Мүшелер жүйесінің құрылымы мен қызметі
Жануарлардағы физиологиялық процестер
1. Ағзалардың негізгі таксономиялық топтары арасындағы айырмашылықтар
А
Ағзалардың негізгі таксономиялық топтарын ажырататын анықтаушы сипаттамаларды анықтау
(яғни өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар; сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар және жәндіктер).
В
Ағзалардың негізгі таксономиялық топтарының мысалдары болып табылатын ағзаларды тану және жіктеу
(яғни өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар; сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар және жәндіктер).
2. Мүшелер жүйесінің құрылымы мен қызметі
А
Адам ағзасындағы негізгі мүшелерді (мысалы, өкпе, асқазан, ми) және негізгі мүшелер жүйесінің бөлімдерін (мысалы, тыныс алу жүйесі, ас қорыту жүйесі) табу және анықтау.
В
Адам ағзасы мен басқа омыртқалы жануарлардың негізгі мүшелері мен мүшелер жүйесін салыстыру (мысалы, адамның өкпесін балықтардағы желбезектермен салыстыру).
Ағзаның тіршілік әрекетін бірқалыпты ұстауда, негізгі мүшелер мен мүшелер жүйесінің маңызын түсіндіру (мысалы, қан айналымы мен тыныс алуға қатысатын мүшелер).
С
3. Жануарлардағы физиологиялық процестер
А
Сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде дененің тұрақты күйін сақтауға бағытталған жануарлардың реакцияларын тану
(мысалы, жаттығу кезінде жүрек соғуы, сусызданған кезде шөлдеу сезімі, энергия қажет болғанда аштық сезімі, ыстықта терлеу, суықта дірілдеу).
Жасушалық биология
Жасушалардың құрылысы мен қызметі
Фотосинтез және жасушалық тыныс алу процестері
1. Жасушалардың құрылысы мен қызметі
А
Тірі ағзалардың, маңызды қызмет атқаратын және бөліну арқылы көбейетін жасушалардан тұратынын түсіндіру.
В
Жасушаның негізгі құрылымдарын анықтау (яғни жасуша қабырғасы, мембрана, ядро, цитоплазма, хлоропласт, вакуоль және митохондрия) және осы құрылымдардың негізгі қызметтерін сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |