Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет11/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
23 
нәтижелері  туралы  ақпарат  ұсыну  үшін  қолдану  ұсынылады.  Бағалаудың 
бұндай  жүйесі  біріншіден  балаларды  табысты  оқуға  ынталандыруға, 
біліміндегі  олқылықтарды  анықтауға  және  олардың  өсуін  көрнекті  түрде 
көрсетуге бағытталған 
Критериалды  бағалау  жүйесінің  үлкен  артықшылығы  білім  алушыға 
түсетін  күйзеліс  жүктемесінің  төмендеуі  болып  табылады.  Бірлескен 
ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену  процесі 
белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді. 
Критериалды  бағалау  білім  алушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын 
дамыту,  оқытудың  ізгілікті,  достық  ортасын  құру,  оқу  процесінде  білім 
алушыларды  қолдау,  білім  алушылардың  оқуға  деген  ынтасын  одан  әрі 
нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін  пайдаланылады. 
Бағалаудың  жаңа  жүйесі    мұғалімнің  ата-аналармен  түсіндіру 
жұмыстарын  жүргізуді  және  ата-аналармен  тығыз  байланыс  орнатуды  талап 
етеді.  
Білім  алушылардың  ата-аналарына  бағалаудың  жаңа  жүйесінің  мақсаты 
мен  негізгі  принциптері  түсіндіріледі,  ата-аналар  үшін  практикалық  тренинг 
немесе шеберлік сыныптары өткізіледі.    
Мұғалім  ата-аналар  жиналысын  критерийлері  алдын-ала  белгілі 
тапсырмалар  тарату,  дескрипторларды  талқылау  және  ата-аналармен  топтық 
немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады.  Сабақта 
ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара 
бағалауға,  нәтижелерді  талқылауға  мүмкіндіктер  беріледі.  Мұндай  жағдайда, 
ата-аналар  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  бойынша  оқу  процесімен 
танысады,  бағалау  механизмдерін  түсінеді,  өз  балаларының  жетістіктерімен 
бөліседі,  жаңартылған  бағдарлама  туралы  практикаға  бағытталған  нақты 
ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен 
қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады.  
Ата-аналарға  бағалаудың  жаңа  жүйесі  білім  алушылар  үшін  қолайлы 
білім ортасын құруға ықпал ететінін түсіндірудің маңызы зор.  
Мұғалім  бағалауды  өткізу  кезінде  тек  мұғалімдерге  ғана  емес,  сонымен 
қатар  ата-аналар  мен  білім  алушыларға  да  көмек  ретінде  әзірленген  кешенді 
әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануы керек: 
 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін 
оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  білім  беру  ұйымдарында  білім 
алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және  қорытынды 
аттестаттау  өткізудің  үлгілік  қағидалары  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, 2017 жылғы 6 
маусым № 265 бұйрығымен өзгеріс енгізілген); 
 «2017-2018  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім 
беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы» 
әдістемелік нұсқау хат; 
 Бастауыш  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау 
бойынша нұсқаулық; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
24 
 Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға 
арналған тапсырмалар жинағы; 
 Сыныптар,  пәндер  және  тілдер  бөлінісінде  жиынтық  бағалауға 
арналған тапсырмалар жинағы; 
 Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
әдістемелік ұсынымдама.    
Әдістемелік  нұсқаулықтар,  жинақтар  мен  басқа  да  материалдар  мектеп 
кітапханаларында бар, олардың nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан  табуға болады. 
Барлық  туындаған  мәселелер  бойынша  өз  басшыларыңызға,  әдіскерлеріңізге, 
критериалды  бағалау  бойынша  үйлестірушілеріңізге  хабарласып  әрқашан 
жауап  алуға,  көрсетілген  сайттардағы  қолданыстағы  айдарларға  сұрақ 
жолдауларыңызға болады. 
Оқытудағы  ілгерілік  туралы  деректер  жинау  үшін  әр  сабақ  барысында 
қалыптастырушы  бағалау  жүзеге  асырылады.  Оны  ағымдағы  немесе 
қалыптастырушы бағалау деп те атауға болады. 
Қалыптастырушы  бағалау  оқу  процесінде  білім  алушылардың  білімді 
меңгеруі мен дағдылары қалыптасуы деңгейін анықтау үшін қызмет атқарады, 
білім  беру  процесін  түзетуге  мүмкіндік  береді,  мұғаліммен  кері  байланысты 
жүзеге  асыру  үшін  жүргізіледі.  Кері  байланыстың  формаларын,  түрлерін 
мұғалім  өзінің  жинақтаған  тәжірибесін  пайдаланып  өз  қалауы  бойынша 
таңдайды.  Осыған  байланысты,  кері  байланыс  ұсынуда  тиімді  және  дұрыс 
түрлеріне көңіл аударған жөн. 
Қалыптастырушы  бағалауды  өткізер  алдында  білім  алушыларды  оқыту 
мақсаттары  және  бағалау  критерийлерімен  таныстыру  маңызды.  Тапсырманы 
орындау  кезінде  неге  назар  аудару  қажет  екенін  білім  алушыларға  түсінікті 
болу үшін бағалау критерийлерінің мағынасын түсіндіру қажет. 
Оқыту  процесінде  білім  алушының  қойылған  оқыту  мақсаттарын 
түсінгендігін  растау  ретінде  басқа  да  оқу  міндеттері  қойылып  және  тиімді  
сыныптық  пікірталас  қалыптасқаны  маңызды.  Мұғалімнің  тұрақты  түрде  кері 
байланыс  жасауы  білім  алушыларды  алға  қарай  жылжуға,  жақсы  нәтижеге 
жетуге ынталандыратын болады. 
Ойлау  дағдыларын  деңгейін  дәл  бағалай  білу  критериалды  бағалаудың 
маңызды  аспектісі  болып  табылады.  Кестеде  оқу  бағдарламасына  енгізілген 
ойлау дағдыларының деңгейлері және қалыптастырушы және жиынтық бағалау 
барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі берілген. 
 
2-кесте – Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері 
 
Дағдылар 
Сипаттамасы 
Білім 
Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын 
білу және көрсету 
Түсіну 
Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы 
ұғынуды көрсету 
Қолдану 
Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе 
таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау