ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82


 
Ал  бұл  болса,    ұлттық  музыка  арқылы  студенттерді  жоғары  мектепте 
интеллектуалды  дамытудың  біртұтас  теориясын  құрастырудың  өзектілігіне 
назар  аударуды  талап  етеді.  Сондай-ақ,  бұл  өз  кезегінде  жоғары  оқу 
орындарында  студенттерді  мақсатты  бағытталған  және  әдістемелік  тұрғыда 
интеллектуалды дамыту міндетін шешуге мүмкіндік береді. 
Алайда,  жоғары  оқу  орындары  жағдайында  қазақ  ұлттық  музыкасының 
ауқымды  тағылымдық  әлеуеті  көп  жағдайда  студенттердің  интеллектуалды 
дамуында  жеткіліксіз бағалануынан  жүзеге асырылмай қалады. Бұған біршама 
дәрежеде 
ойын-сауық 
индустриясының 
бұқаралық 
 
коммуникация 
құралдарында  жедел  дамуы  ықпал  етеді,  онда  халық  музыкасы  көп  жағдайда 
жарнамалық  және  ойын-сауық  бағытының  түрінде  ұсынылады.  Бұл  жағдайда 
интеллектуалды 
дамуға, 
яғни 
адамның 
халықтың 
музыкалық 
шығармашылығын  игеру  арқылы  шынайы  көркемдік  құндылықтарға  қарай 
дамуына мән берілмейді.  
Мұның  бәрі  халық  музыкасы  арқылы  студенттердің  интеллектуалды 
дамуын зерттеудің маңыздылығын өзекті етеді. 
Жастарды  интеллектуалды  дамыту  мәселесі,  отандық  және  шетелдік 
ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. 
Адамның  интеллектісін  дамытудың  және  оларды  қоғамда  басқарудың 
өзара  тәуелділігінің  жалпы-әдіснамалық  және  әлеуметтік-философиялық 
аспектілері Н.А.Бердяев, В.И.Вернадский, Н.Винер, Э.Ю.Дюркгейм, А.Печчеи, 
П.А.Сорокин,  Тейяра  де  Шарден,  А.  Дж.Тойнби,  К.Ясперс  және  т.б.  көрнекті 
ресейлік және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде қарастырылды. 
Адам  интеллектісін  зерттеудегі  негізгі  тұғырларды  жан-жақты  талдау 
Б.Г.Ананьев, Р.А.Зобов, В.В.Мещеряков, И.В.Мещерякова, В.И.Несмелов және 
т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  Аталған  еңбектерде  адамтану 
саласындағы  марксистік  парадигма  негізінде  «ақылды  адам»  оның 
биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және рухани сапаларының бірлігінде 
қарастырылады.  Мұнда  интеллект  «ақылды  адамды»  өмір  сүру  әрекетінің 
қоғамдық  аясына  енгізудің  жетекші  детерминанты  және  біріктірілген 
сапасының бірі тұрғысынан ажыратылып көрсетіледі. 
Көрнекті  психологтар  Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  Я.А.Пономарёв, 
Б.М.Теплов адамның психикасы мен оның ойлау іс-әрекетінің, оны дамытудың  
механизмдері  туралы  мәселелер  бойынша  жетекші  зерттеушілер  болып 
табылады,  олардың  еңбектерінің  осы  зерттеу    үшін  шешуші  мәні  бар. 
В.А.Апрелева, С.Н.Беляева-Экземплярская, А.В.Вицинский, В.В.Медушевский, 
Е.В.Назайкинский  сияқты  қазіргі  ғалым-музыкатанушылар  жүргізген  музыка 
психологиясы  саласындағы  зерттеулер,  адамның  қабілетінің  табиғаты 
теориясын, оның музыкалық ойлауын біршама байытты.  
Студенттердің  интеллектісі  және  олардың  интеллектуалды  дамуы 
мәселелері  А.Анастази,  Г.Ю.Айзенк,  Д.Б.Богоявленская,  В.Н.Дружинин, 
А.Н.Леонтьев,  Б.Ф.Кулагин.  С.Л.Рубинштейн,  М.А.Холодная,  М.А.Fancher 
R.E.,  Guillford  J.P.,  Spearman  C.  т.б.  еңбектерінде  қарастырылды.  Оларда 



 
адамның когнитивті қабілеттері мен интеллектуалды мүмкіндіктерін зерттеудің 
алуан түрлі әдістемелері негізделген. 
Оқу  үдерісіндегі  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы  саласындағы  біршама 
көп  зерттеулер,  бастауыш  және  орта  мектептің  материалдарына  бағдарланған, 
олар  өз  кезегінде  дамыта  оқыту  тұжырымдамасының  негізіне  алынды 
(В.В.Давыдов,  Л.В.Занков,  З.И.Калмыкова,  Д.Б.Эльконин  және  т.б.),  оқудың 
саналылығы  туралы  психологиялық-педагогикалық  теорияларға  негіз  болды 
(Б.Г.Ананьев);  ойлау  сапаларын  сатылы  дамыту  (П.Я.Гальперин),    оқытудың 
ақыл-ой дамуының формасы ретіндегі әлеуметтік-когнитивті теориясы, аталған 
теорияны  америкалық  педагог-конструктивистер  дамыта  оқыту  идеясын  әрі 
қарай құрастыру үшін негізге алған болатын (Л.С.Выготский).   
Жоғары мектептегі дамыту оқытудың жекелеген бағыттарын құрастыруда 
ғалымдардың талдау пәні тұрғысынан сыни ойлауды қалыптастыру  шарттары 
(С.И.Заир-Бек,  А.В.Коржуев,  Ю.Н.Кулюткин  және  т.б.),  рефлексивті  іс-әрекет 
біліктерін дамыту (Н.Г.Алексеев, А.З.Зак,  И.Н.Степанов және т.б.), метатаным 
рефлексияны оқыту тәсілі (А.В.Карпов, Э.Г.Гельфман және т.б.) алынған.   
Ғалымдар  ерте  кемелдік  жасқа  тән  дамудың  жоғары  көрсеткіштерінің 
сақталуына  ақыл-ой  іс-әрекетінің,  әрі  қарай  білім  алуға  бағдаранудың,  кәсіпті 
меңгеруге  деген  ұмтылыстың  (Е.И.Степанова)  ықпал  ететінін  анықтады; 
студенттік жастағы интеллектуалды даму оның орталық бағытын құрайды және 
студенттің негізгі іс-әрекеті ретіндегі оқытумен байланысты, оқыту өз кезегінде  
саналы  ұғынушылық,  ырықтылық,  белсенділік  тұғырларында  аталған  жас 
кезеңіндегі  адамның  интеллектуалды  ұйымдастыруына  бірқатар  талаптарды 
ұсынады (Ананьев Б.Г., Грановская Л.Н.,  Степанова Е.И.). 
«Интеллект»,  «интеллектуалды  даму»  ұғымдарын  зерттеуге  алыс  шет 
елдердегі ғалымдар (X.Айзенк, Д.Векслер, Р.Гарднер, Дж.Гилфорд, Ч.Спирмен, 
Р.Стернберг,  Ж.Пиаже  және  т.б.)  және  жақын  шет  елдердегі  ғалымдар    да 
ерекше үлес қосты.  
Интеллектуалды 
бастаманы 
Д.Б.Богоявленская, 
интеллектуалды 
рефлексияны  И.Н.Семенов  және  С.Ю.Степанов,  интеллектуалды  белсенділікті 
немесе  ізденістік  доминантын  Я.А.Пономарев,  интеллектуалды  шешімдерді 
қабылдауды  Т.В.Корнилова,  интеллектуалды  вариативтілік  пен  тұрақтылықты 
Н.С.Ефимова,  зерттеушілік  бастаманы    А.Н.Поддъяков,  интеллектуалды 
икемділікті Л.М.Митина зерттеді. 
Ұлттық  музыка  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуын  зерттеуде  аса 
күрделі  міндет  тұрғысынан  оның  тұлғаның  жалпы  тұжырымдамасымен 
жеткілікті  айқын  байланысының  болмауынан    тұлға  туралы  жекеленген 
идеяларға  сүйендік.  Мәселен,  белсенді  субъект  және  белсенді  орта  (білім 
беруші) 
арасындағы 
өзара 
байланысты 
негіздейтін 
тұжырымдама 
(К.А.Абульханова, A.Г.Асмолов, И.В.Дубровина, М.С.Каган, В.И.Слободчиков 
Д.И.Фельдштейн  және  т.б.);    интеллектуалды  дамудағы  құрамдас  бөліктердің 
өзара  байланысы  (Э.Торндайк,  М.Аргайл,  Г.Олпорт,  Г.Гарднер,  және  т.б.) 
теориялары негізге алынды. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау