Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Мұғалім:   –   Сәрсен,   Ахмет,   Хамит,   Асан   –   бәрі   біздің   кластың оқушылары. Бұл сөйлемге қандай тыныс белгі қойылады? Оқушы



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет101/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

Мұғалім:
  –   Сәрсен,   Ахмет,   Хамит,   Асан   –   бәрі   біздің   кластың
оқушылары. Бұл сөйлемге қандай тыныс белгі қойылады?
Оқушы:
  «Бәрі»   деген   жалпылауыш   сөздің   алдынан   сызықша
қойылады.   «Сарсен,   Ахмет,   Хамит,   Асан»   деген   бірыңғай   мүшелердің
арасына үтір қойылады. 
Мұғалім:  
–  Асан   –  үздік   оқушы.  Бұл  сөйлемге қандай   тыныс  белгі
қойылады?
Оқушы:
  –   «Асан»   деген   сезден   кейін   сызықша   қойылады.   Өйткені
«Асан»  бастауыш, «оқушы» баяндауыш. Екеуі де атау тұлғада тұр. 
Мұғалім
: – Үтір мен сызықша қандай жерге қойылатын еді?
Оқушы:  
– Төл  сөзден  кейін  келген   автор  сөзінің  алдынан  үтір
 
мен
сызықша қойылады
Өткен тыныс белгілерді оқушылардың есіне бұлай салу жаңа сабақтың
алдында бірнеше оқушылардан жауап алу арқылы ауызша жүргізіледі.    Бұл
-   оқушыларды   сабаққа   қызықтырады   және   өткен   сабақ   пен   жаңа   сабақ
байланысады. 
Енді бұл тыныс белгілердің бәрі бір салалас құрмалас сөйлемнің өзіне ғана
қойылатынына   оқушылардың   көзі   жеткізіледі.   Көрнекі   құралды   пайдалана
отырып, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін еске түсіруден басталады. Ол
үшін   оқушылардан   салалас   құрмалас   сөйлемнің   түрлері,   олардың   қысқаша
анықтамасы   сұралады.   Енді   кестедегі   сөйлемдерді   оқу   арқылы   салаластың
мағыналық түрлеріне талдау жасата отырып, қос нүктенің іліктес салалас пен
салдар   мәнді   сөйлем   бұрын   келген   жалғаулықсыз   себеп-салдар   салаластарға
қойылатыны, ал себеп мәнді  сөйлемі бұрын   келсе немесе себеп-салдар салалас
жалғаулық   арқылы   байланысса,   үтір   қойылатыны   салыстырыла   түсіндіріледі.
Сызықшаның       іліктес салаласқа қойылатыны қос нүкте қойылатын іліктеспен
132


салыстырыла түсіндіріледі. Қос нүкте мен сызықшаның қойылу себебі ашылады.
Қос   нүкте   сөйлемнің   мағынасына   байланысты   қойылса,   сызықша   алдыңғы
сөйлемнің баяндауышына байланысты қойылады. Мұндай салыстыра түсіндіру
сөйлемнің мағынасы мен жасалу жолына оқушылардың саналы түсініп, соған
байланысты қойылатын тыныс белгілерді өз бетінше қоя білуін қамтамасыз етеді. 
Сондай-ақ үтір мен сызықша жалғаулықсыз қарсылықты салаластарға
қойылатыны түсіндіріледі. Мысалы:  
Кестені пайдалана отырып, сөйлем оқытылады. Оқушыларға сұраулар
беріліп, жауаптар алынады. 
— Екі жай сөйлемнің арасында қандай тыныс белгі тұр?


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау