біртекті травма деп аталады.
Егер травмалық агент бірнеше болса, мысалы, механикалық травма
күйікпен қабаттасқан жағдайда, травма құрама (комбинированная)
травма деп аталады. Әртүрлі жүйелердің бірмезетте зақымдануы орын
алған жағдайда, қабаттасқан травма деп атайды.
Травмалық агенттің тиген жеріндегі жарақаттар тікелей травмалар
деп, ал травмалық агенттің тиген жерінен қашықтағы жарақаттар тікелей
емес деп аталады.
Сонымен қатар, травмалар жекелеген травма және көптеген травмалар
болып та бөлінеді.
Әдетте, травмалар жедел түрде болады, кей жағдайда кәсіби
зияндылықтар салдарынан болатын созылмалы травмалар кездеседі.
Қазіргі кезде травматизм онкологиялық дерттермен бірге өлім
себептерінің жалпы құрылымының ішінде 2-3 орынды бөлісіп отыр. Соңғы
уақытта травматизмнің таза 2-ші орынға шығуы да ықтимал деген болжам
бар.
Травматизм еңбекке жарамсыздық себептерінің ішінде үшінші орында
тұр.
Ер адамдар арасында травматизм әйелдерге қарағанда 2 есе жиі
кездеседі, ал 40 жасқа дейінгі ер адамдар арасында жалпы аурушаңдық
құрылымында 1 орын алады.
Ертеректе травматология әртүрлі жарақаттардың диагностикасының,
емдеу әдістерінің барлық проблемаларын қамтитын ауқымды пән болатын.
Қазіргі кезде травматологияның құрамынан бірқатар салалар бөлініп
шығып, травматология пәнінің ауқымы едәуір тарылды.
Термиялық факторлардың, электр тогының, радиацияның және
химиялық заттардың әсер ету салдары күйікке (немесе үсік) әкеп
соқтырады. Осы кезде организмде дамитын патологиялық өзгерістердің
өзіндік ерекшелігі сондай, науқастардың бұл контингентіне көмек
көрсететін медицина қызметкерлері мен стационарларды арнайы
дайындауды талап етеді. Осыған байланысты күйік пен үсікті емдеу ісі
травматологиядан бөлінді және комбустиология деп аталады.
Химиялық, радиациялық факторлардан зардап шеккен науқастарды
емдеу ісі реаниматолог, радиолог, токсиколог сияқты мамандармен бірге
жүргізіледі.
Қазіргі кездегі жарақаттар мен зардап шеккендердге көмек көрсетудің
жоғарыда келтірілген ерекшеліктерін ескерсек, травматология пәні сүйек
пен жұмсақ тіндердің, яғни тірек-қимыл жүйесінің механикалық жарақатын
анықтау және емдеумен ғана айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |