Жарақаттар хирургиясы травма және травматизм жөніндегі түсініктер


әдістерін қолданады, оның ішінде негізгісі рентгендиагностика



жүктеу 436,98 Kb.
бет12/14
Дата16.01.2022
өлшемі436,98 Kb.
#32531
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жарақаттар

әдістерін қолданады, оның ішінде негізгісі рентгендиагностика болып

табылады.

Рентгендік тексеру кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет:

1. Айқын көріну үшін жарақаттанған жер суреттің ортасында

орналасуы тиіс;

2. Суреттер ең аз дегенде екі перпендикулярлық проекцияда түсірілуі

тиіс. Бұл сүйектің сынықтарының ығысуын анықтау үшін қажет.

3. Рентген суретіне травманың орналасқан орнын (диафизі, метафизі)

анықтау үшін ең аз дегенде жақын орналасқан бір буынды қосып түсіру

керек.


4. Қиын диагностикалық жағдайларда салыстыру үшін симметриялық

жарақаттанбаған жерді түсірген тиімді.

Күрделі, оның ішінде омыртқа немесе омыртқа аралық шеміршектер

зақымданғанда томографияны, компьютерлік томографияны, ядролық

магнитті-резонанстық томографияны қолданады.

Қандай ағзаның қандай дәрежеде зақымданғанын дәлдеп анықтау

мақсатында қанға, зәрге және басқа да биологиялық сұйықтықтарға

клиникалық, биохимиялық тексерулер жүргізіледі.

Қолданылатын жеріне байланысты эндоскопиялық әдістердің,

ультрадыбыспен тексерудің, оның ішінде лапаро-, торакоскопияның,

реовазографияның, допплерографияның, ангиографияның диагностикалық

бағалылығы жоғары.

Ауыр травмамен түскен науқасты тексерудің ерекшеліктерін қатаң

түрде ескерткенді жөн көреміз. Бұл жағдайда бірінші кезекте жарақатты дәл

анықтау емес, науқастың жағдайының ауырлық дәрежесін анықтау, өмірлік

маңызды ағзалар қызметінің сақталуына болжам жасау тұрады. Сондықтан,

диагностикаға бір жағынан синдромдық тұрғыдан келсек те, екінші

жағынан диагностика жүрек-қантамыр, тыныс жүйесінің қызметін

қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл көмекпен қатар жүріп отырады.

Ауыр травма кезінде зардап шегушінің жағдайын бағалау үшін ең

алдымен мыналарды анықтап алу керек:

1. Науқаспен тілдесу (контакт) мүмкіндігі – сұраққа жауап, қарапайым

қозғалыстарды орындау (көзді ашу, жұму, аяқ-қолын көтеру, аузын ашу,

басын бұру), ұйқы басу, тежелу сияқты белгілерді анықтау.

2. Тыныс жолдарының өткізгіштігі: тілдің түсіп кетуі, қанның,

құсықтың тыныс жолдарына құйылуы (аспирация).

3. Тыныс алудың жағдайы: тыныстың бар-жоғы, оның жиілігі,

тереңдігі, ырғағы.

4. Жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайы: тамыр соғу жиілігі, ырғағы,

кернеуі мен толықтығы, артериялық қан қысымының деңгейі.

5. Көз белгілерінің бар-жоғын анықтау: көз алмасының белсенді

қозғалысы, көз алмасының өздігінен қозғалысы («қалқыма жанар»), мүйіз

қабық рефлекстерінің бар-жоғы, қарашықтың ұлғаюы, анизокория

(қарашықтардың әртүрлі болуы), қарашықтың жарыққа реакциясының

болмауы.

6. Құлақтан, мұрыннан қанның, қан тәрізді сұйықтың бөлінуі.

7. Бұлшық ет тонусы: екі жағынан да бұлшық ет тонусын салыстыру

арқылы гипотония немесе немесе бұлшық ет гипертониясын анықтайды.

Орталық жүйке жүйесі, тыныс, жүрек-қан тамыр жүйелері бір-бірімен

тығыз байланысты болғандықтан олардың жағдайын кешенді түрде бағалап,

табылған бұзылыстарды бір мезетте жою қажет.


жүктеу 436,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау