезең.


1920-30 жылдары өлкетанудың қарқынды даму уақыты дүние жүзілік және азаматтық соғыстан қираған шаруашылық әсерінен өндіріске қажет табиғатресурстарын игерумен қатар дамыды. ЦБК центральное бюро краеведение жанынан мектептік өлкетану комиссиясы құрылды. Мектептерге көмек ретінде арнайы мектеп экскурсиялық станциялар ашылды. Мысалы: Москвада 1919 ж, Петербургте 1921 жылы. Мектеп оқу бағдарламасына өлкетану элементтерін кірістіру туралы 1932 жылғы 25 августа ЦК ВКП (б) қаулысы қабылданды. 1940-1941 жылы экскурсилық өлкетану жұмыстары аздап болса да жандана бастады. Ұлы октябрь революциясының 25 жылдығына арналған өлкетанулық жорықтар ұйымдастырылған. Ұлы Отан соғысынан кейін мектептерде, пионерлер үйінде өлкетану үйірмелері ашыла бастады. 1954 жылы оқу бағдарламасына өлкетану принципіне көңіл бөлініп, өз облысының өлкесін оқытуға арнайы сағат бөлінген. 1957 жылғы оқу бағдарламсында 6 кластар үшін 2 экскурсия (танымдық- жер,су; өсімдік-жануарлар), 7 кластар үшін табиғатқа комплескті экскурсияға шығу қарастырылған. ( 1956-57 ж – Ұлы Октябрь революциясының 40 жылдығы, 1961-62 ж пионер ұйымының 40 жылдығы,.... т.б. шаралар ұйымдастырыла бастады.)

4 дәріс



Тақырып: Туризмнің классификациясы.

Дәрістің мазмұны


1.Туризм түрлері.

2.Туризм формалары.



Мақсаты: туризмнің классификациясымен танысу

Тірек сөздер:таулы, құрлықты-жазықты, жерасты, су, суасты, аралас т.б.

Негізгі сұрақтар:Туризмнің қандай формаларын білесің?

1. Туризм теориясы және практикасы туризмнің мынадай түрлерін анықтап бөлді:

1.саяхатқа шығу сипатына қарай, оған таулы (горный), құрлықты-жазықты (сухопутно-равнинный), жерасты (подземный, пещерный), су (водный), су асты (подводный), аралас (комбинированный).

2.қозғалыс түріне қарай, оған: жаяу жүріс (пешеходный), таулы-жаяу (горно-пешеходный), шаңғы (лыжный), велосипед, шлюпка немесе кішкене қайық, желкенді қайық (парусный), автомобиль, атпен жүріс (конный).

2.Туристік іс әрекеті мазмұны бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді және олар бір-бірінен айырмашылықтары болады. Серуен (прогулка)- адамдардың денсаулығын сауықтыру, танымдық, организмді шынықтыру мақсатында жергілікті жерге шығу жатады. Адамның серуенге дайындығы, жыл мезгіліне қарай серуен жаяу, шаңғылы, велосипедті, қайықты деп бөлінеді. Бұл түр туризмнің ең қарапайым және ыңғайлы қысқа мерзімді форма болып табылады. Экскурсия –ғылыми немесе танымдық мақсатпен коллективпен белгілі объектілерге бару жатады. Экскурсия адамның ой-өрісін кеңейтіп, жалпы мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Экспедиция – арнайы зерттеу мақсатымен аз зерттелген ауданға көп күндік саяхат ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.Туризмнің жалпыға бірдей қолы жететін түрі жорық (поход). Туристік жорық – білім беру, денсаулықты сауықтыру, спорттық, зерттеу мақсатында жергілікті жерге белгілі қашықтыққа активті қозғалыс арқылы жүзеге асырылатын негізгі түр. Ұзақтығына қарай: жорықтар бір күндік, 2 күндік,және көп күндік деп бөлінеді.Аудан масштабына қарай жергілікті және алыс (дальние) жорық деп бөлінеді. Жергілікті туризм – жергілікті жер аумағында өтетін саяхат түрі. Мысалы: аудан, облыс, өлке. Алыс туризм – жергілікті жерден қашық жерде өтетін саяхат түрі.

Туризмді ұйымдастыруына қарай жоспарлы және өз күштерімен ұйымдастырылатын туризм (самодеятельный) деп бөледі. Жоспарлы туризм – туристік-экскурсиялық бюро, спрот клуб т.б. қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен өтетін бір немесе бірнеше күндік саяхат. Мұндай саяхатта ақылы төленетін жолдамамен, тамақ, транспортпен қамтамасыз етеді. Өз күштерімен ұйымдастырылатын туризм – туризмге қатысатын қатысушылардың өз бетімен ұйымдастыруымен өтетін көп немесе бір күндік саяхат.

Туризмнің мақсатына қарай танымдық, денсаулықты нығайту, спорт бағытында және үгіт насихат деп бөледі. Танымдық жорық – жергілікті жердің рельефін, климатын, флорасын, фаунасын, шаруашылығын зерттеу мақсатына бағытталған жорықтар жатады. Денсаулықты сауықтыру жорығы- организмді шынықтыру, дамыту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, жақсарту үшін қажет. Спорттық жорық- адамның физикалық дайындығын жақсарту үшін қажет. Жаппай үгіт насихат жорығы – туризмді үгіттеу насихаттау барысында қоғамдық саяси ұйымдардың негізінде жасалады.


5 дәріс

Тақырып:Туризмді басқару және ұйымдастыру құрлымы.

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау