Өнеркәсіптік травматизм деп өндірістік қызметпен байланысты
травманы атайды (құрал- сайманмен, станокпен жарақаттану, басып қалу).
өнеркәсіптің әрбір саласына, технологиялық процестердің өзгешелігіне
байланысты, өзіндік жарақаттар түрі тән. өнеркәсіптік травматизмммен
кәсіби травматизм тығыз байланысты. Кәсіби травматизм деп, созылмалы
травма және оның салдарынан болатын патологиялық процестерге
(бурситтер, тендовагиниттер, миозиттер) әкеп соқтыратын факторлар мен
жағдайлар жиынтығын атайды.
Ауылшаруашылық травматизміне ауылшаруашылық жұмыстары
барысында алынған жарақатттар жатады.
Басым көпшілігіне жарақаттар ауылшаруашылығын
механизацияландыруға байланысты өндірістік травмаға сәйкес келеді
(соққылар, жаралар, сынықтар).
Тұрмыстық травматизм күнделікті тұрмыста кездесетін жарақаттар
тобын қамтиды (биіктен құлау, квартираны жинау кезіндегі жарақаттар,
тамақ дайындау кезінде күйіп қалу және т.б.). Әдетте, бұл жарақаттар көше
жарақатына қарағанда әлдеқайда жеңіл.
Достарыңызбен бөлісу: |