1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар беріледі.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына
келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және
жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына
беріледі.
2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы;
2) ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.
3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім
алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді
белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты
демалыстар беріледі.
Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының
ұзақтығы
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін
, еңбек
басқа нормативтік құқықтық актілерде
шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде
,
көп күн саны көзделмесе
қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек
демалысы беріледі.
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары
1. Мыналарға:
1)
, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
ауыр жұмыстарда
жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы
ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі;
2) бірінші және екінші топтардағы
ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн
мүгедектерге
болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.
2. Қызметкерлердің өзге санаттарына
беру және оның ең төменгі
жыл сайынғы қосымша демалыс
ұзақтығы Қазақстан Республикасының
.
заңдарында белгіленуі мүмкін
3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі,
жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында
жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.
103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын
есептеу
1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен
кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай,
күнтізбелік күндермен есептеледі.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы қосымша
еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек
демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.
104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық
беретін жұмыс стажын есептеу
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық
немесе ішінара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және босануына орай
демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт қосылады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
тәртібі
1. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру
ерекшеліктері осы Кодекстің 213-бабында белгіленеді.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім
бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала
отырып, осы Кодекстің 108 және 109-баптарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен
ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі.
5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтізбелік үш күннен
кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда - ол берілген күннен бастап
күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезеңін айқындау
Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды.
107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезектілігі
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі жұмыс беруші
қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде белгіленеді не тараптардың
келісімімен белгіленеді.
2. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда жұмыс беруші
бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың
жағдайлары мен тәртібі
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:
қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға байланысты демалыста
болған;
егер бұл үшін
жұмыстан босату
, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
заңда
көзделсе
уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бір бөлігі ауыстырылады
.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша келісімімен
немесе оның өтінуі бойынша ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі
бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта
бөлек берілуі мүмкін.
3. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып
алу
1. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша келісімімен
ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып
табылмайды.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлігі
еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез
Достарыңызбен бөлісу: |