ҚАУІПТІ ӨРТ ФАКТЛОРЛАРЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Осы Қосымшада жанғыш газ, тезтұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар бар өндірістік объектілерде әртүрлі өрт сценарийлері кезінде іске асатын қауіпті өрт факторларын бағалаудың қазіргі заманғы отандық және шетелдік теориялық, эксперименталдық деректерге, нормативтік құжаттар мен басшылыққа алынатын құжаттарға негізделген әдістері берілген.
Егер өртқауіпті жағдайлардың және өрттердің сценарийлерін талдау кезінде олар үшін осы құжатта немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі басқа нормативтік құжаттарда қауіпті факторларды бағалау әдістері баяндалмаған сценарийлерді ескеру қажеттілігі туындаған немесе жекелеген жағдайларда төменде баяндалғаннан өзге әдістерді қолдану қажеттілігі туындаған жағдайда, қолданылу қажеттілігі тиісті түрде негізделген өзге де әдістемелерді пайдалануға болады.
3.1. Сұйықтықтар мен газдардың жылыстауы 3.1.1. Сұйықтықтың жылыстауы
Үйілген сұйыққойма қарастырылады (сур. 3.1).
жол берілген мыналар енгізіледі:
тесік арқылы бірфазалық жылыстау;
сұйыққойманың биіктігі бойынша тұрақты қима алаңы бар;
сұйыққойманың диаметрі тесіктің диаметрінен әлдеқайда кең;
тесіктік көлемі қабырға қалыңдығынан әлдеқайда артық;
сұйыққойма ішіндегі сұйықтықтың беті жазық;
сұйықтықтың температурасы жылыстап ағу кезіне тұрақты болып қалады.
Сұйықтықтың t (c) уақыт ішінде тесік арқылы массалық шығыны G (кг/с) мына арақатынаспен сипатталады:
, (3.1)
мұндағы G0 – уақыттың бастапқы сәтіндегі массалық шығын, кг/с, мына өрнекпен берілген:
, (3.2)
мұндағы - сұйықтықтың тығыздығы, кг/м3; g – еркін құлаудың жылдамдауы (9,81 м/с2); - жылыстау коэффициенті; Аhol – тесіктің алаңы, м2; hhol – тесіктің орналасу биіктігі, м; АR – сұйыққойма қимасының алаңы, м2; h0 – сұйыққоймадағы сұйықтық діңгегінің бастапқы биіктігі, м.
Сур. 3.1. Сұйықққоймағы тесіктен сұйықтықтың ағуын есептеуге арналған схема
Сұйыққоймадағы сұйықтық діңгегі биіктігінің h (м) t уақытына тәуелділігі мына формуламен сипатталады:
. (3.3)
Сұйықтық ағысының үйіндіден асып төгілуінің шарты (мына кезде h0 > hhol) былайша жақындатылып жазылуы мүмкін:
Достарыңызбен бөлісу: |