Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
295
келесі жұмыстарды жүргізе білуі керек:
- нәтижеге жету үшін оқу мақсаттарын тұжырымдай білу;
- оқыту процесінде оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру;
- оқу материалдарын оқу мақсаттарына сәйкестендіріп
дайындау;
- оқыту процесіне ақпараттық
орта әлеуетін пайдалану;
- білім алушылардың тұлғалық-белсенділік бағытта ілгері дамуына
жағдай жасау;
- психологиялық жайлылық және қолдау атмосферасын қалыптастыру;
- білім алушыларды өз білімін жетілдіруге, өз қабілетін ашуға және өз
мүмкіндіктерін пайдалануға дайындау;
- қойылған мақсатқа жетуге бағытталған аралық нәтижені бағалау.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
296
7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориясы мен практикасы аясында
білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік ұсыныстарында
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс істеу
ерекшеліктері мен бағыттары, принциптері мен мәнінің жалпы көрінісі
баяндалған.
Әдістемелік ұсыныстар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық
орталығының
оқу-әдістемелік кеңесінің
отырысында
қаралды және
мақұлданды.
Қоғам өмірінің барлық салаларындағы жаһандық өзгерістер, ақыл-ой
қабілеттері жоғары балаларды тиімді оқытуды ұйымдастыру мәселесін білім
беру жүйесінің алдына қоя отырып, жаңа заман талабына жауап бере алатын,
шығармашыл, дарынды адамдардың қажеттілігін күшейтіп отыр. Қазіргі
мамандандырылған мектептер балалардың әлеуетін барынша ашу үшін оларға
жағдай туғызу, білім берудің барлық сатыларында балалардың табиғи дарынын
анықтау және дамытуды көздейді. Оқушылардың әлеуетін ашу үшін жағдай
жасау, шығармашыл тұлға тәрбиелеу және дарындылығын ересек өмірде іске
асыру, білім мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған білім беру
ұйымдарының кезек күттірмес міндетіне айналады.
Дарынды балалармен атқарылатын жұмыс мазмұны әрбір оқу пәндері
аясында анықталады, алайда бұл мазмұнды айқындайтын оқу бағдарламаларын
іріктеудің жалпы талаптары, мектептің ерекшелігіне бағдарламаның сәйкестігі
болып табылады. Жарияланғандар арасында мұндай бағдарлама болмаған
жағдайда қолданыстағы бағдарламаларға түзетулер енгізілуі немесе авторлық
бағдарламалар жасалуы мүмкін. Оқу материалының мазмұны оқушыларды
үздіксіз оқуға
бейімдеуі тиіс, мұндай балалар үшін таным
процесі өзіндік құнды
болуы керек. Ең бастысы, одан әрі өзін-өзі жетілдіру және өздігінен білім алуға
бағыттаушы, өз бетімен жұмыс істеуге талаптандырушы, ойды дамытушы
идеялар мен тәсілдер, әдістер сияқты фактілерге емес біртіндеп оқытуға көшу
керек, оған жету үшін қаншама рухани, интеллектуалдық және физикалық күш-
жігер жұмсалатын мақсатты бірте-бірте көрсету қажет.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы жұмыс формалары мен
әдістері: интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуға қолданылатын, әрине,
шығармашылық сипаттағы әдістер жетекші және негізгі болып табылады –
жеке және топтық жұмыс формасы негізіндегі проблемалық, ізденушілік,
эвристикалық, зерттеушілік, жобалау жұмыстары.
Оқушылардың өз ойын іске асыру мен шығармашылығын таныту үшін
кеңістік беретін және даралап оқыту идеясын іске асыратын технология,
технологялардың ең тиімдісі болып табылады. Бұл проблемалық оқыту
технологиясымен үйлесетін жобалап оқыту технологиясы және «шағын
топтармен жұмыс» оқыту әдістемесі.